Волейбол ойынының техникасын жіктеу | туралы қазақша
Ойын техникасы – жарыс нәтижелерін қамтамасыз ететін арнайы амалдар мен орындайтын тәсілдер: тұрыс және ауыстыру, беру, беруден допты алу, шабуыл ұрыс үшін беру, шабуыл ұрыстар мен жалған әрекеттер, блоктау, алаңның түбнде шабуыл ұрыстар мен жалған әрекеттерден допты алу, шабуыл ойыншыларын және қорғаныста серктестерді сақтандыру.
Негізгі техникалық амалдарды ерекшелейді: беру, әрі қарай беру, шабуыл ұрыс, беруден допты қабылдау, болктау, және әртүрлі ойын жағдайларында негізгі амалдардың орындауын қамтамасыз ететін немесе олардың құрамдас бөлігі болып табылатын (секіруде, құлауда, төмен немесе жоғары тұруда, әрі қарай беру, секіруде беру, жүгіру ұмтылысынан секірудегі шабуыл ұрыс) қосымша (ауыстыру, тұрыс, секірулер, құлау).
Шабуыл ұрыстарға арналған әрі қарай берулер.
Шабуыл ұрыстарға арналған әрі қарай берулер шалғайлық, доптың ұшу бағыты, траектория және жылдамдық бойынша бөлінеді.
Шалғайлық бойынша допты әрі қарай берулер бөлінеді:
— тар – бр зона аралығында;
— орташа – бір зонадан келесіге;
— кең – зона арқылы.
Доптық ұшу бағыты бойынша әрі қарай берулер айрықшаланады:
— тігінен: торға параллель;
— көлденең – торға қарай 90 градусқа жақын немесе тең бұрышпен;
— диагональ – торға қарай үшкірлі бұрышпен (алаң түбінен әрі қарай берулер де жатады).
Доптың ұшу траекториясы бойынша әрі қарай берулерді айрықшалайды:
— төмен – ұшу биіктігі тор деңгейнен 0,5 м дейін;
— орташа – ұшу биіктігі тор деңгейінен 1,5 м дейін;
— биік — ұшу биіктігі тор деңгейінен 2 м дейін;
Доптың ұшу жылдамдығы бойынша әрі қарай беру түрлері айрықшаланады:
— өлшелінген – мұнда допқа минималды жылдамдық және де шұғыл траектория беріледі;
— жартылай өлшемделген – жоғары жылдамдықпен және жазық траекториямен;
— өлшемделген – тордың жоғарғы шетінен шабуылшы үшн белглі максималды жылдамдылығымен.
Әрі қарай беруді орындау техникасы
- Орнықты тұрыстан алдыға әрі қарай берулер.
Ойыншы доппен кездесетін болжаулды орынға қадаммен немесе жүгіріспен жылжу. Соңғы өкшелі қадамда өкшелерді бр-біріне параллель иық деңгейі немесе келесі беру бағытына байланысты бірінің алдына бірі қою орынды болады.
Бастапқы жағдайда (БЖ) аяқтар тізедее бүгілген, қолдардың үлкен саусақтары қастардың деңгейінде орналасады. Сұқ және үлкен саусақтар үшбұрыш құрайды, одан ойыншы жақындаған допты бақылайды.
Қолдың саусақтары біріктірілген, сопақ қалпы бар, және тиімді қозғалыста өзінше ожау құрайды.
Доп таянғанда аяқ тізеден бүгіледі, және денені жоғары көтереді. Шамалыдан соң қол кіріседі – олар допқа ұшу бағытын береді, аяқ тез және жылдам бүгіледі, ал қол доптың ұшуын қамтамасыз етіп, жай бүгіледі.Қолдың саусақтары бүгілу жағдайын сақтайды, онда алақан әрі қарай берудің бағытына перпендикуляр болады.
Допты ұру кезнде, үлкен саусаққа доптың амортизациясы бойынша негізгі салмақ түседі, сұқ саусақ білезік буынының негізгі бөлігі, ортаңғы аз мөлшерде, аты жоқ саусақ пен кіші саусақ ұшу бағытын реттеп, допты бр жақты бағытта ұстап қалады.
Доп ұшқаннан кейін қолды белгілеу қозғалыспен қоса аяқталғаннан толық тоқтағанға дейін ұсынылады.
Егер доп ұшу кезінде айналмаса немесе аз айналса (сағат тілі бойынша) — әрі қарай беру, дұрыс.
- Тіреліп тұрып, артқа қарай лақтыру жағдайы.
Артқа қарай лақтыруды, бір аяқ екінші аяқтан алға қарай тұру жағдайында орындаған дұрыс. Қолдар білезіктермен бастан жоғарыдай етіп қойылады. Ұру қозғалысында бірінші аяқтар түзеледі және ойыншы бір уақытта дененің кеуде кеуде және бел бөліктерінде еңкейеді. Содан кейін жұмысқа қолдар қосылады: олар шынтақ буында ашып көтереді. Әрі қарй берудің ұшу бұрышы, бииіктігі және бағыты белде еңкею мөлшерімен реттеледі.
- Секіріп тұрып екі қолмен лақтыру – шабуыл, ұрыс үшін арналған секіру ретінде.
Ұшу барысында қолдар бастан жоғарыы шығарылады және де треліп тұрып лақтыру жағдайындағыдан гөрі биігірек, үлкен саусақтар бастың деңгейінде орналасады. Қарсы ұру қозғалысы қолдардың белсенді жұмысымен және дене мен аяқтың шамалы қозғалыстаымен сипатталады. Дененің жоғары нүктеге көтерілу жағдайында лақтыру аса тиімді болады.
- Алаңдату әрекеттерімен лақтыру.
Бұның мәнісі – дайындық фаза бір техникалық амалдан, ал негізгісі – басқадан тұрады. Мұндай лақтырудың мысалы ретінде «лақтырып жберу» болады.
Дайындық фазада ойыншы екпін, сермеу – тура шабуыл ұрысты орындауға тән барлық әрекеттерді орындайды. Бірақ қол сермеу жағдайында белгіленбейді.
Ойыншы ұшудың жоғары нүктесіне жетп, денесін торға перпендикуляр бұрып, бір уақытта «ұратын» қолын басының артына түсіреді де басқа қолын секіріп тұрып лақтыру үшін бастапқы жағдайға көтереді.
Артқа қарай лақтыру кезнде алаңдату осылай орындалады. Ойыншы барлық өзінің түрімен алдыға қарай лақтыратынын көрсетеді, бірақ соңғы сәтте ол доп басынының үстінде болуы үшін доптың астына жылдам тұрады да, артқа қарай лақтыру техникасымен байланысты барлық қимыл-қозғалыстарды орындайды.
Лақтырулар.
Лақтыру түрлері келесімен анықталады:
— иықтың көлденең өсінің тор жазықтығына қарай орналасу;
— доптың орналасу деңгейінің ұратын білезігінің ждоппен жанасу сәтінде иықтардың көлденең өсі деңгейіне қарай.
Осыдан шыға отырып, лақтырулар тура, бі жақты, төмен және жоғары болып жіктеледі.
Тура лақтырулар:
Ойыншы иықтарының көлденең өсі лақтыру сәтінде тор жаөызтығына параллель екені тура лақтыруды анықтайды.
Бір жақты лақтырулар.
Ойыншы иықтарының көлденең өсі жағдайы тор жазықтығына лақтыру сәтінде перпендикуляр немесе шамалы перпендикуляр екені бр жақты лақтырууды анықтайды.
Төмен лақтырулар.
Төмен лаққтыру сәтінде ұратын қол білезігі допты беріп отырған ойыншы иықтарының көлденең өсінен төмен болған доппен жанасады.
Жоғары лақтыру.
Жоғары лақтыру барысында ұратын қол білезігі допты беретін ойыншы иықтарының көлденең өсінен жоғарыда болған доппен жанасады.
Лақтыруды орындай техникасы
- Тура төмен лақтыру:
Ойыншы бетімен торға қарап орналасады. Аяқтары иық жалпақтығында. Ұратын қолға қарсы аяқ алдыға қарай тұрады. Ұратын қол сермеу жағдайында артқа қарай болады, басқа қол допты лақтыру кезінде (бастан 1 м жоғарыда) дене ауырлығы оң аяққа түседі, сол аяқ браз бүгіліп, босайды, және ұшымен алаңның үстіне иық екіншісінентөмен қарай болу есебімен кеуде оңға қарай қисаяды.
Қол сермеуге қарай қозғалады, жанына қарай-төмен түсріледі. Ұру үшін алға қарай жылжығанда оынң жамбасы алға шығады.
Дененің төменгі жақ бөлігі түзелгенде кеуде солдан-оңға қарай түзеледі де, торға қарай бұрылады. Ұратын қол түзелген доғал бойынша жоғары-алға жылжиды. Ұшу кезнде алда тұрған аяқ ұратын иықпен бірге түзу сызықты құрайды.
Қолдың қозғалысы біртіндеп жиілейді және допқа тигенше жылдамдығыы тездетіледі. Ұру күшті кеудені қуатты қолдың қозғалысымен бірге иықты көтерумен өседі.
Әрі қарай беру әдісінің техникасы
Бастапқы жағдай – аяқ иықтың бойымен бірдей, параллель немесе екіншісімен алға (келесі әрі қарай берудің бағытына байланысты) тізеден бүгілген. Қол түзелген және алға-төмен бағытталған, шынтақ жақындасқан, саусақтар біршама байланысқан. Кеуде аздап алға бұрылған әдісті жүзеге асыра отырып, ойыншы әрі қарай беру кезнде доп алдында тұратындай етіп тұрады.
Доп саусаққа жақындап иықпен қабылданады. Түзу қол қозғалысымен алға-жоғары иық буынымен ғана жүзеге асырылады. Кеуде түзеліп, аяқ бүгіледі.
Допқа ілесетін қимыл-қозғалысты аяқ және кеуденің бүгілуімен, қолдың алға-жоғары жылжуы, доптың соңынан кеудені түзеп, аяқты бүгіп түзеледі. Бұл амалдың техникасы ойыншыға доптың ұшу жылдамдығымен және оынң траекториясының биіктігіне байланысты. Доп белдік деңгейінен төмен баяу ұшқанда, ойыншы нық тұрғанда, оны төменнен қолдың алға-жоғары түзелген қозғалысымен қабылдайды.
Кейде допты оның бір жағынан ұшып бара жатқан кезнде ұстауға тура келеді. Бұл жағдайда ойынша доп жаққа бұрылады, біріккен қол келе жатқан допты қағып алады. Кеуде доптан басқа жаққа бұрылады, сол кезде бір иық доп ұшқан жаққа қарай көтеріліп, екнші иық түседі. (егер қолдар допқа қарай бағытта ашық болмаса, ол сол жаққа бағытталады).
Шабуыл ұрыс.
Шабуыл ұрыстар иықтың көлденең өсі бойынша, әрі қарай беру сипатына, бағыты бойынша және ұрғаннан кейін доптың ұшу жылдамдығы, атака сипаты бойынша бөлінеді.
Ұрысты иықтың көлденең өсі орналасуы бойынша бөлінеді:
▪ түзу – иықтың көлденең өсі ұрыс кезінде тордың жазықтығына параллель;
▪ бір жақты – иықтың көлденең өс ұрыс кезінде тордың жазықтығына перпндикуляр немесе үшкір бұрышта болады.
