Эпидидимит туралы мәлімет | туралы қазақша

0

Эпидидимит — ен қосалқысының кабынуы, көбіне жұкпалы аурулардың (тұмау, баспа, пневмония) асқынуы ретінде гематогенді жолмен ен қосалкысына инфекцияның өтуінен дамиды. Эпидидимитті әр түрлі микроорганизмдер мен вирустар да туғызуы мүмкін. Оның жарақаттануы да қабынуына себепші болады (10% жағдайларда). Көбіне инфекция ұрық шығатын өзектің антиперистальтикалық жиырылуы арқылы үрпі қабынуынан, сондай-ақ үрпіге катетер енгізу немесе үрпіні аспаппен тексеру барысында жарақаттануынан ен қосалқасынан енеді. Үрпіде ұзақ уақыт катетерді ұстаудан да осындай жағдай қалыптасады. Бұл ауру әр түрлі жастағы балаларда, әсіресе мектеп жасындағы ер балаларда жиі байқалады.

Патологиялық анатомиясы. Ен қосалқысы тығыз, үлкейген, көлемі еннен де үлкен, кесіндісі кілегейлі немесе кілегейлі-ірінді сұйықтығы бар қошқыл-қызыл түсті. Ен қосалқысының өзекшелері ұлғайған, олардын іші кілегейлі іріңге толып тұрады. Ұрық шығаратын өзегі әдетте жуандаған, инфильтраты бар, қуысы тарылған, онда қосалқы өзектеріндегі секілді қабынған сұйықтық болады. Кейде қабыну процесіне ұрық жіпшесінің қабықшалары (фуникулит) да қатысады.

Клиннкалық барысы меп белгілері. Ауру ен қосалқысының тез үлкеюінен, оның шаншып ауруынан, дене температурасының 38-40°С-ге дейін көтерілуінен, қалтыраудан басталады. Қабыну мен ісіну ен қабықшасы мен ұмаға таралып, осының нәтижесінде ұманың терісі созылып, қатпарлары жазылады, қан тамырларына кан толады, ен қабықшасында шемен пайда болуы мүмкін. Ауру шапқа, кейде бел мен сегізкөзге қарай таралады, қимылдағанда кенет күшейеді, сондықтан науқастар төсекте жатуға мәжбүр болады. Балаларда эпидидимит кейде баяу дамиды, клиникалық белгілері байқалмайды; ен қосалқысы болмашы ісінеді және ұрық жіпшесі мен ен қосалқысын саусақпен басып көргенде ғана қосалқының үлкейгенін байқауға болады; емдеу нәтижелі болғанда таяудағы екі-үш тәулік ішінде ауыру басылып, ткань ісіну қайтады, дене қызуы біртіндеп төмендейді. Екі-төрт аптадан соң жедел эпидидимит кайтып, оның орнында дәнекер ткань тыртығы қалады. Ен қосалқысының абсцесі түзілетін кейбір ірінді жаралардың бірігуі немесе созылмалы эпидидимиттің пайда болуы сирек кездеседі.

Диагноз кою. Көп жағдайда жедел эпидидимитті анықтау қиындық туғызбайды. Мұнда саусақпен басып көру негізінде диагноз қояды: ен қосалқысының көлемі үлкейген, ауырады. Ауру басталған кезінде-ақ күрт үлкейген ен қосалқысы енді сақина тәрізді қоршап алған кезде, эпидидимит немесе орхит, әлде олардың ұштасуы (эпидидимоорхит) екендігін шешу қиындыкка түседі. Ен қабықшасының екіншілік (симптомдық) шемені пайда болғанда, бүл сүраққа жауап беру бүдан да күрделірек болады. Мұнда ультрадыбыспен сканирлеу айтарлықтай жәрдем көрсетеді. Асқыну құбылысы басылғанда қабынган ен қосалқысы өзгермеген еннен барынша айқын білініп түрады. Деферентит пен фуникулит пайда болғанда шаптың ауруы күшейе түседі.

Дифференциалдық диагаостикасы Аурудын клиникалық көрінісіне қарай және объективтік зерттеу мағлұматтары бойынша бейарнамалы эпидидимитті ен қосалқысының туберкулезінен ажырату кейде қиындыкка түседі. Эпидидимиттің екі түрінде де мүшенің үлкейгені, ошақты нығызданғаны, төмпешіктенгені байкалуы мүмкін. Алайда ұрық шығатын өзектердін өзгеруі, үмада ірінді жыланкөздің пайда болуы, зәрде туберкулез микобактериясының табылуы туберкулезді эпидидимитті дәлелдейді. Ен қосалқысынык пунктатыңан туберкулез микобактериясын табу немесе биопсияның мағлұматтары дифференциалды диагностика үшін шешуші рөл атқарады,

Емдеу. Жедел эпидидимитпен ауырған науқасқа ең алдымен төсекте жату режимі белгіленеді. Диетадан ащы, тітіркендіретін тағамды шығарып, сұйықтарды көбірек ішуді қосады. Қабынған мүшені тыныштандыру үшін суспензорий қолданады; аурудың алғашқы екі-үш тәулігінде мұз салған қалта түріндегі суықты пайдаланады, Ауру қоздырғыштарының түрін анықтау қиын болатындықтан, әсер ету спектрі кең антибиотиктерді (ампициллин, оксациллин, метициллин, гентамицин сульфаты, клафоран, канамицин, левомицетин және т.с.с.) қолданады немесе әсер ету спектрі шамалы екі антибиотикті (пенициллин мен стрептомицин, карбенициллин мен гентамицин) бірге қолданады, сөйтіп грамтеріс флораға әсер етуге тырысады. Қабыну процесі басылған соң ұмаға қыздыратын компресс ретінде жылу қояды, диатермияны немесе қабыну инфильтраты таралуы үшін УВЧ белгілейді. Егер ен қосалқысында абсцесс пайда болса, онда операция — абсцесті ашу керек болады. Ұзақ өтетін созылмалы эпидидимитте кейде ен қосалқысын сылып тастауға — эпидидимэктомия жасауға тура келеді. Диагностика үшін қиын жағдайларда жөне балаларды емдеуде көбіне ен қосалқысын (эпидидимитация) жаруға тура келеді.

Болжам. Бейарнамалы эпидидимитте болжам қолайлы болады. Алайда ауру қайталағанда ен қосалқысы мен ұрық шығаратын өзек бітеліп қалуы, ал екі жақты зақымдануда — бедеулік болуы мүмкін.

#Эпидидимит #туралы #мәлімет