Сенатор жоғары білім саласын сынға алды: 10 миллиард теңге босқа кетті

0

Сенат депутаты Ахылбек Күрішбаев қазақстандық жоғары оқу орындарындағы қазіргі білім беру жүйесін сынға алды. 

«Бүгінгі күні жоғары білікті мамандардың жетіспеуі біздің экономикамыздың жедел дамуына үлкен кедергі болып отыр. Осыны түсінген Мемлекет басшысы жоғары оқу орындарын қаржыландыруды ұлғайтты, осы оқу жылынан бастап университеттердегі мемлекеттік білім грантының мөлшерін едәуір арттырды. Сонымен қатар, университеттердегі қазіргі жағдай білімге салынған бұл қаражаттың ақталатынына және оның орнына экономика сұранысқа ие мамандарды алатындығына толық сенімділік бермейді », — деді Ахылбек Күрішбаев.

Депутаттың пікірінше, ғылыми әлеуеттің, білім беру бағдарламаларының және университеттердің инфрақұрылымының сапасын түбегейлі жақсарту қажет.

«Біздің және шетелдік университеттерде бір мамандық бойынша оқытылатын пәндерді салыстырсаңыз, айтарлықтай айырмашылықты байқауға болады. Біздің университеттер студенттерге базалық ғылымдар бойынша заманауи құзыреттілікті тиісті деңгейде қамтамасыз етпейді. Бізде алынған теориялық білімді практикалық дағдыға айналдыру үшін эксперименттік база жетіспейді. Сондықтан шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының түлектері бізден айырмашылығы нақты өндіріс жағдайында инновациялық шешімдерді өз бетінше таба алады, олардың көпшілігі іздемейді, бірақ өздері жұмыс орындарын ашады», — деді сенатор.