Ақтөбеде тұрғын үйде жойқын жарылыс болды
Хромдау қаласындағы тұрғын үйде газ балоны жарылу салдарынан өрт болып, 90 кв/м жерді шарпыған.
Жалпы 9 адам зардап шеккен. Бұл туралы ТЖ министрлігінің өкілі хабарлады.
Жарылыс туралы хабарды Ақтөбе облысы ТЖД бүгін сағат 12-ге жуық алған. Хромтаудан 2 өрт сөндіру техникасы, 10 қызметкер келген.
«Оқиға салдарынан кезінде 9 адам зардап шекті. Оның ішінде 3 бала – 6,7 жастағы және жаңа туған сәби бар, балаларды күйік шалмаған. Олар қазір Хромтау қаласының орталық ауруханасында жатыр», — деді ТЖ министрлігі өкілі.
Жарылыстан кейін үй қабырғалары құлаған.