Ең әсем есімдер
Бұл Құран Кәрімде әл-Әсмәәул-Хуснәә (ең көркем есімдер) деп аталып өтеді. Аяттарда көркем есімдердің саны айтылмаған. Ол бізге хадис арқылы жеткен.
Осы қолданыс төрт сүреде келеді.
Сүрелердің ретімен келтірер болсақ: Ағраф, Исра, Таһа және Хашр.
Бірінші
«Есімдердің ең әсемі Аллаһқа тән. Ендеше Оны сол есімдермен атаңдар. Аллаһтың есімдерін өзінше бей-берекет қолданатындарды елемеңдер. Олар қылықтарының көресісін көреді» (Ағраф сүресі – 180 аят).
Екінші
«Аллаһ деп атасаңдар да немесе Рахман деп атасаңдар да болады, қайсысымен атасаңдар да оған лайық, өйткені Аллаһтың да көптеген көркем есімдері бар деп айт.» (Исра сүресі – 110 аят).
Үшінші
«Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқ. Аллаһтың көптеген көркем есімдері бар» (Таһа сүресі – 8 аят).
Төртінші
«Ол Аллаһ – жаратушы, жоқтан бар етуші, (барлық болмысты) бейнелеуші. Ол ең тамаша есімдердің иесі. Көкпен жердегілердің түгелі Оны мақтайды. Ол– өте жеңімпаз, хикмет иесі» (Хашр сүресі – 24 аят).
Нузул реті бойынша: Таһа, Исра, Ағраф және Хашр.
Баянауыл ауданы «Мұса Мырза» мешітінің
ұстазы Берікбай Германұлы