БЖБ және ТЖБ қорытындылары «Күнделік» жүйесінде автоматты түрде қойылады
Білім және ғылым министрлігінде оқушыларды бағалаудың жаңа түрі туралы айтылды. БЖБ және ТЖБ қорытындылары бойынша бағалар «Күнделік» жүйесінде автоматты түрде қойылып отырады.
Бұл туралы «Қазақстан» ұлттық арнасы хабарлады.
Бұл жайында Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова мәлім етті.
«Мұғалім формативті бағалау барысында балл қояды. Ол балдар автоматты түрде бағаға ауысады. Сондықтан, күнбе-күн бағалар қойылады деп айту мүлдем дұрыс емес. Қашықтықтан оқыту кезеңінде оқушыларды бағалаудың жаңа түрі енгізіледі. Бұл уақытша, өйткені онлайн жүйемен кері байланыс жасау өте қиын.
Күн сайын оқушылардың жетістіктері формативті тапсырмалар түрінде бағалануы керек. Сол себепті ұстаздар оған сәйкес балл қойып отыруы қажет», — дейді Майра Мелдебекова.