Кәсіпкерлік қызметтің негіздері | туралы қазақша

0

Кәсіпкерлік өндіріс факторы ретінде. Кәсіпкерліктің алғашқы теориялық тұжырымдамасы Ричард Контильонның (Richard Cantillion) 1725-1730 жылдардағы еңбектерінде сипатталды. Бұдан кейінгі 250 жылдың ішінде кәсіпкерлік теориясы әртүрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамытылды, олар кәсіпкерлік қызмет өндірістің аса маңызды факторларының бірі болып табылады деп есептеді.

Кәсіпкерлік қызмет – өндірістің ерекшелік факторы, ол қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға және кәсіпкердің жеке пайдасын немемсе кірісін алуға жағдай жасайды. Кәсіпкерлік – бұл өндірістің ерекшк факторы, өйткені арнаулы білімді, шеберліктер мен дағдыларды талап етеді. Кәсіпкерлік кірісті барынша арттыру мақсатымен еңбекті капитал мен табиғи ресурстарды неғұрлым тиімді арақатынастарда біріктіруді жүзеге асырады.

Кәсіпкерлік – бұл шаруашылық жүргізу әдісі және экономикалық ойлаудың ерекше үлгісі.

Кәсіпкер меңгеруі тиіс қасиеттер:

  • қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік;
  • коммерциялық табыс жетістігіне қарай бағытталу;
  • жаңашылдық, іскерлік, икемділік, тәуекелге бару қабілеттілігі.

Кәсіпкердің субъектілері мен объектілері.

Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері 24-сызбаға сәйкес жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) мен заңды тұлғалар (коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар) болып табылады.

Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері
Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері

Жеке кәсіпкерлер – бұл заңнамада белгіленген тәртіппен, кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын тұлғалар. Жеке кәсіпкерлер барлық міндеттемелер бойынша толық мүліктік жауапкершілігімен сипатталады.

Заңды тұлға – бұл жеке мүлікті иеленген, өз атынан азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленетін, арбитраждық сотта талапкер және жауапкер болып әрекет ететін ұйым.

Барлық заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға бөлінеді.

Коммерциялық ұйымдар қызметі пайда алуға және алынған пайданы қатысушылардың арасында бөлуге негізделген кәсіпорындар болып табылады. Ал пайда алудың мұндай мақсаты жоқ ұйымдар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.

Коммерциялық емес ұйымдарға тұтынушылық кооперативтер, мекемелер, қоғамдық ұйымдар, діни ұйымдар мен бірлестіктер, қайырымдылық және басқа қорлар жатады.

Кәсіпкерлік қызметтің объектілері дайындалған өнім, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет, яғни қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыра алатын және нарықта сатып алу, пайдалану және тұтыну үшін ұсынылатын нәрселер болып табылады.

Кәсіпкерлікті дамытудың мақсаттары мен факторлары.

Кәсіпкерлік қызметтің мақсаты мен факторлары, негізінен, фирманың тұжырымдамалық идеяларынан келіп шығады. (25-сызба).

Кәсіпкерлікті дамытудың мақсаттары мен факторлары

Кәсіпкерлік қызмет өмір сүруінің негізгі мағынасы пайда алуда, кірісті барынша арттыруда. Бұл мақсатқа сатып алушының сұранысын қанағаттандыру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Ал сатып алушы жоғары сапалы тауарды (көрсетілетін қызметті) төмен бағамен сатып алғысы келеді. Өз мақсатына қол жеткізу үшін кәсіпкердің сапалы және бағасы қолжетімді тауар (көрсетілетін қызмет) өндіруі тиіс екендігі түсінікті. Бұл үшін ол қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы өзінің бар шеберлігін, қабілетін пайдалануы тиіс. Осылайша кәсіпкердің негізгі мақсаттарына:

  • пайда алу және оны барынша арттыру;
  • соңғы тұтынушының сұранысын қанағаттандыру;
  • қызметін тиімді ұйымдастыру (шығындарды азайту, шикізаттың жаңа көздерін, өндірістің жаңа әдістерін іздестіру, инновацияларды енгізу және т.б.) жатады.

Бұл мақсаттарға қол жеткізуге кәсіпкерлікті дамыту факторлары жағдай жасайды. Кәсіпкерлікті дамыту факторлары – бұл кәсіпкерлік қызмет қасиеттерінің көріну сиапты мен мүмкіндіктерін анықтайтын параметрлер (15-сурет).

