Еркектің жыныс мүшелерінің туберкулезі | туралы қазақша

0

Этиологиясы. Еркектің жыныс мүшелері туберкулезінің этиологиясы басқа мүшелердің осындай туберкулезіне ұқсас болады.

Патогенезі. Еркектің жыныс белгілері туберкулезінің патогенезіне тән ерекшелік оның бүйрек пен несеп жолдары туберкулезімен байланысы болып табылады. Қуық асты безінің, ұрық көпіршіктерінің, ен мен ен қосалқысының туберкулезімен ауыратын науқастардан олардың бүйрегі мен жоғарғы несеп жолдарын мүқият зерттегенде шамамен 50 процентінен туберкулез процесі табылған.

Бүйрек туберкулезіндегідей, туберкулездің алғашқы немесе кейінгі таралу кезеңінде инфекция гематогенді жолмен жыныс мүшелеріне түседі. Алайда мүшеге туберкулез микобактерияларының түсуі барлық жағдайларда бірдей аурудың клиникалық дамуын көрсетпейді, ол кейінірек өлде бір жаңа немесе жергілікті қолайсыз факторлардың (тоңу, сыртқы жыныс мүшелерінің зақымдануы және т.с.с.) әсер етуі нәтижесінде пайда болады.

Ен қосалқысының туберкулезі көбіне еркектің жыныс мүшесі туберкулезінің алғашқы клиникалық көрінісі болып табылады. Сондықтан бұрын туберкулез алдымен ен қосалқысын зақымдайды, одан соң.басқа жыныс мүшелеріне таралады деп есептейтін, яғни туберкулез ең алдымен қуық асты безінде пайда болып, кейін үрық көпіршігі мен ен қосалқысына таралады деп қабылданды. Қуық асты безі мен ен қосалқысының бір мезгілде гематогенді зақымдануы да жоққа шығарылмаған. Қалай болғанда да, еркектің жыныс мүшелері туберкулезінің патогенезі жөніндегі мағлұматтардан мынадай практикалық қорытынды шығады: ен қосалқысы туберкулезінің белгілері білінгенде басқа жыныс мүшелері несеп жүйесінің мүшелерін тексеру қажет.

Патологиялық анатомия. Еркектің жыныс мүшелері туберкулезінің макроскопиялық морфологиялық көрінісі өте ерекше болады. Бастапқы сатыда, инфильтративтік процесте мүшенің ісігені, бөрткені, нығыздалғаны байқалады, оның беті бедерленеді. Аурудың одан әрі дамуында инфильтрация ошақтары іріндеп, ыдырай бастайды. Бірқатар жағдайларда бұл процесс көршілес тканьдерді (ен мен ен қосалқысының туберкулезінде үманы, қуық безінің туберкулезінде — несеп шығару өзегін) де қамтиды. Туберкулез ошақтары некрозды және ірінді заттардан арылып, каверналар түзіледі.

Ен қосалқысының туберкулезі көбіне оның төменгі, «құйрық» бөлімінде басталып, одан соң осы мүшенің қалған бөлімдеріне, сондай-ақ еннің оған жанасып жатқан бөлігіне де таралады. Процестің басында ен мен оның қосалқысының бетінен жекелеген туберкулез төмпешіктері көрінеді. Біртіндеп ен қосалқысы немесе еннің өзі қосалқымен бірге ыдырау және іріндеу ошағына айналады. Көп жағдайларда ен қосалқысының үлкейетіні соншама, ол енді барлық жағынан дерлік қоршап алады, бірақ еннің өзі өзгеріссіз қалады — ол ен қосалқысына қарағанда әлдеқайда сирек зақымданады. Ен мен ен қосалқысының туберкулезі көбіне екі жақты болады, бірақ әдетте алдымен бір жақта пайда болады.

Куық асты безі мен ұрық көпіршіктерінің туберкулезі де төмпешік түзуден басталады. Мұндай төмпешіктер кейін инфильтрация ошақтарына қосылып, казеозды некроз бен ірінді ыдырауға ұшырайды. Туберкулез абсцесі пайда болып, көршілес тканьдерге (барынша қолайлы жағдайларда — несеп шығару өзегіне) ашылады да, олар босаған соң -каверна пайда болады. Қуық асты безі мен үрық көпіршіктеріндегі өзгерістер әдетте сыртқы жыныс мүшелерінің зақымданған жағына сай келетін түста жақсы байқалады. Ауру асқынған кезде бұл процеске ұрық шығаратын өзек те қатысады, ондағы толып жатқан инфильтрация ошактарында кезектесіп келіп отыратын қалыпты учаскелер болады (тәспі тәрізді ұрық шығаратын өзектің көрінісі). Еркектің жыныс мүшелері туберкулезінің микроскопиялық көрінісі басқа мүшелер туберкулезінің осындай көрінісіне ұқсайды.

Белгілері мен клиникалық барысы. Еркектің жыныс мүшелері туберкулезімен ауыратын науқастардың жалпы күйі көбіне қанағаттанарлық болады. Шұғыл басталатын бастапқы сатыда дене температурасы көтерілуі мүмкін, қанның анализі лейкоцитозды анықтайды, ЭТЖ артады.

Еркектердің жыныс мүшелері туберкулезінің жергілікті белгілері айтарлықтай патогномиялы. Процестің алғашқы клиникалык көрінісі, әдетте, ен қосалқысы жағындағы өзгерістер болып табылады. Ен қосалқысының туберкулезі еркектердің жыныс мүшелеріндегі барлық аурулардың шамамен 20 процентін қүрайды. Әртүрлі статистикалық мағлұматтарға қарағанда, 7-50 процент жағдайларда ен қосалқысының екі жақты ауруы кездеседі. Бұрын туберкулез эпидидимитіне болбыр, созылмалы ауру тән деп есептейтін. Алайда жарақаттануға немесе суық тиюге байланысты ен қосалқысының туберкулезі науқастардың 1/3-інде жедел басталады. Мұнда ұманың тиісті жартысы қатты ауырып, бірнеше сағаттың ішінде гиперемия мен оның ісінуі басталады. Ұма үлкейеді, ен мен ен қосалқысы нығыздалады. 3-5 күннен кейін жедел ауру басылады, бірақ үлкеюі, әркелкі нығыздалуы және бедерлілігі сақталады. Бұдан әрі зақымданған ен қосалқысы ұманың терісімен бірігіп, одан соң бүл түста іріңді жыланкөз пайда болады. Мұндай жыланкөз ен қосалқысы қабынуының туберкулезді тегіне тән белгі болып табылады, бүл оның биарнамалы эпидидимиттен айырмашылығы болып саналады. Іріңнің жылан көзбен шығуы науқасқа біраз жеңілдік өкеледі, бірақ ен қосалқысындағы өзгерістер өрши береді, ен қосалқысының орнында біртұтас төмпешікті тығыз конгломерат пайда болады.

Қуық асты безі туберкулезінің белгілері аса көп емес. Ауру басталғанда науқастар зәр шығарудың болмашы бұзылғанына, ептеген ауру түйсіктеріне шағым жасайды, көбіне шағымданбайды. Осы қуыстар мен несеп шығару өзегі арасындағы үрпіден ірің шығуына ұштасатын терең жара мен безде туберкулез қуыстары пайда болғанда дизурия кұбылыстары кенет көбейеді. Әдетте мұндай науқастардың зәрінен туберкулез микобактерияларын табады. Куық асты безі туберкулезінің объективтік белгілері өзіне тән болады. Бастапкы сатыда оны тік ішек арқылы саусақпен зерттегенде без бетінің сәл төмпешікті екенін, оның терең қабатында шағын түйіндердің болатынын анықтайды. Аурудың едәуір кейінгі сатыларына қуық безінде қомақты, қатты түйіндердің болуы тән.

Ұрық көпіршігінің туберкулезінде оны қуық асты безі үстіндегі жұмыр түйінді сипау арқылы анықтайды. Көбіне үрық көпіршіктерінің туберкулезі қуық безінің туберкулезіне үласатындыктан, процесс асқынған жағдайда олар қосылып кетеді. Ұрық шығаратын өзек туберкулезін ондағы тәспі төрізді түйіндерді сипау арқылы байқайды. Егер бұл процеске үрық бауының тканьдері қатысатын болса, ол жуандап, нығыздалады (туберкулез фуникулиті). Жыныс мүшесінің туберкулезі оның басындағы жара және каверналы дененің түйіндері түрінде өте сирек кездеседі.

Диагностика. Жыныс мүшелерінде көптеген төмпешіктер, ал ұмада ірінді жыланкөздер пайда болатын өте асқынған жағдайларда ғана ауруды анықтау қиындық туғызбайды. Аурудың ерте сатыларында диагноз қою көбіне қиын болады. Ең алдымен анамнезге кеңіл аудару қажет. Белгілі бір басқа мүшенің, әсіресе бүйрек пен несеп жолдарының туберкулезді бастан өткізуі зор диагностикалық маңызға ие болады. Туберкулезбен ауырып шыққан науқаста эпидидимит пайда болады, ең алдымен туберкулез этиологиясына күмән туғызу керек. Белгілі бір мүшенің туберкулезбен қатар жарақатгануының бүдан да зор диагностикалық манызы бар. Созылмалы эпидидимитте өкпені, бүйрек пен басқа да мүшелерді мүқият зерттеу қажет.

Лабораториялық зерттеулер еркектің жыныс мүшелерінің туберкулезін ерте анықтауда маңызды рөл атқарады. Олар лейкоцитурияны анықтай алады, ал лейкоцитурия бүйрек пен жоғары несеп жолдары туберкулезінің немесе қуык безі туберкулезінің салдары болуы мүмкін. Несептің екі немесе үш үлгісін зерттеу арқылы лейкоцитурия көзін анықтайды. Туберкулез микобактериуриясын табудың маңызы зор, өйткені еркектерде оның көзі бүйрек пен несеп жолдары ғана емес, сондай-ақ қуық асты безі де болуы мүмкін. Созылмалы түрде өтетін эпидидимиттің әрбір жағдайында несеп пен қуық асты безінің секретінен туберкулез микобактерияларын іздестіру қажет.

Өкпені, бүйрек пен несеп жолдарын рентгенологиялық зерттеу диагностиканың келесі кезеңі болып табылады. Бүйректен немесе өкпеден туберкулез өзгерістерін табу жыныс мүшелері зақымдануының туберкулездік сипатына маңызды дөлел болады. Еркектердің жыныс мүшелерін рентгенологиялық зерттеу өдістері мынадай; вазовезикулография, эпидидимография (жалпы атауы «генитография»). Бұл әдістерді пайдалануда ұрық шығаратын өзектің аз бөлігін операциялық жолмен ашып, оның қуысына рентгенконтраст зат (әдетте йодлипол) жібереді: везикулография үшін — ұрық көпіршігіне қарай, эпидидимография үшін — ен қосалқысына қарай. Осы аркылы ұрық көпіршігінің, ұрық шығаратын өзек пен ен қосалқысының рентгенограммасында бейне алынады. Туберкулезбен зақымдануға ұрық шығаратын жолдардың белгілі бір бөліміндегі өзгерістер немесе өткізгіштіктің жойылуы тән.

Еркектердің жыныс мүшелері туберкулезінің диагнозын дәлелдеудің ең сенімді әдісі — биопсия. Ен мен ен қосалқысы тканінің бір тілімін әдетте ашық (операциялық) жолмен, ал қуық асты безі мен ұрық көпіршігі тканінің бір тілімін — пункциялық биопсия жолымен алады.

Дифференциалдық диагностика. Клиникалық-лабораториялық әдістер арқылы қуық туберкулезін рактан, асқынған созылмалы простатиттен, ал ен қосалқысының туберкулезін — созылмалы эпидидимит пен қосалқы ісігінен, ен туберкулезін — ісіктен, жыныс мүшесінің туберкулезін — рактан айыру қиын болады. Бұл аурулардың бәрінің клиникалық көрінісі бірдей: мүше үлкейеді, ткань ошақтанып, нығыздалады, оның беті бедерленеді. Дифференциалдық диагностика несептен немесе күдікті мүшедегі пунктаттан туберкулез микобактериясын табуға және биопсия мағлұматтарына сүйенеді.

Емдеу. Бүйрек туберкулезіне қарағанда еркектердің жыныс мүшесінің туберкулезі арнайы химиотерапияға әзер көндігеді, бұл олардың васкуляризациясының нашарлығына байланысты. Сонымен қатар, стрептомицин мен басқа да препараттардың өсерімен ен мен ен қосалқысы синусының тканіндегі туберкулез ошақтарының орнында тыртықты өзгерістер пайда болады, бұлар көбіне үрық шығаратын жолдардың өткізгіштігін бүзып, зақымданған ен қосалқысын сақтауды қажетсіз етеді. Анық айқындалған ен қосалқысы туберкулезінде туберкулез ошағын дер кезінде жоюдың маңызы зор, өйткені ол басқа мүшелер үшін, оның ішінде зақымдануы үрықтану қабілетін толық жоюға әкеп соқтыратын қарама-қарсы жақтағы жыныс мүшелері үшін инфекция көзі болып табылады. Осыған байланысты еркектердің жыныс мүшелерінің туберкулезін емдеу стрептомицин дәуірінде де негізінде операциялық жолмен шешілетін болып қалуда.

Ен қосалқысының туберкулезінде әдетте оның қосалқысын сылып тастайды — эпидидимэктомия жүргізеді, бірақ бүл мүше ішінара зақымданғанда оны кесуі мүмкін. Ен жаппай зақымданғанда оны алып тастайды (орхиэктомия), ал ішінара зақымданғанда — енді кеседі. Соңғы жылдары ен мен ен қосалқысы туберкулезінде бұдан да үнемді мүше сақтайтын операцияларды — кавернотомия мен кавернэктомияны жүргізуде, яғни туберкулез ошағын кең ашып, қүрғатады.

Қуық асты безі мен ұрық көпіршіктерінің туберкулезінде негізінен операциясыз емдейді. Бұл мүшелердегі туберкулез абсцесі ғана бұл ережеге көнбейді. Абсцесті ашуды тік ішектің алдыңғы қабырғасы аркылы немесе тік ішекке енгізілген саусақпен бақылай отырып, аралық арқылы жүргізеді. Барынша жұмсарған учаскеге ине пункциясын жасау арқылы алдын ала абсцестін бар екеніне көз жеткізеді. Ұрық көпіршігіне ірің жиналса (эмпиемада) везикулэктомия жүргізеді. Еркектің жыныс мүшелерінің туберкулезімен ауыратын науқастар туберкулез диспансерінде ұзақ уақыт фтизоурологтың бақылауында болып, толық айыққанга дейін жүйелі химиотерапия қабылдауы тиіс. Санаторий-курортта емделудің, климатотерапияның, режим мен диетаның зор манызы бар.

#Еркектің #жыныс #мүшелерінің #туберкулезі