«Бөлмеде бейтаныс әйел жүрді»: Үйіне келген түркістандық ұрының үстінен түскен
Түркістандық азамат ұрлық жасап жатқан сәтте ұсталған. Бұл туралы polisia.kz жазды.
Үй иесі Қазығұрт полициясына хабарласқан. Түс кезінде үйіне оралғанда бөлмеден бейтаныс әйелді байқайды.
Үй иесінің айтуынша, ұры мұны көргеннен кейін, терезеден қашуға тырысқан. Бірақ, ол әрекеті сәтсіз болып, ұсталып қалған.
«Анықталғандай, күдікті бұрын сотталған жергілікті тұрғын болған. Үйде адамдардың жоқтығын пайдаланып, ол үйдің жанындағы шлакрблоктарға жасырған есіктің кілтін тауып, содан кейін жәбірленушінің үйіне заңсыз кірген», — деп хабарлады полицияда.
Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
«Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және өз баспанасы мен жеке мүлкін қараусыз қалдырмау қажет екенін ескертеді. Мүмкіндігінше үйлерде бейнебақылау камералары мен күзет дабылы орнатылуы керек, сонымен қатар терезелерге темір торлар қойылып, кіреберіс есіктер сенімді құлыптармен бекітілуі керек», — деп толықтырды полицейлер.