Еркектердің бедеулігі | туралы қазақша

0

Еркектің бедеулігі проблемасы аса күрделі мәселе, оның зор әлеуметтік маңызы бар. Қазіргі уақытта еркектің көбею жүйесін гормондық бақылаудың 5 негізгі компонентін ажыратады; орталық нерв жүйесі, гипоталамус, ги­пофиз, аталық без, андрогендерге сезімтал ақырғы мүшелер нысаналар. Жүйенің барлық осы компоненттері өнімді реттеуге және аталық, бездерде жасалатын андрогендердің концентрациясын сақтауға қатысады. Андрогендер организмнің қалыпты дамуына, ақырғы жыныс белгілерінің көрінуіне жауап береді және еркектердің сексуалдық мінез-құлқын айқындайды.

Еркектер бедеулігінің этиологиялық факторларының екі үлкен тобын ажыратады: сперматозоидтардың пісіп-жетілуі мен секрециясын бұзатын факторлар және олардың экскрециясына кедергі келтіретін факторлар. Осыған сәйкес секреторлық және экскреторлық бедеулікті ажыратады. Секреторлық бедеулік те, экскреторлық бедеулік те іштен туа біткен немесе жүре пайда болған бедеулік болуы мүмкін.

Секреторлық бедеулік

Секреторлық бедеуліктің туа біткен формалары

Ен қызметінің бұзылуын гипогонадизм деп атайды, ол бастапқы және ақырғы гипогонадизмге бөлінеді. Бастапқы гипогонадизм зиянды бастаманың тікелей енге әсер етуінен дамиды. Енмен тығыз байланыста болатын кейбір эндокриндік бездердің бастапкы зақымдануы нәтижесінде еннің қызметі зардап шегеді.

Несепте бөлініп шығатын гонадотропиннің мөлшері артады, ол гипофиздің гипофункциясымен байланысты, осының нәтижесінде ен жағынан болатын тежеуші әрекет бұзылады. Ақырғы гипогонадизмде несептегі гонадотропиндер азаяды. Гипогонадизм сперматогенездің бұзылуына және тестостеронның жеткіліксіз жасалуына себеп болады, осының нәтижесінде еннің экскреторлық және инкреторлық қызметі бұзылады.

Еннің бастапқы жеткіліксіздігі — гипогонадизм мынадай формаларға бөлінеді: туа біткен, жүре пайда болған, зақымданған формалар.

Бастапқы гипогонадизмнің туа біткен формасына еннің аплазиясы мен гипоплазиясын, анорхияны жатқызады.

Еннің аплазиясы мен гипоплазиясы әтектіктің дамуына әкеп соқтырады. Ұмадан кішкентай тығыз түзінділерді сипап сезуге болады, олар биопсияжасағанда дәнекер тканьді түзінділер болып шығады. Жыныс мүшесі өте кішкентай болады. Қуықбезі дамымай қалады. Жыныстық елігу мен эрекция болмайды немесе өте төмен болады.

Гипогонадизмнің келесі формасы — Клейнфельтер белгісі үш негізгі белгіден тұрады: кішкентай қатты ен, гинекомастия және несептегі гонадотропиннің жоғары деңгейі. Ен биопсиясында — ұрық өзекшелерінің склерозы, Х-хромосомаларды үлкейткенде клиникалық белгілері жақсы байқалады.

Піштіруден кейінгі белгі (жарақаттанған, хирургиялық піштіру) бастапқы гипогонадизмге шартты түрде жатқызылатын белгі болып табылады. Жарақаттанудан кейінгі піштірудің клиникалық көрінісі науқастың жасына байланысты.

Кеш піштіру организмнің жаллы күйіне ауыр әсер етпейді.

Жыныстық жағынан жетілмеген кезенде жарақаттай піштірілген науқастарда өзгеше клиникалық көрініс байқалады, мұның нәтижесінде мынадай белгілері бар ерте әтектік көрінісі қалыптасады: сексуалдық инфантилизм, қосалқы жыныс бездері кызметінің болмауы, сүйектің баяу жетілуі, эпифизде сүйектенудің болмауы.

Ұрық эпителийінің гипоплазиясына байланысты бедеулік формаларының бірі крипторхизм болып табылады. Бұл патологияда сперматогенездің ен өзекшелерін астарлап жатқан клеткалары белгілі бір дәрежеге дейін ғана дамиды, олардың саны өте аз болады. Сперматозоидтардың қозғалғыштығы кеміген.

Ен қаншама жоғары орналасса, ұрық эпителийінің гипоплазиясы соншама ауыр болады.

Температураның көтерілуі салдарынан ұрық өзекшелерінің дегенеративті өзгерістері мен атрофиясы пайда болады, өйткені ұмаға қарағанда құрсақ қуысындағы температура шамамен 2°С жоғары бола­ды, бұл сперматозоидтардың жетілуіне кері әсер етеді.

Еннің бір жақты немесе екі жақты агенезиясы оның сирек кездесетін аномалиясына жатады. Бір енсіз туған адамда сперматогенез күрт бұзылған.

Секреторлық бедеуліктің жүре пайда болтан формалары

Еннің кабынуы (орхит) — оның бір бөлігіне немесе бүкіл паренхимасы мен қабықшасына таралатын диффузиялық қабыну.

