Урологиялық аурулардың рентгенологиялық диагностикасы | туралы қазақша

0

Урологиялық ауруларды диагностикалау үшін қазіргі уақытта әр түрлі рентгенологиялық зерттеу әдісгері қолданылады. Hayқасты урорентгенологиялық зерттеу әдістеріне даярлаудың негізгі шарты -ішектерді нәжіс массалары мен газдардан мұқият тазарту. Бұл үшін науқасқа 2-3 тәулік бойына углеводы шектелген диета белгілейді, ертең деген күннің кешінде және тәңертең зерттеу алдында тазалайтын клизма қояды. Бұл шаралар жеткіліксіз болып шықса науқас активтелген көмір қабылдайды, ертеңіне деген кеште ішті босататын амал жасайды (30 мл кастор майын не күнбағыс майын ішеді).

Рентгенографиялық зерттеу алдында газ тәрізді контраст заттарды қабылдау арқылы ішек ерекше мұқият дайындалуы тиіс.

Кейде ауыр аспаптық зерттеулер мен рентгенографияны пайдасыз колдануға бармас үшін зерттеу алдында ішперде қуысының рентгеноскопиясын жүргізу қажет, осылайша ішек жүйесінде көп газдың бары-жоғына көз жеткізуге болады.

Шолу урографиясы

Бүйректер мен қуыктың тік проекциядағы шолыма көрінісі конкременттерді, жұмсақтіндерге әк қатуын және газды анықтауға көмектеседі. Мұның өзі несеп жолдарын рентгенологиялық зерттеулердің жалпы бөлігі, ол рентгеноконтрастық заттарды қолданып зерттеуден бұрын, алдында қашан да жургізілуге тиіс.

Бүкіл несеп жолын рентгенографиялау үшін күшейтетін экраны бар, өлшемі 30х40см кассеттегі рентген пленкасын қолданады. Науқасты  рентген  столына орта сызық бойымен жатқызады, кассетаның жоғарғы шетін Д 10 деңгейінде немесе төстің семсер тәрізді өсіндісі деңгейінде орналастырады. Несеп жүйесінің бір жартысын түсірген кезде 30 х 40 см пленканың жартысын (15 х 40 см) пайдалануғаболады.

Қуық пен уретраны рентгенографиялау үшін аумағы 24 х 30 см пленка жеткілікті. Цистография үшін пленканы көлденең бағытта салып, оның ортасын кіндік пен қасағаның арасына келтіреді. Уретография үшін пленканы ені бойынша салып, оның цеңтрін касаға байламының деңгейіне келтіреді. Жақсы бейне-көрініс алу үшін қажет шарт — науқас пен бейнеленуге тиісті орган рентген столында қозғалмайтындай болуы керек. Бүйрек тыныс алу кезінде экскурсиялар жасайтындықтан, бүйректер мен жоғарғы несеп жолдарының нақты бейнесін алу үшін рентгенографияны науқас демін тоқтатқан кезде, көбіне дем шығарған кезде жүргізу кажет (5.1-сурет).

Куық пенуретраны рентгенографиялау кезінде тыныс алмай тұрудың кажеті жоқ, өйткені бұл органдар тыныс алғанда ауытқымайды.

Несеп жолдарының шолыма бейнесінің интерпретациясы сүйек қаңқасын: бел және төменгі кеуде омыртқаларын, кабырғаларды, жамбас сүйектерін қараудан басталуға тиіс.

Әдетте науқасты рентгендік тексеруге тиісінше даярлағаннан кейін шолыма бейнеде бүйректердің көлеңкелерін көруге келеді; олар солда XII кеуде омыртқасы денесінен II бел омыртқа денесіне дейінгі деңгейде, оң жақта ХІІ кеуде омыртқасының төменгі шетінен не I бел омыртқаның жоғарғы шетінен ІІІ бел омыртканың денесіне дейінгі деңгейде орналасады.

Әдетте оң бүйректің жоғарғы полюсі XII қабырға көлеңкесімен қиылысады, ал сол жақта XII қабырға бүйректің ортасын қиып өтеді.

Бүйрек көлеңкесінің барынша тығыздығы онда қабыну немесе склеротикалық процестердің бар екенін көрсетеді. Бүйректегі жедел қабыну процестері кезінде көлеңкедегі қоюлық псн контурлардың анықтығы бүйректің айналасында тығыздық азаюы пайда болуы есебінен күшейеді. Бел бұлшық еттері контурларының өзгеруі дәрігерді ішперде артындағы кеңістікте қабыну немесе icy процестері болуы мүмкін деп сезіктендіруге тиіс.

Қалыпты несепағарлар шолыма суретте керінбейді. Егер қуық қанық несепке толы болса, қуықтың көлеңкесі көрінуі мүмкін. Қалыпты қуық шолыма суретте эллипс бітімдес болады.

Рентгенограммада сүйек жүйесі, бүйректер мен несеп жолдарының көлеңкелері қаралғаннан кейін болуы мүмкін қосымша көлеңкелерге назар аударылады. Олар барынша әр түрлі болуы және әр алуан органдар мен тіндерге: теріге, ішперде қуысына, ішперде арты кеңістігіне, сүйектерге жене т.б. қатысты болуы мүмкін.

Тығыздық дәрежесі әр түрлі және несеп жолдары орналасқан өңірде көрінген қандай көлеңке болса да несеп жолдарына қатысы болуы мүмкін көлеңке деп қаралуға тиіс немесе көбіне солай деп айтылатынындай «конкремент күдігі бар көлеңке» делінуге тиіс. Бір ғана шолыма суретке қарап несеп жолдарына тас байланған деп диагноз қоюға болмайды; бұл орайда бүйрек шүмекшесі мен тостағаншалардың көшірмелері іспетті болатын, бүйректердің коралл тәрізді тастары деп аталатындар ғана ерекше болады.

Шолыма суретте конкрементке күдікті көлеңкелер көрінген жағдайда одан арғы рентгеноурологиялық зерттеулер жүргізу қажет.

Экскреторлық урография

Экскреторлық урографияны медицина практикасына 1929 жылы Dinz, Roseno, Swick және Zichenberg енгізді, Мұның өзі вена ішіне енгізілген контраст затты бүйректердің бөліп шығару қабілетіне негізделген; осы арқылы рентген суреттерінің көмегімен бүйректер мен несеп жолдарының бейнесін алуға жағдай жасалады.

Экскреторлықурография бүйректердің, шүмекше мен несепағарлардың функциялық жағдайын анықтауға қоса, олардың морфологиялық жай-күйі туралы түсінік алуға мүмкіндік береді. Алайда урограммада несеп жолдарының морфологиялық жай-күйін бүйрек қанағаттанарлықтай функция атақаратын жағдайда ғана аныктауға болады. Бүйрек функциясы төмендеген сайын рентгенограммада контрастық зат көлеңкесінің тығыздығы тиісінше азаяды. Бүйректердің функциясы әбден тежелген жағдайда контраст заттың көлеңкесі көрінбей қалады.

Қазіргі уақытта құрамында йод бар ионды рентгеноконтрасттық препараттардан (урографин, верографин, триомбраст) басқа кұрамына йод бар ионды емес ренгеноконтрастық препараттар (омнипак, ультравист) қолданылады, бұлардың токсинділігі өте темен.

Экскреторлық урография жүргізуге болмайтындай негізгі жағдай -науқастың йодты препараттарға төзбейтіндігі; осы себепті мұндай төзбеушілікті анықтаумен қатар науқастың анамнезінде организмнің зерттеу кезінде қолданылатын препаратқа жекелей сезімталдығына сынама жүргізеді. Бұл үшін алдын ала 1 мл препаратты вена ішіне енгізеді немесе негізгі дозаның бірінші миллилитрін науқастың жағдайын бақылап тұрып біртіндеп құяды.

Экскреторлық урография жүргізген кезде бүйректерінің функциясы қанағаттанарлық науқасқа контрастық заттың 60-70% ертіндісінің 20 мл-ін енгізу жеткілікті. Бірқатар жағдайларда зерттеуді препараттың екі есе не үш есе дозасымен жүргізеді (ең көп шама науқас денесінің 1кг массасына 1мл контрастық зат).

Суреттерді түсіру уақытын науқастың бүйректерінің функциялық жай-күйіне және зерттеудің міндеттерге қарай белгілейді, бұл орайда нефрограмма І-минутте көріне бастайтынын, ал рентгеноконтрасты заттың экскрециясы және шүмекше мен несепағарлардың бейнесі нормада 3-5 минөтте анықталатынын ескеру керек. Әдетте бірінші суретті рентгеноконтрасты заттың енгізілуінен кейін 5-10 минөттен кейін жасайды, бұдан кейінгісін мұның алдындағының нәтижелеріне қарай (орта есеппен рентгеноконрасты зат енгізілгенмен кейін 10-25 минөттен соң жасайды. 5.1-суретте 15-минутте түсірілген қалыпты экскреторлық урограмма бейнесі көрсетілген. Кейде кеш рентгенограммалар талап етіледі (1-3 сағаттан кейін жәнеодан да көбірек).

Бүйректердің қозғалмалылығын анықтау үшін ортостатикалық экскреторлық урографияны науқас тік түрегеп тұрған жағдайда жүргізеді.

Кейде әсіресе бүйректердің концентрациялық қабілеті төмендеген кезде экскреторлық урограммаларда несеп жолдарының бейнесі айқын болмайды. Мұндай жағдайларда компрессиялық урография деп аталатынды қолданған дұрыс. Бұл модификация кезінде экскреторлық урографияны рентгеноваттивтік белбеу түріндегі арнайы құралғының немесе рентген столындағы шардың көмегімен алдыңғы құрсақ кабырғасы арқылы несепағарларды басумен ұштастырып жүргізеді. Осы арқылы несепті жоғарғы несеп жолдарында біршама бөгепбейненің контрастылығын күшейтуге болады. Алайда компрессиялық урография кезінде уродинамиканың бұзылуы зерттеудің бағалылығын төмендетеді. Осыған байланысты несеп жолдарының табиғи жағдайын анықтап білу үшін диагностикалық мақсатта суреттерді компрессия уақытында ғана емес, оған дейін де және одан кейін де жасау керек.

Инфузиялық урография

Науқастарды бүйрек жетіміздігінің бастапқы сталияларында тексеру кезінде ерекше ұтымды инфузиялық урографияның маңызы зор. Науқасқа вена ішіне біршама көп дозада болғанымен, концентрация едәуір аз рентгеноконтрасты зат енгізеді (хлорлы натрийдің 120 мл изотондық ертіндісінде ерітілген 6-7 үш йодты препарат немесе 5% глюкоза). Ертіндіні 5-7 мин. бойында тамшы түрінде енгізеді. Бірінші суретті препарат енгізілгеннен кейін 5-10-ыншы минөтте жасайды, бұдан кейінгі суреттердің түсірілетін мерзімдерін зерттеуді жүргізуші дәрігер белгілейді.

Инфузиялық урография урологиядағы рентгенологиялық зерттеудің ең физиологиялық әдісі. Ол арқылы бүйректер мен несеп жолдарының барлық түрлерінің анатомиялық-функциялық жай-күйін анықтайды және несеп-жыныс органдарының көпшілік ауруларының диагностикасы үшін неғұрлым бағалы деректер алады. Қазіргі кездегі экскреторлық урография, әдетте несеп жолдарының әжептәуір дәлбейнесін береді, мұның өзі ретроградттық уретропиелографияны қолданбауға жағдай жасайды. Экскреторлық урографияның кез келген модификациясын жасауға қарсы көрсеткіштер шок, коллапс, елеулі гиперазотемия болып көрінетін декомпенсацияланған бүйрек жетімсіздігі, бауырдың функциясы бұзылған ауыр науқастар, гипертиреоидизм, йодқа көтеріңкі сезімталдық, декомпенсация стадиясындағы гипертониялықауру.

Ретроградтық пиелоуретрография

Ретроградтық пиелоуретрография жоғарғы несеп жолдарын контраст затпен ретроградттық, толтырудан кейін рентгендік бейнеде олардың көлеңкелерін алуға негізделген.

