Алматыда Бекшиннің кетуін талап еткен митинг өтті: Карантинді сылтауратып бақылау күшейді

0

Кеше Алматы әкімдігінің алдында кафе мен рестараторлар наразылық акциясын өткізді.

Наразылыққа шыққандар тамақтану кестесіндегі уақыт шектеулерінің күшін жою, мониторингтік топтардың тамақтандыру нысандарын бақылау тексерулерін жүргізбеуді талап етті.

Оған қоса, наразылықшылар Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қызметтен кетуін сұраған.

Наразы топ мекемелердің жұмыс уақытын таңдау мүмкіндігін, салық пен коммуналдық жүктемені азайтуды және қоғамдық тамақтандыру өкілдерімен бірге жұмыс тобын құруды жөн санайтындарын жеткізді.