Стандарттаудың мәні | туралы қазақша

0

Стандарттау алғаш рет XVIII ғасырдың соңында, XIX ғасырдың басында Еуропаның дамыған елдерінде басталған өнеркәсіптік революциядан бастау алды. Тауарлар мен бұйымдарды ауқымды топпен шығаратын ірі фабрикалар мен зауыттар пайда болып, өнімнің біркелкі көлем тәртібін, біркелкілігін, өзара алмасымдылығын реттеу қажеттілігі туындады. Ресейде, 1 Петр билеген 1715 жылдың өзінде Тула зауыттарында дәрімен атылатын қару өндірісінде біркелкі көлем тәртібін (калибр, өзара алмасымдылық) енгізуге әрекет жасалды.

1856 жылы Лондонда өнеркәсіп қайраткерлерінің халықаралық съезінде съезге қатысушылардың бірі: «Қандай да болмасын шырағданның шам қоятын шамдалға әр кезде сәйкес келіп, оның диаметрі бойынша тым кішкене және тым үлкен болмауына қол жеткізуге болмай ма?» деген сұрақ қойды.

КСРО-да алғашқы азық-түлік тауарларына мемлекеттік стандарттар 1926 жылы бекітілді. 30-жылдары азық-түлік тауарларының, оның ішінде ет, ет пен сүт консервілерінің, тауық және т.б. өнімі стандарттарының көп саны бекітілді. Осы стандарттар тұтынушыға өнімде ылғалдың, тұздың, майдың, қанттың белгілі бір құрамының болатынына кепілдік беретін болды. Алғашқы мемлекеттік стандарттар азық-түлік тауарларының сапасының жақсаруы үшін маңызды рөл атқарды. Ұлы Отан соғысы жылдары азық-түлік тауарларының жаңа түрлеріне стандарттар енгізілді.

Қолданыстағы көп стандарттардың түрлері әскери уақыттың талаптарына сай өзгертілді. Соғыстан кейінгі кезеңде азық-түлік тауарларының сапасына ерекше назар аударыла бастады. Осыған байланысты 1955-1960 жылдар аралығында 200-ден аса стандарт қайта қаралды. 1975 жылдан бастап ИСО халықаралық ИСО стандарттарына жауап беретін ЭӨК (Экономикалық Өзара көмек Кеңесі, оның құрамына КСРО-дан басқа социалистік лагерьдің Польша, Румыния, Болгария, Герман Демократиялық Республикасы, Венгрия, Чехословакия, Моңғолия, Куба кірді) халықаралық стандарттары енгізіле бастады.

Ірі өнеркәсіптік өндірістің дамуына байланысты ғаламдық стандарттаудың қажеттілігі арта бастады және ол кез келген мемлекеттің экономикасы мен дамуының қажетті элементіне айналып келеді. Мысал ретінде ТМД, Еуропалық Одақ елдері мен Қытайдың теміржол ізі кеңдігінің стандарттарының сәйкессіздігін келтіруге болады. ТМД-да теміржол ізінің ені — 1520 мм, Еуропа мен Қытайда- 1435 мм. Осы өңірдегі мемлекеттердің сауда байланыстары артқан қазіргі уақытта осы стандарттардың сәйкессіздігі қыруар өнімсіз шығынға, шекаралас станңияларда теміржол құрамдарының тұрып қалуына, тасымал шыгындарының өсуіне әкеп соқтырады. Қытаймен шекарадағы Достық станциясы арқылы жыл сайын 15 млн. тоннадан астам жүк өтеді және тасымалдың көлемі жыл сайын ұлғая түсуде. Басқа жолмен қозгалу мүмкін болмагандықтан жүкті вагондардан басқа вагондарға қайта тиеуге немесе вагондардың тележкаларын ауыстыруға тура келеді. Ең жақын арада елімізде Қазақстанды Шығыстан Батысқа қарай қиып өтетін және Қытай-Батыс Еуропа теміржол магистралінің бөлігі болып табылатын Достық-Ақтау 1435 км стандартты еуропалық теміржол ізді Трансқазақстандық теміржолын салу жоспарланып отыр.

Әр түрлі жеке өлшем бірліктерін қолдану елдердің экономикаларын қыруар шығынға батырады. Мысалы, АҚШ-та Ұлыбританияның өзінде аз қолданылатын ескірген Британдық өлшем бірлігі қолданылады. Ұлыбритания 1965 жылдан бастап жалпы элемдік СИ бірліктер жүйесіне көше бастады. АҚШ-та ішкі тұтыну үшін шығарылған конструкторлық қүжаттаманы, өнеркәсіи бүйымдарды алдын ала бейімдемей СИ өлжем жүйесін пайдаланатын елдердегі тұтынушыларға тұтынуға келмейді жэне керісінше.

Өнеркәсіптік өндіріс ауқымының, өсуіне, ғылым мен техниканың дамуына орай бұйымдардың біркелкілігі, олардың бөлшектерінің өзара алмастырушылық проблемасы одан бетер ушығып келеді. Осы саладағы атқарылған іс-шаралардың арқасында өнім арзандап, оның сапасы жақсарады, сонымен бірге өнім шығару артып, оны өткізу саласы да кеңейіп келеді. Ғаламдану процесі осы үрдістерді күшейтіп, стандарттаудың маңызын арттырады жэне бүйымдарды, тауарлар мен қызметтерді жаппай стандарттаудың негізінде ғана елдер мен олардың экономикалары жаппай галамданады. Әлемде интеграциялық процестер күшейіп келеді. Елдер одақтарга бірігіп, Еуропаның 27 елі де Еуропалық Одақ қүрды. Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылып, Қазақстан да ең жақын арада осы ұйымға кіруге ниет білдіріп отыр.

Қазіргі уақытта осы бағыттағы іс-шаралар техникалық реттеу деп аталады. Техникалық реттеу — бұл өнімге, қызметке, процестерге қойылатын міндетті жэне ерікті талаптарды белгілеумен, қолданумен және олардың орындалуымен байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу, сонымен бірге белгіленген талаптардың сәйкестігін растау, тіркеу мен мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі қызмет.

Техникалық реттеудің негізгі мақсатына мыналар жатады:

  1. Өнімнің, қызметтің, процестердің адам мен қоршаған ортаның, оның ішінде өсімдік және жануарлар әлемінің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  2. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
  3. Тұтынушыларға өнімнің, қызметтің қауіпсіздігіне қатысты қате ақпарат беретін іс-қимылдарға жол бермеу.
  4. Саудадағы техникалық бөгеуілдерді жою.
  5. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Техникалық реттеу мына қағидаларға негізделеді:
  6. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің бірыңғайлығы мен тұтастығы.
  7. Өнімге, қызметке, процеске бірыңғай терминология қолдану, талаптар қою.
  8. Техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қол жеткізімділігі, техникалық реттеу процестеріне қатысу үшін тең мүмкіндіктерді, мемлекет пен мүдделі тараптардың мүдделерінің балансын қамтамасыз ету.
  9. Отандық және импортталатын өнімнің, қызметке және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін растау процедураларға қойылатын талаптардың теңдігі.
  10. Техникалық реттеу мен стандарттар саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде ғылым мен техниканың жетістіктерін, халықаралық және өңірлік ұйымдардың стандарттарын басымды пайдалану.
  11. Техникалық реттеу саласындагы нормативтік құқықтық актілердің талаптардың мемлекеттің экономикасының, материалдық-техникалық базасы мен ғылыми-техникалық даму деңгейіне сэйкестігі.
  12. Мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, стандарттар мен оларды әзірлеу, бекіту, жариялау тәртібі жөніндегі ақпараттың қол жеткізімділігі.
  13. Стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерікті түрде тандау.
  14. Сәйкестікті растаудың бірыңғай жүйесі мен ережелері.
  15. Бір органда тіркеу, бақылау мен сәйкестік құжаттарын беру функцияларын үйлестіруге жол бермеу.
  16. Сәйкестікті растайтын органдардың дайындаушылар мен тұтынушылардан тәуелсіздігі.
  17. Сәйкестікті растау жөніндегі бәсекелстікті шектеуге жол бермеу.

2004 жылғы қарашада республикада «Техникалық реттеу туралы» Заң қабылданып, ол 2005 жылғы 9 мамырда күшіне енді. Осы заңмен елімізде стандарттау саясаты стратегиясының жаңа тәсілдемелері заң жүзінде бекітілді. Аталмыш заңда экономиканы басқарудың ескі жүйесінен қалған стандарттау жөніндегі бұрынғы түсініктер мүлдем жойылды. Жаңа стандарттау концепциясы стандарттарды ерікті орындауға негізделеді. Мемлекет тұтынушылардың мүдделерін қорғау жөніндегі өзінің саясатын техникалық регламенттер арқылы жүргізетін болады, регламенттерде негізгі және жалғыз ғана шектеу тұтынушы-азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қатысты қойылады. Өндірушілер басқа жағдайларда өздерінің қалауы бойынша іс-қимыл жасайды, мемлекет олардың ісіне араласпайды. Стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттардың талаптары ұсыныс түрінде беріледі және өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын база болып табылады.

Стандарттау техникалық реттеу процесінің ең маңызды бір құрамдасы болып табылады.

Стандарттаудың мақсаты — қазіргі кездегі, жоспарланған немесе ықтимал міндеттерді шешуге арналған белгіленген ережелерді, талаптар мен нормаларды кең әрі көп рет пайдалану арқылы қайсы бір саладағы қызметті реттеудің оңтайлы дәрежесіне жету.

Стандарттау — бұл қазіргі кездегі жэне ықтимал міндеттер қатысында жалпы, көп рет және ерікті пайдалану үшін ереже белгілеу арқылы өнімге, қызмет пен процестерге қойылатын талаптарды реттеудің оңтайлы дәрежесіне жетуге бағытталған қызмет.

Стандарттау жөніндегі қызметтің негізгі нәтижелері — өнімнің, қызметтің, процестің, олардың функционалдық тағайындалу процесіне сәйкестігінің дэрежесін көтеру, халықаралық тауар айналымындағы техникалық бөгеуілдерді жою, әр түрлі саладағы ғылыми-техникалық процесс пен ынтымақтастыққа жәрдем көрсету.

Стандарттау объектісі — олар үшін талаптар, сипаттамалар, параметрлер, ережелер мен т.б. эзірленетін өнім, өндіріс, процесс, қызмет.

Стандарттау саласы — өзара байланысты стандарттау объектілерінің жиынтығы.

Стандарттау келесі әр түрлі деңгейлерде жүзеге асырылады:

  1. Халықаралық.
  2. Өңірлік.
  3. Ұлттық.
  4. Әкімшілік-аумақтық.

Қазіргі уақытта қолданылатын стандарттау жүйесінде стандарттау объектісінің сапасын багалау мен оны бағалау әдістері ерекше рөл атқарады.

#Стандарттаудың #мәні

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз