Нұр-Сұлтандағы жарылыс: Жансақтау бөліміндегі тағы бір адам қайтыс болды

0

Нұр-Сұлтандағы кафеде болған жарылыстың тағы бір құрбаны жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Бұл туралы KzNews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елорда кафелерінің бірінде газ баллонының жарылуынан қаза болғандар саны екі адам болды. Жансақтау бөлімінде үйінділердің арасынан құтқарылған 24 жастағы жігіт қайтыс болды.

Соңғы екі күнде жас жігіттің жағдайы өте ауыр деп хабарланды. Тағы екі науқас әлі де қарқынды терапияда жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қарашада газ баллонының жарылуы нәтижесінде ас үйдің төбесі құлап, артынша Шұбар шағынауданындағы үйде өрт шыққан.

30-дан астам адам жарақат алды, 1 адам қайтыс болды. Үш зардап шегуші жансақтау бөліміне жеткізілді. Жараланған 23 адам әлі ауруханаларда жатыр.

Кейіннен жәбірленушінің жеке басы анықталды. Кафеде ыдыс жуғыш болып жұмыс істеген 1968 жылы туған әйел қайтыс болды.

Әкімдік марқұмның туыстарына миллион теңге төленетінін және мәйітті Қызылордаға жеткізуге көмектесетінін айтты.