​Айдай Исаева кішкентайлы болды

0
2013 жылы «Қазақстан аруы» атанған Айдай Исаева екінші мәрте кішкентайлы болды. Қуанышты жаңалықты арудың өзі жеткізді.


 
«Жаратушы Аллаға сансыз шүкір. Инша Алла айдай сұлу қызымыз қуатты, ақылды, халқына жанашыр, елін ойлаған, биік шыңдарды бағындырған, бойына құдіретті Алланың нұры жауған, жарқыраған қыз болсын. Бақытты, ұзақ ғұмыры маңызды болсын»-деп жазған желідегі парақшасына.
 
Үш жыл бұрын Мақсат есімді кәсіпкер жігітке тұрмысқа шыққан Айдай 2016 жылы ұлын дүниеге әкелген болатын.
 

Дереккөз: Reactor