Қазақстанның түсті және қара металлургиясы туралы қазақша

0

Бүгінгі Қазақстандағы кен-металлургия жүйесіне келсек, ол екі саладан тұрады — қара металлургия және түсті металлургия: — қара металлургия темір, марганец, хром кенін, болат, шойын, прокат, ферроқүймасы, отқа төзімді өнімдер, металл сынықтарын қайта өңдеу өндірістері сияқты 12 саладан тұрады; — түсті металлургия 26 өнеркәсіп кіретін қорғасын, мырыш, мыс, титан, бағалы және сирек металдар, глинозем, молибден концентратын, уран шикізатын өңдеу сияқты 8 саладан тұрады.

Өнеркәсіп өндірісінің жалпы мөлшерінде түсті металлурияның салмақтық үлесі 12%. Қазақстан территориясында түсті металлургия үш аймақта — Орталық, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда орналасқан. Оңтүстік Қазақстанда кен орындары Жоңғар Алатауы мен Қаратауда кездеседі. Түсті металлургияның өнеркәсіп орындарында Менделеев таблицасындағы элементтердің 74 түрі өндіріледі. Шығарылатын кендерден мыс, қорғасын, мырыш, титан, магний, сирек және жерасты сирек кездесетін металдар, мыс, қорғасын негізіндегі прокаттар өндіріледі. Түсті металдарды өндіру үлкен мөлшердегі энергияны қажет етеді, сондықтан мұндай өндіріс орындары электр энергиясыкың көзіне жақын салынады.

Өндіріс дәрежесі бойынша Қазақстан тазаланған мыс өндіруде әлемде ірі өндіруші және экспорттаушылар қатарына кіреді. Әлемдік мыс ендіруде республиканың үлесі 2,3%, ал зерттелген қоры 7,1%, сонымен қатар бүкіл елімізде өндірілетін мыс шет елдерге шығарылады. Қазақстан мысының негізгі импортерлары: Италия, Германия және басқа елдер.

Қазақстан ірі алтын өндіруші, әлемдік қоры — 2,7% (әлемде 8-орында), оның алынуы мен өндірілуі жыл өткен сайын өсуде. Елімізде 170-тен астам алтын кенінің орны тіркелген.

Темір кенінің қоры бойынша Қазақстан әлемде 8-орын алады. Оның әлемдік қордағы үлесі 6%. Қазақстан темірінің, едәуір қор мөлшерінен басқа, артықшылығы — сапасының жоғарылығы. 8,7 млрд т темір кенінің 73,3%-ы жеңіл алынады. Еліміздегі темір кенінің 70%-ы жоғары өндірілетін мөлшері экспортқа шығарылады. Хромды (әлемдік қордағы үлесі 37,6%, 8-орын) және марганецті (30%, 2-орын) кендерді қоса есептегенде, еліміздегі қара металдар кенінің жалпы экспортқа шығаратын үлесі 1999 жылы шамамен 40%-ды құрады.

Минералдық шикізат өнімдерін өндіру және алу жөнінен республика хром бойынша 2-орында, титан бойынша — 2-3, мырыш және қорғасын бойынша — 8, күміс бойынша 9-орында.

Әлемдік мыс, титан, ферроқорытпа және болат нарықтарында Қазақстанның атқаратьш рөлі аз емес, ал Еуразиялық субконтинентте хром бойынша монополист, темір, марганец, алюминий жөнінен өңірлік нарықта (ТМД елдері, бірінші кезекте Ресей) айтарлықтай ықпалы бар.

Түсті металлургия өндірістерінің бәрі зиянды заттармен био сфераны ластап отыратын негізгі лартаушы көздер. Жыл сайын атмосфераға тасталатын заттардың көлемі бірнеше миллиондаған тонна. Түсті металлургияда атмосфералық ауаға шаңды заттар, мышьяк, қорғасын және т.б. заттар бөлінеді. Тіпті электролиз арқылы алюминий алу кезінде де электролиздік ванналардаи көптегеи шаңды және газды фтор қосындылары бөлінеді. 1 т алюминий алу үшін электролиздердің түрі мен қуатына байланысты 33-47 кг фтор жұмсалып, оның 65%-ы қоршаған ортаға тарайды. Маман-экологтардың анықтауынша Қазақстан жерінде 20 млрд т қатты қалдықтар жатса, оның 5,6 млрд тоннадан астамы тек түсті металлургия зауыттарының үлесіне тиеді. Түсті металлургияның қалдықтарын жинақтаушы жердің көлемі 15 мың га шамасында. Көп мөлшерде атмосфера күкірт, көміртек, азот оксидтерімен, ауыр металдармен ластанады.

Жыл өткен сайын бұл «қалдық үйіндісі» орта есеппен 1 млрд тоннаға өсіпотырады. Зиянды қалдықтардың көп бөлігі (89%) арнаулы жерүсті қоймаларына орналасқан. Негізгі уытты өнеркәсіп қалдықтарының 29,4%-ы — Жезқазған, 25,7%-ы — Шығыс Қазақстан, 17%-ы — Қостанай, 14,6%-ы — Павлодар облыстарында орналасқан. Бұл облыстар әрқашан республика мақтанышы еді: мұнда өндіріс алпауыттары жұмыс жасаған.

Ақаба суларда өте улы заттар — цианидтер, ксантогенаттар, мұнай өнімдері, мышьяк, фтор, сынап, сурьма, сульфаттар, хлоридтер, нитраттар кездеседі.

Түсті металлургияның ірі комбинаттары топырақты алуан түрлі зиянды қосылыстардың көп мөлшерімен ластайтыны соншалықты, олардың маңындағы топырақтар қабатында табылған ауыр металдар концентрациясы ШРК мөлшерінен бірнеше есе асып түседі. Мысалы, Шымкенттопырағында қорғасынның мөлшері 200 ШРК, Жезқазғанда мышьяктікі 2-3 есе ШРК дейін жететін жерлер кездеседі.

Кейінгі кездері Балқаш тау-кен комбинатында өндірістен бөлініп шыққан күкірт диоксиді түгел дерлік ауаға тасталып жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша Балқашта тұратын 70 мың тұрғындардың әрқайсысына 6 тоннадан күкірт диоксиді келеді екен. Комбинатта бұдан басқа да улы заттар қоршаған ортаға түсіп жатыр, осылардың салдарынан болуы керек, қаладағы ағаштардың басындағы жапырақтар түгел дерлік жоғалуы жәие құстардың жаппай қырылуы байқалған. Жапырақтардың жоғалуы құстар қырылып, жапырақ жейтін құрттардың көбейіп кетуімен түсіндірілуде.

Атмосфераны ластаушы заттардан бір ғана мультипликатор -қорғасын ингредиентін мысалға алайық. Қорғасын — политропты у. Оның ағзадағы аз ғана концентрациясы органдар мен тканьді, қан жүйесін, орталық нерв жүйесін, иммун жүйесін зақымдайды. Қорғасынның жоғары мөлшері — Өскемен, Зыряновск, Лениногорск қалаларының атмосфералық ауа қүрамында байқалады. Шашқа жасалған спектральді анализ мәліметтері бойынша, бүл қала түрғындарында қорғасын мөлшері шекті мөлшерден 6 есе көп болып шықты. Қорғасынның біраз мөлшері ағзаға су, азық-түлік өнімдері арқылы түседі. Сондықтан да болар, шығыс қазақстандықтардан ақ қан ауруымен науқастанатындардың саны көбейіп отыр. Тауар күйіндегі 1 т қорғасын алу үшін 1000 т кенді қазып өңдеуге, 5 тоннаға дейін бос жынысты қазып алуға тура келеді. Қазақстан полиметалл кендеріндегі қорғасынның концентрациясы 0,32-0,85% аралығында. Бұл көрсеткіш ең бай кен көздері үшін 1,5-2,5%. Қалдық сақтағыш қоймаларда жинақталған уақытқа байланысты өндіріс қалдықтарындағы қорғасын мөлшері 0,4%, 0,7% кейде 1,5%-ға дейін жетеді. Осыған орай, бұл техногенді қалдықтар ұзақ уақыт жатқан сайын, олардағы микроэлементтер зияндылығы қоршаған орта үшін арта түсері де сөзсіз. Жалпы, бүгінгі күнге дейін, Қазақстандағы түсті металлургия кәсіпорындарының техногендік қалдықтарының мөлшері аса үлкен мөлшерді көрсетіп отыр: 9,139 млрд т. Республика бойынша қалдықтардың 16,5%-ы Шығыс Қазақстан экожүйесінің үлесіне тисе, бір ғана «Жезқазған түсті металл» өндірістік бірлестігінде -13,5%) қалдық қордаланған (912046 млн т), ал «Соколов-Сарыбай» өндірістік бірлестігінде қалдықтардың 42,9%-ы жинақталған.

Түсті металлургияда қалдықтарды пайдалану және утилдеу проблемалары әлі толық шешімін тапқан жоқ. Қазақстанның қара металлургиясы республика өнеркәсіп өнімдерінің 12,5%)-ын өндіреді. Республика индустриясының жолбасшысы — Қарағандының «Испат-Кармет» металлургия комбинаты. Кәсіпорын толық металлургиялық циклмен жабдықталған және қара металл прокаттарының табақталған, сұрыпталған әр түрін, ақ қаңылтыр, құбырлар және т.б. шығаруға мамандандырылған. Бұл комбинаттың металы ТМД елдері мен қиыр шет елдерге шығарылады. Темірді басқа металдармен қосып қорытатын қорытпа негізінде жұмыс жасайтын республика зауыттары үшін Қазақстанда хромит кендерінің үлкен қоры бар.

Қара металлургия өндірісі атмосфералық ауаны, жерүсті және жерасты суларын, топырақты көптеген зиянды улы заттармен ластап отырады. Барлық өнеркәсіп өндірістерінің арасында қоршаған табиғи ортаны ластауда 2-орын алады. Негізгі ластаушы компоненттер: көміртек оксиді (43-67%), қатты заттар (15,5-16,0%), күкірт оксиді (10,8-16,0%), азот оксиді (5,2-23,0%), көмірсутектер (3%-ке дейін). 1 тт шойынды балқыту кезінде 4,5 кг шаң, 2,7 кг күкіртті газ, 0,5-0,1 кг марганец бөлінеді. Онымен қоса қоршаған ортаға біраз мөлшерде мышьяк, фосфор, сурьма, қорғасын қосылыстары, сынап булары, шайырлы заттар бөлінеді.

Орта есеппен 1 млн т өнім шығарғанда қара металлургия зауыттарынахЧ шаң — 350, күкіртті ангидрид — 200, көміртек оксиді — 400, азот оксиді — 42 тонна/тәулігіне бөлініп отырады.

Барлық металлургиялық үдерістерде қоршаған ортаға шаң, көміртек пен күкірт оксидтері, домналық балқыту кезінде күкіртті сутек, азот оксидтері, илек (прокат) шығаратын жерде улы ерітінділердің аэрозольдары, эмульсия булары бөлініп отырады. Әсіресе коксохимия өндірісінде бөлінетін улы заттардың мөлшері өте жоғары.

Қара металлургия суды көп мөлшерде қолданатын өндірістердің бірі, яғни еліміздегі бүкіл өнеркәсіптің пайдаланатын суының 10-15%-ын осы еала жұмсайды. Негізінде қара металлургияда судың 75%-ы металлургиялық пештерді, құрал-саймандарды салқындатуға қолданылады. Суды көп мөлшерде пайдаланатын илек, домна және болат балқыту өндірістері.

Қара металлургия өндірістерінен шыққан ақаба суларда қалқыған қатты бөлшектер, май, сульфаттар, хлоридтер, темірдің қосылыстары, ауыр металдар және тағы басқа ластаушы компоненттер болады.

Ірі металлургиялық орталықтардан атмосфераға және ақаба сулармен қоршаған ортаға тасталынатын заттардың мөлшері нормадан бірнеше есе артып жатады. Металлургия өндірістерінің өздері және олардың қалдықтары көптеген қүнарлы жерлерді иеленеді.

Металлургиялық өндірістерде залалсызданатын және утилденетін қалдықтардың мөлшері 30-35%-дан аспайды. Қалдықтарға металл кесінділері, домналық және коксты газдар жатады. Көп материалдар шойын мен болат алғанда айналымсыз шығынға ұшырап отырады.

Ғалымдардың есебі бойынша, адамзат пайда болғаннан бері 20 млрд тоннадай темір балқытылғак екен. Оның 6 млрд тоннасы қазір әр түрлі машина, аспап, құрылыс материалдары және басқа да объектілер құрамында көрінеді, ал қалған 14 млрд тоннасы қоршаған ортаға бытыраған.

Қолданылған әдебиеттер: Рыскиева Г.Ә., — Алматы: Өнеркәсіп экологиясы, 2011. -262 бет.

#Қазақстанның #түсті #және #қара #металлургиясы

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз