Простатография туралы мәлімет | туралы қазақша
Простатография — рентгенологиялық зерттеу әдісі — простатаны қоршаған тіндерге газ толтыру арқылы бұларадан тіндердің төмендетілген контрастылығын жасау нәтижесінде қуықалды безінің бейнесін алуға мүмкіндік береді.
Әдеттегі шолыма суретте қуықалды безінің бейнесін алу мүмкін емес, өйткені ол өзін қоршаған тіндермен салыстырғанда контрастылығы аз және жамбас қуысының тереңінде, симфиздің артында орналасқан. Кейде науқасты шалқасынан жатқызып, түтікті еңкейтіп 70 градус көлбеу бұрыш жасап рентгенология жүргізген жағдайда шолыма суретте простатаның көлеңкесін анықтауға болады. Мұдай жағдай простатаның көлеңкесін симфиздің көлеңкесінен шығаруға мүмкіндік береді. Кейде шолыма cypeттe простата конкременттерін табу қуықалды безінің көлемін болжауға мүмкіндік береді, әсіресе тастар көп болып бездік он және сол үлестерінде бөлек-бөлек топ болып орналасқан болса. Ал бүкіл простата тастарға толы болса, тастардың, көлеңкелері бездің акиқат көлемін дәл анықтауға мүмкіндік береді.
Көлемі ұлғайған қуықалды безі әдетте қуықтың түбін көтеріп, қуықтың саңлауына сұғынып тұрады; бұл экскреторлық не әрлеме цистограммада анықталуы мүмкін.
Қуық босатылғаннан кейін огам катетермен суйық не газ тәрізді 150—200 мл мөлшерінде контрасты зат (15-20% сергозин ертіндісі не оттегі) енгізеді, одан сон науқасты түрегеп тұрғызып және қырынан жатқызып рентгенография жүргізеді.
#Простатография #туралы #мәлімет