Әрі қарй беру сипаты бойынша:
▪ ұшу траекториясының жоғарғы нүктесіне жеткеннен кейін түсетін өлшенген доп бойынша;
▪ ұшу траекториясының жоғарғы нүктесіне жеткеннен кейін ұмтылып, шығаратын доп бойынша;
▪ ұшу траекториясының әр түрлі нүктесінде өлшемделген доп бойынша;
Ұрғаннан кейін доптың бағыты және ұшу жылдамдығы бойынша
▪ қадам бойынша – ұрғаннан кейін доптың ұшу бағыты шабуыл жасаушы ойыншының жүгіоу бағытымен шамамен сәйкес келеді;
▪ бұрылумен – ұрғаннан кейін доптың ұшу бағыты шабуылшының жүгіруімен сәйкес келмейді.
Атака сипаты бойынша:
▪ Ұрғаннан кейін доптың ұшуының максималды бастапқы жылдамдығына көңіл бөлінгендегі күшке (бағыты есепке алынбайды);
▪ ұррғаннан кейін доптың бағытына ғана көңіл бөлінгендегі дәлдік;
▪ бір қолмен орындалатын жалған шабуыл әрекеті, екі қолмен орындалатын жалған шабуыл әрекеті.
Шабуыл ұрысын орындау техникасы.
- Тікелей шабуылдаушы ұрыс. Жүгру біршама қозғалыс жылдамдығына жету үшін және оын секіру үшін максималды пайдалану үшін орындалады. Жүгру ұзындығы 2-4 метр. Бірінші қадам үлкен емес, жылдамдық аз. Екінші қадам жүгіру бағытын түзейді, оның ұзындығы үлкейеді, уақыт қысқартылған, жылдамдық өседі. Үшінші қадамда жүгірудің көленең жылдамдығы секірудің тік жылдамдығына өзгереді. Соңғы қадам секіріп орындалады және секіруші ретінде классификацияланады. Мұнда бір аяқты (әдетте, оң аяқты) алға алып шығады және өкшеге қояды, табан бүгілу жағдайында аяқтың ұшы өзіне қарай. Екінші аяқпен соңғы қадамда тұғырдан серпіледі әне оң жаққа қояды. Серпілуді біріншіден, доғал бойынша арттан-алға-жоғары, қол қозғалысымен, одын кейін аяқты барлық буында бүгед. Ойыншының аяғы тұғырдан серпілгенде, дене жоғары және аздап алға жылжиды – бұл ұшу фазасы. Ойыншы ұшумен бірмезгілде оң қолымен жоғары – артқа серпу жасайды. Серпу кезінде келесі қозғалыс тізбегін сақтау қажет: иық, білек, саусақ. Білек желкеге жіберіледі, блезік алақанмен жоғары қарай бұрылады, оң иық сыртқа беріледі. Шынтақты көтеру биіктігі ойыншының жеке ерекшеліктеріне байланысты кең ауқымда айналады, бірақ шынтақ иық буынының өсінен жоғары болуы керек. Ұру қимылын дененің тік өсінің айналасынан бұрудан бастайды, бір уақытта оң иықты алға шығарып, көтеред. Бұл қимыл допты ұрғаннан кейін қосылатын қолдың бастапқы жылдамдығын береді, қолды, шамалы түсіреді, доп ұшуына бағыт бере отырып. Ұру қимыланда тік өсінен солға тұрған кезде қол доптың үстінен оң жағынан болатындай қол шамалы доғал бойынша алға-солға жылжиды. Бір уақыттта білезік супинирленеді, үлкен бармақ жоғары көтеріледі. Қолдың қимылымен сол иық біршама алға шығарылады. Допты ұрғаннан кейін қолдар алға-төмен түсіріледі.
Бір жақты шабуылмен ұрыс. Екпін тура шабуылшы ұрыс кезіндегдей орындалады. Ойыншы секіруден кейін өкшелер торға параллель, дене қарсы ұратын қолға жанымен торға перпендикулыр орналасады. Түрткіден кейін қолдар алға-жоғары иық деңгейіне дейін шығарылады. Осыдан ұратын қол слтеу жағдайына қарай төмен түсіріледі. Сілтеу дененің белде бұрылуымен және еңкеюмен ілеседі, содан кейін тура қолдың шұғыл қимылымен допты ұрады. Бір жақты шабуылшы ұрыстар білезікті аударумен және бр уақытта дененің бұрылуымен орындалуы мүмкін.
Блоктау. Ойыншылардың қорғаныс әрекеттернің санына бірінші жолда, ең басты, блоктау жатады. Ол қарсыластың торға ткелей жақындықта, оның жоғарғы шетінен шабуылшы ұрыстары бейтараптандыруға мүмкіндік береді. Блоктау әрекеттері оларға қатысатын ойыншылардың саны және тактикалық бағыттаушылықьары бойынша келесіге бөлінеді: — жалғыздық блоктау – шабуылды бейтараптандыруда бір ойыншы қатысады; — топтық блоктау – шабуылды бейтараптандыруда екі немесе үш ойыншы қатысады; — зоналық блоктау – блоктаушы немесе блоктаушылар өз командасының аса әлсіз орындарын; — өз алаңының анықталған, әлсіз қорғалған зоналарын; қорғаныс әрекеттерін осал игерген ойыншылардың немесе олардан алдын-ала босатылған ойыншыларын қорғауды қамтамасыз етеді; — ұстаушы блоктау – блоктаушы немесе блоктаушылар шабуылшы қарсыластың ұрысынан кейін доп ұшуының барлық болжамды траекториясын жаба отырып, барлық қорғалатын алаңға қорғанысты қамтамасыз етеді. Тәжірибеде оны «қозғалмалы блок» деп атайды. — аралас блоктау – зоналық және ұстаушы блоктаудың орынды үйлесімі. Мұнда бір уақытта бірнеше ойыншылар қатысады.
Блоктау техникасы.
- Жалғыздық блоктау. Ойыншыға шабуылшы ұрыс үшін допты қарсыластың лақтыру бағыты мен биіктігін анықтап, блоктаушы шабуыл зонасына жылжиды: 2 метр қашықтыққа – секіріп барады, 3 метрге дейін және одан көп қосымша қадамдармен. Соңғы қадам секіріліп және бөгеліп тұрып орындалады, сонымен брге, бөгелу қимылы өкшенің ішкі жағымен жүзеге асырылады. Тіреусіз фазаға көз бақылау доптан шабуылшының қимылына ауысады. Шабуылшының дайындық әрекеттері бойынша ұрыстың бағытын анықтап, блоктаушы қолдарын түзейді және оларды бір уақытта тор арқылы өткзіп доптың болжалды ұшу бағытына қарай ауыстырады, сонымен қатар білек торға қарай біршама түсіріледі, қолдардың саусақтары ашылған және тиімді ширатылған. Доп жақындағанда қолдар шынтақ буында түзеледі және алдыға- жоғары қозғалады. Бір уақытта білезіктер нұрбілек буындарда бүгіледі: саусақтар алға-төмен қарсчылас алаңына қозғалтылады. Блок аяқталған соң жоғары көтеріледі, ойыншы бүгілген аяққа отырады. Блоктың басты элементтері секіру үшін орынды және уақытты таңдау және сетканың үстінен қолдарды қою болып табылады. Қағида бойынша, блоктаушымен секіру сәтін таңдау шабуылшының әрекеттерімен анықталады: — сеткадан алшақ лақтырудан жылдам ұрыс кезінде – шабуылшы қолының ұру қимылының басы; — төменнен лақтырудан жылдам ұрыс кезінде (жартылай өлшемделген) – аяқтардың тіреуден алу сәті немесе қолдарды шабуылшының басынан (итерілгенде) шығару; — шабуылшымен бір уақытта төменнен лақтырумен (жартылай өлшемделген) жылдам ұру барысында; — жоғарыдан лақтырумен жылдам ұру кезінде – шабуылшы қолдарының ұру қимылының басы. Бұл бағдарлар, егер шабуылшы немесе блоктаушының басты бірдей болған жағдайда секірудің басы үшін тиімді болатынын атап өту керек. Аса төмен бойлы блоктаушы біршама ертерек секіру қажет, аса биікке- кейін.
