Басым бөлігінде қар жауады: 18 қарашаға арналған ауа райы

0

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ауа ағыны әсерінен қар жауады. Елдің оңтүстік-батысы мен батысында жауын жаумайды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Түркістан облысында тұман түсуі әбден мүмкін. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Түнде және таңертең Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.