Қазақстандықтар 1 қаңтардан саусақ ізін тапсыруға міндеттеледі
Үкімет 2018 жылдың ақпан айында міндетті дактилоскопияны мақұлдаған. Алайда ел азаматтары үшін бұл жаңалық болып отыр, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.
Саусақ ізін қазақстандықтар жеке куәлігі алған кезде өткізетін болады. Оны өткізуге шетелдіктер мен қылмыскерлер де міндетті. Бұл процесс 12 жастан бастап тек ата-анасы немесе қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге асады. Бас тартқандар 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Қазір бұл шамамен 14 мың теңгені құрайды.
Процедура 2021 жылдың 1 қаңтарынан жүзеге аса бастайды. Ол бірінші кезекте елдегі қылмыс санын азайтуға бағытталып отыр.