«Нива» комбайнының бастырғыш аппараты — Әр түрлі — Bilim
«Нива» комбайнының бастырғыш аппараты
№9 Меркі колледжі
Өндірістік оқыту шебері
Избасаров Дихан Токташбаевич
Пәннің атауы: АШМ
Арнайы пән мұғалімі: Избасаров Д.Т.
Сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы: «Нива» комбайнының бастырғыш аппараты
Сабақтың мақсаты. СК-5 комбайнның толық механизімдерімен таныстырып, жұмыс процестерімен таныстыру, комбайнның механизмдері жөнінде теориялық білімдерін арттыру.
Оқу-тәрбие істерінің міндеттері:
1. Білімділік: Студенттерге тың мәліметтер беріп, білімдерін қалыптастыру.
2. Тәрбиелік: Еңбекке баулу, мамандыққа бағдарлау .
3 .Дамытушылық: Танымдық қызығушылықты дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пән аралық байланыс: Трактор құрылғысы, агрономия, АШМ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: түсіндірмелі, сұрақ — жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
• Сәлемдесу.
• Түгелдеу.
• Сабаққа қатысуын және студенттердің көңіл күйлеріне назар аудару.
• Оқу құралдарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Қайталау:
1. Жатка механизімдері?
2. Қалбағайдың жұмыс процесі?
3. Жатка корпусы мен көлбеу корпусы?
4. Жаткадағы беріліс мкханизімдері?
ІІІ. Жан–жақты білімдерін тексеру
1. АШМ-нің агрегатталуына байланысты бөлінуі?
2. Соқаның атқаратын қызметі?
3. Түрен дегеніміз не?
4. Сыдыра жыртқыштарға қойылатын агротехникалық талаптар?
5. Дәнді дақылдарды себудің тәсілдері?
ІҮ. Жаңа білімді қалыптастыру:
СК-4 және СК-4А комбайндарының қабылдау камерасы панельден, қақпақтан 18 және бір-бірімен топсалы байланысқан екі қалқаннан
10, 11 тұрады (56-сурет). Алдыңғы қалқан 11 көлбеу корпусқа серіппемен
12 сығылады, соның нәтижесінде ол нығыздалып тұрады. Артқы қалқан
10 маңдайшаға 9 тіреледі де деканы реттеген кезде бұлар бірге көтеріліп, бірге түседі. Білеуге 14 резиналанған белдіктен қалқан бекітілген, бұл қабылдау камерасы мен көлбеу корпустың түйіскен жерін нығыздап тұрады. Кайтарғыштың 17 міндеті — жоғарғы масақ шнегі 27 бөлген астық массасын қайта бастыру. Барабан «Нива» және «Колас» комбайндарынікі сияқты
орналасқан (оның диаметрі СК-4 және СК-4А комбайндарынан 550 мм қысқа).
56-сурет.
СК-4 комбайнының бастыру құрылғысы:
1 — клавиша; 2 — шыбықты тор; 3 — бағыттауыш қалқан; 4 — дека; 5—барабан; 6 — транспорттық тақтай; 7 — нырыздау қалқаны; 8 — алдыңғы фартук; 9 — маңдайша; 10 және 11 — қалқандар; 12 — серіппе; 13 — жатканың көлбеу корпусы аспасының кронштейні; 14 — нығыздауыш қалқаны бар білеу; 15 — қабылдауыш битер; 16 — сабақ ысырғыш; 17 — қайтарғыш; 18 — қақпақ; 19 — алмалы-салмалы торды 22 бекітетін болт; 20 — соққылауыш битер; 21 — жоғарғы масақ шнегі.
57-сурет.
СК-4 комбайнының декасы мен шкиві: 1 — бағыттауыш қалқан; 2 — деканы білікшеге 24 асуға арналған жақтаудағы 3 тесік-4 — шыбық; 5 —көлденең планка; 6 — негізгі планка; 7 — маңдайша; 8 —тартпа 9 және 19 — эксцентриктер 10 және 21 — эксцентриктер рычагы; 11, 14 және 18 — реттеуіш винттер; 12,13,20 және 22 — аспалар; және 17 — рычагтар; 16 — сектор; 23 — реттелетін тартпа 25 —тарту болты; 26 — қамыт; 27 және 28 — шпонкалар; 29 — кергіш- болт- 30 және 31 — дискілер.
Барабан білігіне жылжымайтын 31 және жылжымалы 30 екі дискіден құрастырылған шкив орнатылған (57-сурет). Жылжымайтын дискі 31 білікке шпонкамен 27 және гайкамен бекітілген. Жылжымалы дискі 30 жылжымайтын дискінің втулкасына шпонкамен 28 және қамытпен
26 бекітіледі. Шкив дискілерінің бір-біріне орналасу қалпын өзгертуге болады. Ол үшін қамыттың 26 екі бекіткіш болтын босатып, қысушы 29 және тартушы 25 болттарды қажетті жағына бұрады. Алдыңғы қарсы жетек білігіне конструкциясы осындай, бірақ мөлшері үлкендеу шкив орнатылған. Екі шкив те белдікпен байланысқан. Әрбір шкивтегі дискілердін, аралық шамасын өзгерту арқылы белдік астындағы шкивтін, жүмысшы диаметрін кішірейтеді немесе үлкейтеді. Мұның өзі барабанның айналу жиілігіне әсер етеді. Бір шкивтің дискілерінің ара қашықтығын кішірейту және сонымен бір мезетте екінші шкивтің дискі аралықтарын 3 мм кеңіту барабанның айналу жиілігін 50 айналыс/минутке өзгертеді. Егер диаметрі шағын шкив барабан білігіне, ал диаметрі үлкені-қарсы жетек білігіне орнатылса, онда барабанның. айналу жиілігін 800-ден 1335 айналыс/минутке дейін өзгертуге болады. Айналу жиілігін 400—750 айналыс/минутке жеткізу үшін шкивтердің орнын ауыстыру қажет. Шкивтердің заводтық қондырылуы 1100— 1150 айналыс/минут.
Дека екі жақтаудан 3, үш негізгі планкадан 6, доғадан және көлденең планкадан 5 пісіріліп орнатылады. Көлденең планканың тесігі арқылы диаметрі 6,5 мм (олардың аралығы 7,4 мм) шыбық өткізілген. Мандайша
7 астық массасынын, бастыру құрылғысына біркелкі келуін қамтамасыз етеді. Тесігі бар қалқаннан 1 дән еленіп, шыбықты елеуішпен 2 бірге бастырылған массаны бастыру аппаратынан жайлап шығарады (56-сурет).
Деканың реттеу механизмі былайша орналасқан. Дека жақтауының тесігі 2 арқылы екі білікше өткізілген — алдыңғы және артқы, оларға шпонкамен және тоқтатқышпен төрт эксцентрик білікшенің әр жағына бір-бірден бекітілген. Бұл эксцентриктер 9, 19 аспалардың 12, 13, 20 және
22 сопақша тесігінде еркін орналасқан, ал аспаның өзі молотилка панеліне бекітіліп, оны едәуір шамада жоғары-төмен қозғалтатындай етілген, Аспаның қажетті орналасу қалпын (сонымен қоса білікшемен 24 ұстатылған деканы да) реттеуіш винтпен 11, 14, 18 бекітуге болады. Жоғарыда сипатталған механизм деканың қондырма реттеуін қамтамасыз етеді: соның көмегімен деканы онын. планкасы (кіре берісінде және шыға берісінде) мен барабан шыбыртқысының арасында қажетті санылау болатындай етіп ұстатуға болады.
Деканы реттеуді мынадай кезекпен атқарады. Көру люгін екі жағынан да ашады. Тартпаны 23 рычагтан 17 немесе рычагтан 21 ажыратады. Рычагты 10 тігінен төмен қояды. Аспалар 12, 13, 20 және 22 саңылауы арқылы өткізілген болттарды шығарып алып, соңғысын панелге бекітеді. Реттеуіш винттердің 11, 14, 18 гайкаларын босатады. Реттеуіш винттің көмегімен деканы мынадай са-ңылауда орнатады (бидай, қара бидай, арпа т. б. жинағанда); кіре берісінде 18+-1 мм, ал шыға беріеінде 6+-1 мм. Рычагты 15 сек-тордың 16 бесінші тесігіне (жоғарыдан санағанда) қояды. Рычагтың 10 оң жағына тік орналарқандығын тексереді. Тартпаның 23 бос жақ ұшын рычагқа 17 немесе 21 жалғайды. Көру люгі арқылы дұрыс қондырылғанын тексереді. Ол үшін рычагты 15 сектордың бірінші тесігіне қояды. Мұндайда рычагтын, тұрған қалпы мынадай саңылауда болуы тиіс: кіре берісінде
14+-1 мм, шыға берісінде 2+-1 мм. Барабанды қолмен айналдырып, алынған нәтижесін екі жағынан да, әсіресе шыға берісінен тексереді.Астық жинау кезінде осылайша реттегенде рычагтағы 15 са-ңылауды былайша өзгертуге болады: кіре берісінде 14-тен 24 мм дейін, шыға берісінде 2-ден 12 ,мм дейін.
58-сурет.
СК-4А комбайнының декасын реттеу механизмі:
1 — реттелетін тартпа; 2 — аспа винті; 3 — рычаг; 4 және 8 — аспалар; 5 — негізгі дека; 6-тартпа; 7 — эксцентрик; 9 — дека тіреуіші; 10 — кронщтей; 11 — саусақты тор.
V. Жаңа білімді бекіту:
1. Бастыру механизімдері?
2. Барабан айналысын реттеу?
3. Дека корпусы?
4. Деканы реттеу?
VІ. Қортынды: Білімгерлерге өтілген сабақ бойынша білімдерін бақылау, түсінбеген сұрақтары бойынша пысықтау, саралау, қайта түсіндіру арқылы өтілген сабақ бойынша алған білімдеріне қорытынды жасау.
VІІ. Бағалау: Жаңа білімді бекіту арқылы және қортындылау нәтижесі бойынша алған білімдерін бағалау және хабарлау.
VIІI. Үйге тапсырма: «Нива» комбайнының бастырғыш аппараты.