Кәсіпкерлікті дамыту факторлары
Кәсіпкерлікті дамыту факторлары

15-сурет.  Кәсіпкерлікті дамыту факторлары

Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формалары. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері

ҚР Азаматтық кодексімен кәсіпорындардың – заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық құрамы белгіленген және азаматтардың – жеке тұлғалардың құқықтары анықталған.

Азаматтар өздерін жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, сондай-ақ өздігінен немесе басқа тұлғалармен бірге заңды тұлғалар құруға құқылы.

Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы коммерциялық кәсіпорындар мынадай ұйымдық-құқықтық формаларда қызмет етеді:

  • шаруашылық серіктестіктері;
  • акционерлік қоғам;
  • өндірістік кооперативтер;
  • мемлекеттік кәсіпорындар.

Жарғылық капиталмен құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлестеріне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік болып танылады. Шаруашылық серіктестіктер олардың меншік иелері (құрылтайшылар немесе акционерлер) болып табылатын тұлғалардан бөлектенген – заңды тұлғалар болып табылады. Олар өз атынан әрекет етеді, өз басшылығы мен орналасқан жері болады.

Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (АҚ) болып танылады.

Заңды тұлғаның еңбекке жеке қатысуы мен мүшелерінің мүліктік жарналарын (үлестерін) біріктіруге негізделген, мүшелік негізінде бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін азаматтардың ерікті бірлестігі өндірістік кооператив (ӨК) болып танылады.

Мемлекеттік кәсіпорындар коммерциялық, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар да болуы мүмкін. Әдетте, олардың қызмет саласы мен көлемі нарық емес, саяси үдеріс арқылы (яғни, биліктің өкілдік органдарына сайлау, үкіметті тағайындау және т.б. арқылы) анықталады.

Бұл кәсіпкерлік ұйым формаларының әрқайсысына өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Салыстыру ретінде Қазақстандағы бизнестің ең кең тараған ұйымдық-құқықтық формаларын – жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді (ЖШС), акционерлік қоғамды (АҚ), жекеменшік кәсіпорынды қарастырамыз (3-кесте).

                                                                                                                    3-кесте

  Артықшылықтары Кемшіліктері
1 2 3
ЖШС ·                    Шағын кәсіпкерлік субъектісі мәртебесін алу мүмкіндігі – ал бұл тіркеудің қысқартылған мерзімдерін, тіркеу үшін алымның аздығын, оңайлатылған декларация қолдану мүмкіндігін және басқаларды білдіреді;

·                    неғұрлым қарапайым басқару, әдетте, басқару органдары қатысушыларынң жалпы жиналысы (жоғары орган) мен директор (атқарушы орган) болып табылады;

·                    қатысушылар жиналыстарын шақыру мен өткізудің қарапайым рәсімі;

·                    жарғылық капиталдың шағын ең төменгі мөлшері;

·                    қатысушылар саны бойынша шектеулердің жоқтығы

·                     ЖШС-ға қатысушылар құрамы өзгерген кезде мемлекеттік қайта тіркеудің қажеттігі;

·                     қатысушы ЖШС мүлкіндегі үлесін сатуы кезінде бұл үлесті басқа қатысушылардың басымдықпен сатып алу құқығын сақтау қажет

Акционерлік қоғам ·                    Меншік құқығының акцияларға өтуі заңды тұлғаны қайта тіркеуге алып келмейді;

·                    оларды орналастыру (сату) жолымен қосымша капитал тарту мүмкіндігі

·                     Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінің жоғарылығы;

·                     тіркеудің неғұрлым күрделі рәсімі;

·                     акциялар эмиссиясы мен есептерді бағалы қағаздар жөніндегі комиссияда тіркеу қажеттігі;

·                     басқару органдарының неғұрлым күрделі құрылымы мен олардың жиналыстарын өткізу мен шешімдер қабылдаудың күрделі тәртібі

Жекеменшік кәсіпорын ·                    Қарапайым және арзан ұйым;

·                    іс-әректтер еркіндігі;

·                    тиімді қызметке деген елеулі стимулдар

·                     Қаржы ресурстарының шектелгендігі;

·                     толықтай қаржылық жауапкершілік

#Кәсіпкерлік #қызметтің #негіздері

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз