Орхит (қазақша мәлімет) | туралы қазақша

0

Орхит — еннің қабынуы, әдетте жұқпалы аурулардың, ең алдымен, тұмау, эпидидимикалық паротит, бруцеллез, ревматикалык полиартрит, сүзек, пневмония секілді аурулардың асқынуынан болады. Ен закымданса да орхит пайда болуы мүмкін. Жаңа туған нәрестелерде орхит көбіне инфекциясы бар кіндік тамырларынан енге инфекцияның өтуінен пайда болады. Ересек балаларда ен тканінің қабынуы көбіне эпидидимикалық паротиттің аскынуы, кейде үрпіде катетердің ұзақ тұруы, еннің зақымдануы, гематогенді жолмен инфекцияның таралуы салдарынан туады.

Клинкалық барысы мен белгілері. Науқастар еннің кенеттен ауыратынына, қалтырайтынына, дене қызуының 38-39°С-гe дейін көтерілгеніне, еннің үлкейгеніне шағым жасайды. Әдетте 2-4 аптадан кейін орхит құбылысы басылады, бірақ бірқатар жағдайларда енде іріндеу процесі жүреді. Мұнда интоксикация салдарынан науқастардың жағдайы нашарлайды, еннің ауруы күшейеді, дене температурасы үнемі жоғарылап, ұманың терісі ісініп» қан тамырлары қанға толады. Бұдан соң абсцесс немесе ен атрофиясы пайда болуы мүмкін.

Эпидидимикалық паротитте орхит ауру басталудан 3 — 12 күн өткенде немесе бала сауыға бастаған алғашқы аптада дампаы. Науқастардың 30 процентінде екі жақты процесс байқалады. Кейде паротит орхиті ен атрофиясымен аяқталады.

Диагноз қою. Орхитті анықтауда еннің жаракаты мен жоғарыда аталған жұқпалы аурулардың белгілерінен басқа объективті зерттеулердің айтарлықтай маңызы бар. Орхит кезінде ұманың терісі кернеп тұрады, бірақ жедел эпидидимиттегідей ісінбейді. Ен қосалқысы үлкеймеген. Ұрық өзекшесі ісінген, жуандаған, бірақ жедел эпидидимиттен өзгеше, ұрық шығатын өзегі саусақпен басканда айкын анықталады, инфильтративты өзгерістер байқалмайды. Пайда болатын периорхит пен ен шемені ауруға диагноз қоюды қиындатады. Ен абсцесіне диагноз қоюға пункция мен алған ірің және ультрадыбыстық сканирлеу көмектеседі.

Дифференцналдық диагностикасы. Бейарнамалы орхитті ен туберкулезі мен ісігінен айыра білу керек. Ен туберкулезі көбіне ен қосалкысының туберкулезінен басталып, сонымен ұштасады. Ен ісігі орхиттан өзгеше, біртіндеп ауырмай үлкейеді, температура көтерілмейді, ен ісігін саусақпен басқанда ауырмайды. Дифференциалдық диагностика үшін ультрадыбыспен зерттеудің және ен биопсиясының шешуші маңызы бар.

Емдеу. Науқасқа төсек режимі және қабынған мүшеге (суспензорий) толық тыныштық керек. Диетадан ащы тағамдарды шығарады. Жедел орхиттің негізгі процесіне антибактериялық емдеу жүргізеді. Әсер ету спектрі кең антибиотиктерді (ампициллин, оксациллин, метициллин, гентамицин сульфаты, левомицитин, цефалоспорин және т.с.с.) қолданған жөн.

Ен абсцесінің пайда болуы ірінді жараны ашу керек деген белгі болып табылады. Егде адамдарда іріңді орхит кезінде орхиэктомия жүргізген жөн. Балалардың паротит генезді орхитінде жалпы қабынуға қарсы терапияға глюкокортикоид терапиясын (5 — 7 күн бойы тәулігіне 2 рет 20 мг-нан преднизолон немесе 100 мг-нан гидрокортизон), тәулігіне 3 рет 0,5 г-нан ацетилсалицил қышқылын қосады.

Болжам. Бейарнамалы орхитте болжам қолайлы болады. Кейбір жағдайларда ен паренхимасына таралған септикалық тромбоз инфарктке немесе мүшенің гангренасына әкеп соқтырады. Балалық, жас өспірімдік кезеңдегі екі жақты орхит бедеулікке ұласуы мүмкін.

#Орхит #қазақша #мәлімет