Абайдың сазгерлігі

0

Абайдың сазгерлігі

Абайдың сазгерлігі

14

Абай музыка саласында да мұра қалдырып, қазақтың музыкалық өнерін дамытты. Қазіргі уақытта  ақынның  27 әнінің 36 нұсқасын  нотаға түсірген.  Абай қазақтың  ән-күй творчествосын ерекше бағалаған. Бірақ ән атаулының бәрін қабылдамай,  оның да «естісі мен есері барын» айтып «Құлақтан кіріп бойды алар жақсы ән мен тәтті күй» ұнатқан. Абайдың  ән творчествосы қазақтың халық  музыкасының  тарихында  ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Қор болды жаным», «Айттым сәлем Қаламқас», «Ата – анаға көз қуаныш», «Желсіз түнде жарық ай» және т.б  әндері арқылы ол ән творчествосын байытты. Абайдың музыкалық ойлары оған дейінгі ақын – жыраулардың  әндерінен өзгеше. Ол халық музыкасына жаңа өлшем жазып жаңалаған ақын. Абай әндері шет елдерге 16 тілге аударылып тараған.

 

…Дана ақынның өз халқынан және жалпы адам баласының өнер-ой байлығынан алған үш үлкен салалы түп –төркіні барын байқаймыз.

Мұның біріншісі-қазақ халқының есте жоқ ескі заманнан жиып,өсіріп келген өз даналығы-халықтың ауызша әдебиет қоры,ақын Абай осы қордан көп нәр алып,сол арқылы өз өлеңін көп көркейтті.

Екінші бір қол артқан қазынасы-араб,парсы,түрік тіліндегі шығыстың көркем классик поэзиясы.

Үшінші –үлкен өнер,мол азық алған зор саласы-орыс халқының мәдениеті және сол арқылы Еуропа мәдениеті.

Осы соңғы өріске құлаш созған Абай өз заманы үшін әрі жаңа тарих,жаңа дәуірдің басы,әрі кең майдан келешек еді.

Абайдың ақындық бітіміндегі ең бір ірі жағы осы айтқан үш қазынаның қайсысына барса да құр ғана үйренуші,еліктеуші боп барған жоқ.Қайдан  алсын,нені алсын-баршасын да өзінің ойын,терең жалғаулы ірі ақындық ерекшелігі арқылы үнемі өз елегінен өткізіп,өз өнерімен мықтап қорытып,өзінің қайран жүрегінен шыққан бұйым табысы етіп ала білді.

Сондайлық өлмес,өшпес қасиеттерінің өзі-ақ ұлы Абайға қазақтың классик әдебиетінің атасы деген, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі деген атақты бергізе алады дейміз.

#Абайдың #сазгерлігі #TopReferatcomkz #Қазақша #рефераттар #курстық #дипломдық #презентация

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз