Мен үшін дұға жасауларыңызды сұраймын
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (4-0, 2 КО) Орталық коммуникациялар қызметіндегі (ОКҚ) онлайн баспасөз мәслихаты кезінде Монакодағы жекпе-жегінде өзіне жанкүйер болуға шақырды, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтының дерегін негізге алып.
Қазақстанда жекпе-жектің тікелей трансляциясы қарашаның 24-нен 25-не қараған түні көрсетіледі.
«Маған жанкүйер болған барлық отандастарыма алғыс білдірігім келеді. Жекпе-жегімді таң демей, түн демей көріп, теледидардың алдында жекпе-жекті тағатсыздана күтіп, маған қолдау білдіретін жанкүйерлеріме ризашылығымды білдіремін. Маған жанкүйер болыңыздар! Мен үшін дұға жасауларыңызды сұраймын. Рақмет, сенімдеріңізді ақтауға тырысамын», — дейді Елеусінов.
Елеусінов — Мохика жекпе-жегі қарашаның 24-нен 25-не қараған түні «Казино де Монте-Карлодағы» бокс кешінде болады. Бұл кештің басты жекпе-жегінде алғашқы ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО) америкалық Майк Уилсонмен (19-0, 8 КО) жұдырықтасады.