Франция билігі жанармай бағасының өсуіне байланысты мараторий жарияламақшы
Франция премьер-министрі Эдуар Филип жанармай бағасының өсуіне байланысты мараторий жарияламақшы.
17 қарашадан бастап барлық Франция елінде жанармай бағасының күрт өсуіне байланысты жаппай наразылық шерулері басталған болатын. Автокөлікке арналған сары жилет киген шерушілер, биліктің мұндай шешімге баруын құптамады.
Негізінен олардың басым бөлігі салықтың тым қымбат болуына байланысты қаладан ауылға көшкен тұрғындар. Наразы топ Франция президенті Эммануэль Макроннан жанармай бағасын арзандатып, экономикалық жағдайды жақсартуын талап етті.
Өткен сенбі күні манифестер мен тәртіп сақшыларының арасында орын алған қақтығыс кезінде үш адам қаза тауып, 1043 тұрғын түрлі дене жарақатын алған. Жарақаттанғандардың 222-і қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері. Бұдан бөлек, наразылық шарасына қатысқан 1424 адам қамауға алынған.