«Өсімдік — тірі ағза» тақырыбында слайд туралы қазақша
Жәй көзбен қарағанда өсімдік өсіп-өнуі өзгеріссіз болып көрінеді. Бірақ та оның бойында көптеген процестер жүріп, жапырақтарының түсі, сабағы, жемісі әрдайым өзгерісте болады. Сол себепті «өсімдік — тірі ағза» ретінде қарастырылады. Осы слайд өсімдік әлемімен, оның құрылысы мен атқаратын қызметі жөнінде біраз мәлімет береді.
0°С-тағы температурада жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің өсуі нашарлайды. Ал сәл 0°С-тан жоғарғы температурада әлсіз өсу байқалады, ары қарай температураның көтерілуіне сәйкес өсу жоғарылай береді. Көріп отырғанымыздай өсімдіктер ауа райына тікелей байланысты. Сонымен қатар өсімдіктердің өсуіне ең қажетті бір жайт — жарық. Жарық болмаған жағдайда өсімдік бойында фотосинтез процесі жүрмейді. Одан кейінгі маңыздысы топырақ және оның құрамындағы минералды заттар болып табылады.
#Өсімдік #тірі #ағза #тақырыбында #слайд
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз