Құқық шығармашылығының түсiнiгi мен мазмұны туралы қазақша
Қоғамды басқаруда мемлекет пен құқық сан алуан нормативтiк актiлердi өмiрге әкелiп, ескiргенiн жаңартып, кемшiлiктерi болса толықтырып отырады. Бұл процесте заңға көп күрделi талаптар қойылады. Заң неғұрлым мазмұны жағынан өмiр талаптарына сәйкес, халықтың ойы мен негiзгi мүдделерiн терең қамтыса, нысаны жағынан да әбден жетiлсе соғұрлым ол тәуелсiз демократиялық мемлекет құру күресіне тиянақты үлесін молынан қосады, заңның беделi артады. Сол себептi заң жобасын жасауға оны жан-жақты талқылауға көпшiлiк халықтың, қоғам ұйымдарының белсене қатысуы бiздiң жалпы халықтық мемлекетiмiзде заңдылыққа айналды. Өте маңызды заң жобалары халықтың талкылауына түседi. Заң қабылдайтын орган — Парламент көпшiлiктiң ұсыныстарына жiтi көңiл бөледi, оның тұрақты комиссияларында мұқият тексерiлiп, Парламентке арналған ұсыныстар алынады. Демократияның қағидалары осьшайшазаң қабылдау саласында iс жүзiне асады. Заң жобасы туралы пiкiр айтуда азаматтарға, олардың қоғамдық ұйымдарына шек қойылмайды. Мұндай ұсыныстар тиiстi мемлекеттiк органдарда жан-жақты қаралады. Заң жобасын ұсынудың ерекше түрi бар, оны депутаттар тобы мен мемлекеттiң үкiметi ғанажасай алады. Олардың ұсынған заң жобалары Парламенттiң талқылауына түседi. Заңға тәуелдi нормативтiк актiлерде осылай жан-жақты талқылаудан өтiп барып қабылданады.
Құқык шығармашылық процесiнiң сапасын жақсартуға екiншi зор үлес косатын елiмiздегi сан алуан нормативтiк актiлердi топтастырып жүйе-жүйеге, сала-салаға бөлiп реттеп отыратын. Әділет министрлігі қоғамның диалектикалык даму барысында мемлекеттiк органдардың құқықтық нормаларын жасақтау мiндетi де күшейе түседi. Бұрын қабыл-данған кейбiр заңдар күшiн жояды немесе оларды жаңа жағдайға бейiмдеп толыктыру талабы қойылады. Осыған байланысты мезгiл-мезгіл сол кұқықтық нормаларды қайта қарау, реттеу, бiр жүйеге келтiру қажет. Нормативтiк актiлердi реттеудiң негiзгi екi жолы бар. Олар — инкорпо-рация және кодификация деп атайды. Инкорпорация — қолданып келген күкыктык нормаларды мазмүны жағынан өзгертпей, сыртқы белгiлерi мен көрiнiстерi бойынша ғана бiр жүйеге келтiру сөйтiп, оларды пайдалануды жеңiлдету. Ал кодификация — құқықтық нормаларды салала-рына сэйкес талдап жинау қайта қарау арқылы жаңа жағдайларға сай етiп жаңа заң шығару яғни заңды мейлiнше жетiлдiру.
Құқық шығармашылығының негізгі қағидалары:
1. Демократизм мен жариялық — шығармашылық процесiне калың-бұқара, қоғамдық ұйымдар, бiрлестiктер, еңбек ұжымдары, сая-си партиялар, ақпарат, заңгерлер, ғалымдар қатысып, өздерiнiң пiкiрлерiн айтып, ұсыныстарын бередi. Өте күрделi мәселе бойынша жалпы халық-тық референдум жүргiзiледi.
2. Заңды кәсіпқойлық — мемлекеттiң заң шығармашылық органда-рының кэсiпкойлық саласын көтеру, оның жұмысына заңгерлердi, ғалымдарды, социологтарды, политологтарды т.б. тэжiрибелi азаматтарды қатыстыру. Заң шығармашылық процестiң сапасын көтеру үшiн: бiрiншiден — кыска жэне ұзақ мерiзiмдi заң шығару жоспары болу ке-рек; екiншiден — заң жэне заңға тэуелдi нормаларды шығарудың көп жылғы тексерiстен, тэжiрибеден өткен ережелерi болу қажет; үшiншiден
— заңның жобасын тэуелсiз ғылыми экспертизадан өткiзiп барып, парла-ментте талқылау керек; төртiншiден — парламенттегi депутаттардың күкыктык сауаттылығын қалыптастыру қажет.
3. Құқық шығармашылықтағы заңдылық жаңа қабылданғанмен нормалар Конституцияның талаптарына сәйкес өмiрге келуi қажет. Егерде мемлекеттiң ең жоғарғы өкiлеттi органдары Конституцияға нұқсан келтiрсе, ол мемлекеттен жақсылық күтуге болмайды.
4. Құқық шығармашылық процесінің ғылыми сапасын көтеру. Бұл үшiн коғамның саяси-экономикалық, мэдени-элеуметтiк жүйелерiн жан-жақты зерттеп, олардың ғылыми түрғыдан талаптарын анықтап, корытынды түжырымдар жасап, оны қалай сапалы заңға айналдыру жолдарын, бағыттарын белгiлеу Ол ғьшыми тұжырымдарды тәжiрибеден, тексерiстен өткiзiп алу керек.
Сонымен, кұкык шығармашылық мемлекеттiң жұмысының ең күрделi, өте жауапкершiлiк түрi. Норма шығармашылық коғамдағы карым-катынастарға тiкелей ықпал ететiн негiзгi жол, кұкыққа мемлекеттiк күш беретiн күрал. Құкық шығармашылық тек мемлекеттiң жұмысы, мемлекеттiң, қоғамның, жеке адамдардың мүдде-мақсатын iске асыратын, орындайтын бiрден-бiр айқындалған жол. Басында норма туралы ой-пiкiр табиғи жолмен қалыптасып жаңа қатынастарды реттеуге, баскаруға үлес коса бастайды. Бiрте-бiрте ой-пiкiр норманың жобасына айналады. Сөйтiп, мемлекеттiк органның қарауына, талкылануына түседi. Құқык шығармашылыктың үш түрі бар:
1. Тiкелей мемлекеттiк органның нормативтiк актiлердi қабылдауы, бекiтуi, шығаруы: 2. Өмiрде көп жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтiк нормаларды кабылдап, бекiту. 3. Нормаларды референдум арқылы бекiту. Норма шығармашылық-тың өзiне тән кағидалары: әдiлеттiк, демократизм, заңдылық, теңдiк, достық, бостандық. Мiне, осы қағидалар дұрыс дамыса мемлекеттiң жақсы жұмыс жасауының сипаттамасы. Бұл қағидаларды бұзуға жол бермеу керек.
Норма шығармашылықтың кезеңдерi: 1. Норманың жобасы туралы тиiстi органға ұсыныс жасау. Ұсыныс жасайтын субъектiлер әр мемлекеттiң конституциясында көрсетiледi. 2. Тиiстi ресми мемлекеттiк орган қаулы қабылдап жоба жасауға тапсырма бередi. 3. Жобаны талқылау. Оған мамандарды, заңгерлердi қатыстыру 4. Жобаны парламентте талқылау. 5. Нормативтiк актiнi кабылдау, бекiту 6. Норманы жариялау.
Жаңа норманың сапалы болып шығуына, мазмұнды, ықшамды бо-луына өте катаң көңiл бөлу терминдерге түсiнiк беру; көп жүйелердi бiрiктiрiп халыктың түсiнуiн ауырлатуғажол бермеу Оның орнына бiрнеше жеке норма шығарған дұрыс. Норманың мазмұнын үш түрде беруге болады: — тiкелей сол норманың өз iшiнде толық мазмұнның болуы (гипотеза, диспозиция, санкция); — сiлтеме түрде беру — норманың бiр бөлiмi, элементi жетiспесе сол заңның басқа баптарына сiлтеме жасау; — бланкеттiк түрде беру — норманың жетiспейтiн жерi туралы баска заңдарға сiлтеме жасау.
Мемлекет және құқық қоғамдағы халық үшiн, олардың мүдде-мақсаттарын iске асыру үшiн, орындау үшiн өмiрге келедi. Олар қалың-бұқара атынан жұмыс жасайды. Кеңестiк тоталитарлық жүйе кезiнде бұл мэселе керiсiнше айтылып, керiсiнше жүмыс жасалды. Онда адамдар мемлекет үшiн жұмыс жасайды деп келдiк. Бұл пиғыл, пiкiр бiзде қазiр толығымен жойылды. Мемлекет және құқық халық үшiн жұмыс атқарып, солардың мүдде-мақсаттарын iске асыратын болды. Бұл мiндеттерiн мемлекет пен құқық қалың-бұқарасыз дұрыс уақытында орындай алмайды.
#Құқық #шығармашылығының #түсiнiгi #мен #мазмұны
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз