115 жолаушы бар SCAT ұшағы апатты жағдайда қайта қонуға мәжбүр болды (видео)
SCAT авиакомпаниясының Атырау — Нұр-Сұлтан ұшағы ірі құстар тобымен соқтығысты.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі ұшақтың ұшып шыққаннан кейін 14 минут өткен соң 10 қараша сағат 23.17-де аман-есен қонғанын хабарлады.
⠀
Әуе кемесінің командирі Иван Карпович әуежайға оралу туралы шешім қабылдаған. Қону тұрақты режимде өтті.
⠀
Ұшақта 115 жолаушы болғаны айтылады.