- Топтық блоктау. Топтық блоктау, ең біріншіден, бр уақытта блоктауды орындайтын екі немесе үш ойыншылардың арасында әрекеттердің келісімділігн ұйғарады. Блокты нақты ұйымдастыру үшін блоктаушылардың арасында қызметтердің бөлу қажет: — негізгіі блоктаушы – аса қауіпті ұрыс бағытын блоктау тапсырылатын немесе қорғалатын алаңның аса осал жерін қорғайтын ойыншы; — қосымша блоктаушы – қарсыластың шабуыл әрекеттерінен кейін доптың ұшуының аз қауіпті, екіншілік траекториясын, жабатын ойыншы. Қосымша блоктаушылардың қызметі негізгі блоктаушының әрекеттері соңғы сәтте анықталған кезде өз қолдарын оның қолдарына тығыз қосуда болады. Осыған байланысты қосымша блоктаушыда тіреусіз фазада қимыл техникасы біршама өзгереді. Бұл қосымша ойыншы немесе ойыншылар соқтығыспай үшін негізгі блоктаушылардан біршама қашықтықта секіру тиістігінен және кейін тіреусіз фазада қолдарын соза отырып, серктестің қолдарына қосумен туындайды. Егер ұрыс үлкен қашықтықта жасалса, онда қолдарды жылжыту орынды болмауы мүмкін. Өйткені доп саусақтардың фалангаларын жарақаттауы мүмкін, ал білезіктің сыртқы бөлігіне түсіп қорғаушылардан және сақтандырушы ойыншылардан өте алыс жерге ұшып кетуі мүмкін. Сондықтан, блоктаушылар тордан алшақ жерден ұру кезінде нұрбілек буындарында білезіктерін (өзіне қарай) бүгеді. Торға жақын жерден ұру кезінде қарсыласқа қарай блезіктермен қоса білектерде жылжиды. Ұру қимылында білезктер ұшып кету күшін күшейту үшін және допқа үлкен жылдамдық және қолдардан аса үшкір бұрыш көрну үшін допқа қарсы қимыл жасайды. Тордың шетінен орындалатын шабуыл ұрыстарды блоктау кезінде бір қол (шеткі сол немесе оң, 2-ші немесе 4-ші зоналардан шабуыл жасағанда) супинирленеді және доптың алаңның шетіне секіріп, ұшып кету бағытын жабады.
Әдебиеттер:
Негізгі:
- Ариянц А.Г. Волейбол. М., ФиС., 1986
- Айриянц А.Г. Волейбол. Правила соревнований., 1992
- Вершинский Е.В. Спортивные игры. Гл. «Волейбол»., под редакцией Козлова М.С., 1962
- Железняк Ю.Д. 120 уроков по волейболу. М., 1965
- Амалин М.Е. Тактика волейбола. М., 1962
- Ивойлов А.В. Тактическая подготовка волейболистов. М., 1960
- Ивойлов А.В., Ахрема А., Герман К.Б. Волейбол /тактика, техника, тренировка/. Минск, 1992
- Клещев Ю.И. Тактическая подготовка волейболистов. М., 1963
- Чехов О.С. Основы волейбола. М., ФиС, 1989
- Андрушишин И.Ф., К.В. Ильющенко Учебное пособие для физкультурных вузов Алматы, 1999.
- Матвеев Л.П. Теирия и методика физического воспитания. — М:ФиС 1991
Қосымша:
- Алиханов С.И. Исследования нападающих ударов в волейболе методом акселерации. Теория и практика физической культуры. М., №5, 1960
Голомозов В.А. Обоснование техники и тактики игры. Минск, 1962 3. Фурманов Д. Волейбол. М., ФиС., 1963
#Волейбол #ойынының #техникасын #жіктеу
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз