Тоқаев Нұрсұлтанды өзгертуі мүмкін

0

Өңделіп, жөнделіп жатқан латын әліпбиі жобасында ұ-ны ū таңбасымен белгілейтін сияқты. Бұған дейін екі рет, әлде үш рет ұсынған әліпбиде ұ-ны u-мен таңбалап келсе де тілші ғалымдар түгелге жуық іштей қарсы еді.

Сырттай қарсы бола алмаған, өйткені Nursultan деп жазғанды қатты қалайтын Нұрсұлтандардың көңіліне қараған, әлде жасқанған. Үш жылдан бері латынды олай-бұлай тартқылап, Күлтөбенің басында күнде жиын қылғанда айта алмай жүрген негізгі мәселелерінің бірі осы еді.

Тоқаев тәуекел деп жаңа әліпбиді бекітсе, Nursultan-ның бәрі Nūrsūltan боп өзгереді. Алтайдан Атыраудағы дейінгі Nur-Sultan деген жазудың бәрінің үстіне көлденең көк таяқ қойылады. Тендер өткізіп, өзгерте салады.

Бұл — әзірге лингвистер ұсынған жоба ғана (маған ұнады). Алайда Қазақстандағы көптеген Нұрсұлтандардың оған қалай қарайтыны белгісіз.

Асылхан Мамашұлы, Facebook парақшасынан