Уретрография туралы мәлімет | туралы қазақша
Уретрографии несеп шығару өзегін сұйық немесе газ тәрізді контрасттық затпен толтырғаннан кейін несеп шығару өзегінің саңылауық рентгендік бейнелеу әдісі. Уретограмманы жүргізу үшін науқасты уретраның көлеңкесі санның көптеген тіндеріне түсуі үшін шалқасынан жатқызады, суретке түсіргенде науқас соя қырынан қиғаш калыпта болғанда түсіреді; бұл орайда сол аяқсан-жамбас буындарында бүгіліп денеге қабыстырылып сыртқа жазылады, ал оң аяқ созылып артқа және сыртқа қарай алшайтылады. Мұндай қалыпта ротацияланған жамбас столдың көлбеу жазығымен 40 градус бұрыш түзеді. Жыныс мүшесін бүгілген сол жақ санға паралель созып қояды. Рентген түтігінін орталық сәулесі жыныс мүшесінің негізі түсына бағытталады. Контраст зат уретраға Тарновский резина ұшы орнатылған және шприцімен енгізіледі. Мұндай әдісте алынған рентгенограммаларда контраст зат созылған алдыңғы уретраны толтырады, ал артқысы жінішке жолақша болып көрінеді. Мұның себебі сұйық контраст зат ішкі сфинктердің артына түсіп, артқы уретрада бөгелмей, қуыққа оңай өтеді, демек оның сақлауын жете толтырмайды. Мұндай уретограмма әрлеме немесе ретроградтық деп аталады.
Өрлеме уретограммада қуықтык бейнесін алуға болады. Мұндай зерттеу уретро-цистография деп аталады. Артқы уретраның бейнесін алу үшін алдымен қуықты мөлшері 150— 200 мл контрастық сұйықпен толтырып, науқасқа кіші дәрет сындырғызу керек; рентген бейнесі осы дәрет сындыру уақытында түсіріледі. Дәрет сындыру кезінде артқы уретраның қабырғалары жақсы созылады, уретра контраст сұйыққа толады, мұның өзі суретте айқын бейне алуға мүмкіндік береді. Мұндай уретограмма төмендеуші уретограмма деп аталады. Әрлеме уретограммада алдыңғы уретра оның үңгірлі бөлігінің бойында тегіс шеттері параллель жолақ түрінде көрінеді. Уретраның буылтық бөлігі біршама созылып төмен қарай дөңес доға түзіп керінеді. Уретраның артыңғы бөлігі жолақ түрінде болады, тік не біршама доғал бұрыш түзеді де, қуықка дейін созылады; оның көлеңкесі симфиз деңгейінде не одан біршама жоғары болады. Төмендеуші уретро грамм ада артқы уретра контурлары тегіс жалпақ жолақ түрінде керінеді.
Уретография несеп шығару өзегінің әр түрлі бөліктерінің санылауының диаметрін дәл анықтауға және ондағы әр түрлі патологиялық өзгерістерді білуге мүмкіндік береді. Уретографияның көмегімен уретраның қосарлануы, парауретралдык барыстар, дивертикулалар секілді аномалияларды диагноздауға болады. Уретография әсіресе несеп шығару өзегінің тарылуларын танып-білуде ерекше маңызды, стриктуралардың санын, қалай орналасқанын, ұзындығын, тарылған тұсынан проксималды уретраның жағдайын, уретралық жыланкөзлердің болуын және т.б. анықтауға мүмкіндік береді. Қуықты контраст сұйықпен толтыруға болмағандықтан артқы уретраның бейнесін алу мүмкін емес жағдайларда экскреторлық урографияны колдану керек және қуықта контраст зат жиналған кезде несеп шығару сәтінде төмендеуші уретография жүргізу қажет.
Соңғы уақытта әрлеме уретография уретраның зақымдалуын диагноздауда кеңінен колданылатын болды. Сұйық контраст зат енгізілетін уретографияны колданып уретраның жыртылуы кезінде несеп шығару өзегінің зақымдалуының сипатын (тесіп өткен және теспеген жыртылулар) және оньтн шогырлануын біршама дәл анықтауга болады. Несеп шығару өзегі зақымдалған кезде уретрографияның алдында жамбас сүйектерінің шолу суреті түсірілуге тиіс, мұның өзі жамбас қуысының зақымдалу сипатын және сүйек сыныктарынык болуын анықтауға мүмкіндік береді. Несеп шығару өзегі зақымдалуы кезіндегі уретрография үшін урогематоманың инфекциялануына жол бермеу мақсатында антибиотиктер қосылған сұйық контраст заттар қолданылады. Уретограммада несеп шығару өзегінің жыртылған жерінде контраст зат уретраның сыртына шығып, айналадағы тіндерге ағып дұрыс емес формадағы көлеңке түсіреді. Уретраның толық жыртылмауы кезінде уретрограммада контраст зат несеп шығару өзегінің сыртына шығып кетпейді; кейде қан ұйымалары есебінен дұрыс емес формадағы толу дефектілері керінеді.
Несеп шығару өзегі ауруларының диагностикасымен катар уретрография бірқатар жағдайларда қуықалды безінің зақымдалу сипатын дұрыс танып-білуге мүмкіндік береді. Простата аденомасы кезінде уретограммада уретраның артқы бөлігі контурлары біркелкі созылыңқы болады, ал простата рагы кезінде артқы уретра контурлары біркелкі емес, желінген болып көрінеді. Қуықалды безінің туберкулездік зақымдалуы кезінде ерлеме уретографияны колданып, кейде контраст заттың простата тініне өтуін байқауға болады. Простатаның абсцесі несеп шығару өзегіне кетіп босағаннан кейін простатаның іріңдеп қабынуы кезінде де осындай көрініс болуы мүмкін. Бұл рентгендік нышандар қуықалды безі ауруларының дифференциалдык диагностикасы кезінде өте маңызды болып табылады.
#Уретрография #туралы #мәлімет