Пиелографияны бір мезгілде екі жақтан жүргізуге болмайтындықтан, несепағарды катетерлеу, әдетте, біржақты болуға тиіс. Науқас екі жақты зерттеуден гөрі бір жақты зерттеуге анағұрлым аз қиналады. Екі несепағарды да бір мезгілде катетерлеген кезде тостағаншалар мен шүмекшенің спазмасы жиі болады, мүның езі пиелограммаларда олардың бейнесін бұзуы мүмкін және лиелограммалардың интерпретациясын қиындатуы мүмкін.

Екі жақты пиелоуретрографияға бүйректер мен жоғарғы несеп жолдарындағы патологиялық өзгерістер туралы мәселені шапшаң шешу қажет болған ілуде бір жағдайда ғана жол беріледі.

Несепағарды катетерлеу арнаулы катетермен жүргізіледі. Несепағардың диаметріне немесе әр түрлі тарылулар болуына орай жуандығы әр түрлі катетерлер қолданылады, Көбіне Шарьер шкаласы бойынша N 4, 5, 6 несепағар катетерлерін пайдаланады. Катетерлеу үшін N 5 катетерді қолданған дұрысырақ, оның калибрі шүмекше аса толып кеткен жағдайда контраст сұйықтық оңай ағып кетуін қамтамасыз етеді.

Шүмекшеге контрастықзатты енгізердің тікелей алдында катетер ұшының несеп жолдарының қай тұсына жеткенін анықтап алу үшін шолыма суретін түсіріп алған дұрыс. Контрастық затты несеп жолдарына жылы күйінде ғана енгізу керек, мұның өзі шүмекше-тостағанша жүйесі мен несепағарда спазм болмауының амалы.

Профуздықгематурия болған жағдайда ретроградтық пиелография жүргізген дұрыс болмайды, өйткені бүйрек шүмекшесіндегі қан ұйымалары пиелограммада толу дефектісін беруі мүмкін, сондықтан оларды ісік немесе конкремент деп қалуға болады.

Шүмекшеге 5 мл-ден артық контрастық зат енгізуге болмайды. Мұнша мөлшер ересек адам шүмекшесінің орташа сыйымдылығына тең; катетердің жоғарғы ұшы несепағардың жоғарғы және ортаңғы үштен бір бөліктерінің шекарасы деңгейінде болған жағдайда жоғарғы несеп жолдарының ренгенограммада айқын көлеңкелерін алу үшін 5 мл әбден жеткілікті.   Наукасқа ретроградтық пиелографияға дейін экскреторлықурография жасалған жағдайларда осы соңғысы шүмекшенің мөлшерін көрсетеді де, осы науқастың несеп жолдарына ретроградтық пиелоуретрография үшін енгізу қажет болатын контраст сұйық мөлшерін неғұрлым дәл белгілеуге мүмкіндік береді.

Жоспарлы ретроградтық уретропиелографияға қарсы керсеткіштер еркектің жыныс органдарындағы, төменгі және жоғарғы несеп жолдары мен бүйректердегі жедел қабыну процестері, тотальдық гематурия. Несептің шүмекшеден ағып кетуі бұзылған реттерде бұл зерттеуді өте-мөте абайлап жүргізу керек. Зерттеу аяқталғаннан кейін рентгеноконтрасттық зат пен несептің ағып кетуі үшін катетерді шүмекшеге жеткізіп сонда бірнеше сағат қалдыру керек.

Ретроградтық пиелография кезінде тостағаншалардағы, емізікшелердегі, шүмекше мен несепағардағы болмашы деструктивтік өзгерістердің өздері айқын білінеді. Несепағардың цистоскопиясы мен катетерленуін қолдану қажеттігі, шүмекше-несепағар рефлюксінің каупі және пиелонефриттің өрбу қатері ретроградтық уретропиелографияның қолданылуын шектейді; оны неғұрлым физиологиялық әдістер қолданылмаған не жеткілікті ақпарат бермеген жағдайларда ғана колданады.

#Урологиялық #аурулардың #рентгенологиялық #диагностикасы