Қазақша слайд презентация — Word мәтіндік редакторына графикалық объектілер көмегімен саяхат жасау

0

Word мәтіндік редакторына графикалық объектілер көмегімен саяхат жасау

“Word мәтіндік редакторына графикалық объектілер көмегімен саяхат жасау”

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың информатика және ағылшын тілі пәндерінен алған білімдерін ұштастыра отырып тереңдету, компьютерлік сауаттылықтарын дамыту.

 

Берілген оюды салып әшекейлеңіз және бірнеше көшірмесін жасап өрнек құрастырыңыз

Берілген оюды салып әшекейлеңіз және бірнеше көшірмесін жасап өрнек құрастырыңыз

Сынақ аялдамасы

Сынақ аялдамасынан өту үшін әр оқушы өз компьютерінің жұмыс столындағы ТЕСТ  файлын ашып тест сұрақтарына жауап береді

Тілдер аялдамасы

Бұл аялдамадан өту үшін берілген жұмбақтың нақты жауабын тауып, оны үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) айтып, Word мәтіндік редакторында жазады. Суреттегі фигураларда жұмбақтар жасырылған, қалағаныңызды таңдаңыз

Мәтін аялдамасы

Paint графикалық редакторында салған оюларыңызды WordPad мәтіндік редакторына көшіріп, оюға сәйкес мәтін құрастырып жазыңдар.

Интернет желісі

Бүгінгі саяхат сабақтарында өздеріңіздің компьютерлік сауаттылықтарыңызды және ұлттық ою-өрнекті қолдану арқылы өз білімдеріңізді көрсеттіңіздер. Болашақта Интернет желісімен жұмыс жасау үшін бұл білімдеріңіз сіздерге өте қажет. Ал енді интернет желісіне қосылып, қажетті мәліметтер алып, электрондық почта арқылы басқа жердегі жолдастарыңызбен хат алысып көріңіздер.

 

Өзі ғажап сайрайды,

айтқаныңды тыңдайды

Процессорға жалғасаң,

ән айтады тайсалмай

 

Өшіргенді жинаған,

уақытша сақтаған

 

Тетігін бассаң алаңсыз,

жазады қалам, қағазсыз

 

Серігі бар қасында, кілемі бар астында

Құлағы бар қалқиған, құйрығы бар

процессорға жалғанған

 

Суретіңді көшіріп,

монитордан көрсеткен

 

Мәліметті сұраған,

экранға шығарған

 

Компьютермен енеді,

қағазға басып береді

 

Ақпаратты сақтап таратқан,

жұртты өзіне қаратқан

Оқушылардың білімін бағалау

Әр оқушы өзінің жұмыс столындағы “мониторинг” файлын ашып кестені толтырып, диаграмма тұрғызады.

Өзінің жалпы ұпай санын мұғалімге хабарлайды.

 

 

Жүктеу