Меркель — COVID-19 төмен температурада агрессивті болады
Германия канцлері Ангела Меркель Германияда коронавирустық инфекциялардың саны артқанын және адамдар арасындағы байланыстарды минимумға дейін азайту қажет екенін айтты. 2 қарашадан бастап айдың соңына дейін Германияда жаңа шектеулер қолданылады.
Германия канцлері Ангела Меркель коронавирустық инфекцияға қатысты жағдай COVID-19 көктемге қарағанда қыста күрделі болады, өйткені вирус суықта өзін агрессивті ұстайды. Бұл туралы ол 2 қарашада Берлинде өткен баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді.
«Бізді қиын айлар күтіп тұр, өйткені бұл вирус төмен температурада одан да агрессивті әрекет етеді», — деді Меркель.
Оның айтуынша, Германия үкіметі COVID-19 жағдайын шешуде қараша айымен шектелу үшін барлық мүмкіндікті жасауда. Алайда қазіргі кезде инфекциялардың саны көбейіп кетті және байланыстарды минимумға дейін азайту керек, — деп қосты Меркель.
2 қарашадан бастап айдың соңына дейін Германияда жаңа шектеулер қолданылады. Үкімет екі аптадан кейін консультациялар өткізіп, шектеулер тізіміне түзетулер енгізетіндерін айтты. Енді ең көп дегенде 10 адамнан тұратын топ қоғамдық орында болуға рұқсат етіледі, ол тек екі отбасының мүшелері бола алады (екі үйдің тұрғындары). Азаматтарды жеке саяхаттардан және ішкі және шетелге саяхаттауға бас тартуға шақырады.
Германияда театрлар, концерт залдары, кинотеатрлар, жәрмеңкелер, ойын-сауық саябақтары, казино, спорт клубтары, жезөкшелер үйі, бассейндер, сауналар мен аквапарктер жабылды. Германияда барлық сауықтыру шаралары тоқтатылды, спорттық жарыстар көрерменсіз өтеді. Мейрамханалар, барлар, клубтар, пабтар, дискотекалар да жабық, тамақтарды тек «на вынос» сатып алуға немесе үйге жеткізуге тапсырыс беруге болады.
Қытайда коронавирустық инфекция 2019 жылдың соңында басталды. 2020 жылы 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың таралуын пандемия деп жариялады.
Әлемде, американдық Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, 2 қарашада жағдай бойынша, жұқтырған адамдардың саны 46,6 миллионнан асты, 1 миллион 202 мың науқас қайтыс болды, 31,1 миллион адам сауығып кетті. Германияда COVID-19 ауруының 552 мың жағдайы расталды, 10,5 мың адам қайтыс болды, 363,5 мың адам қалпына келді.
Керімсал Жұбатқанов