Орхит тұмаудың, пневмонияның, сүзектің, эпидемиялық паротиттің, туберкулездің және т.с.с. асқынуы ретінде дамиды.

Еннің жарақаттана зақымдануы қалыпты сперматогенезді бұза отырып, бедеулікке әкеп соқтырады.

Ұма мүшелерінің жарақаттануы қан құйылуы мен гематоманы туғыза отырып, көп ретте орхиттің себебі болады.

Сперматоцеле бедеуліктің себебі болып табылады. Бұл кисталық үлкейген d.Deferens-тен пайда болатын кисталық түзінді. Ол әлде rete testis-тен, әлде ен косалқысының басынан шығады. Сарғыш түсті қою сұйықтықта көбіне қозғалмайтын көптеген сперматозоид болады.

Ұрык жіпшесі веналарының варикоздық ұлғаюы (варикоцеле) спер-матогенезге күшті әсер ететін ауруларға жатады.

Варикоцеле жас еркектердің 8-20 процентінде кездеседі. Варикоце­ле тұсында сперматогенездің бұзылуы 20-90% жағдайда кездеседі. Ва­рикоцеле көбінесе 17-30 жаста, нағыз жыныстық белсенді кезеңде байқалады.

Зиянды факторлардың (қорғасын, сынап, аммиак буы, көміртегі тотығы, фосфор және т.с.с.) әсері сперматогенді тканьде дегенеративтік қайтымсыз өзгерістер туғызады.

Бедеулік денесіне дірілдейтін көп күш түсетін адамдарда (трактор, комбайн және жүк автомашиналарының жүргізушілері) пайда болады.

Шылым шегу мен алкоголь ішімдіктеріне әуестік адамның ұрықтандырушы қабілетіне көпе-көрінеу зиянды әсер етеді.

Қант диабеті тұсында сперматогенез жиі бұзылады.

Экскреторлық бедеулік

Экскреторлық бедеуліктің туа біткен формалары

Несеп шығару жолының әртүрлі бөлімдерінің болмауы, жетілмеуі және өзара байланыспауы аспермияның себебі болуы мүмкін. Органогенездің құрсақ ішіндегі бұзылуы шығу тегі жөнінен инфекциялық(краснуха) немесе генетикалық (кистофиброз) болуы мүмкін.

Gibbons бойынша вольфов өзегінің құйрық бөлігінің бұрыс дамуы несепағардың немесе ұрық шығаратын өзектің әдеттен тыс орын ауыстыруына әкеп соқтырады.

Ұрық шығаратын өзектің іштен туа болмауы (толық немесе ішінара) — агенезия немесе аплазия сирек кездесетін кемістікке жатады.

Экскреторлық бедеуліктің жүре пайда болған формалары

Эпидидимит пен деферентит ұрык шығаратын жолдардың қабыну ауруларына жатады, бұлар кейін қуыстың склероздық деформациялануы мен обтурациясына ұласады.

Ұрык шығаратын жолдардың туберкулезінде айтарлықтай ауытқушылық болады. Туберкулез эпидидимитін анықтаудан 2 ай өткен соңен 18% жағдайда зақымданған, 3 ай өткен соң — 24, жарты жыл өткен соң — 38, жарты жылдан асқанда — 60% жағдайда зақымданған болып шықты.

Простатавезикулит бедеуліктің экскреторлық формалары дамуының бір себебі болып табылады.

Ұрық шығаратын жолдардың жарақаттануы

Сыртқы жыныс мүшелерінің -гениталийдің жарақаттануы көбіне эпидидимитпен асқынады. Еннің өзіне қарағанда, оның қосалқысы жиі зақымданады.

Сперматозоидтардың тканьдерге өтуіне-экстравазацияға жауап ретіндегі қабыну реакциясының нәтижесінде сперматогенді гранулема түзіледі.

Спермогранулема 20-40 жастағы еркектерде жиі кездеседі. Клиникалық көрінісі -ұманың тартып, ұйып ауруы, тығыздығы түрліше және көлемі 4-7 см инфильтратты сипап сезуге болады.

Ятрогенді обтурациялық азооспермия.Ол кездейсоқ (шат-ұма аймағына операция жасаудан), емдік (туберкулез кезіндегі эпидидимэктомия, қуық безінің аденомасындағы вазорезекция), сондай-ақ мақсатты (жыныстық стерилизация) болуы мүмкін.

Обтурациялық азооспермияның сперматогенезге иммуиологиялық әсері. Антигендер. Адамның сперматозоидында, ұрық сұйықтығында (спермоплазмада), сондай-ақ енінде күшті антигендер болады.

Сперматозоидтардың беткі (мембраналық) аутоантигендері спермагглютинацияға, спермиммобилизацияға (құйрығы құйрығына, басы басына және т.с.с) қатысады.

Ұрық плазмасында әлі де толық зерттелмеген бірнеше антигендік факторлар болады.

Гематогениталийлік кедергілер. Көбею жолының әр түрлі деңгейінің өзіндік гистологиялық ерекщеліктері бар, олар түрліше аталады (гематоорхиялық немесе гематотестикулярлық). Кедергілер сперматозоидтар гематогенезі мен миграциясының қалыпты жүзеге асуына мүмкіндік береді.

Гематоорхиялықкедергінің келесі морфологиялық компоненті Сертоли клеткалары деп есептеледі.

Спермалық аутоиммунитет. Спермалық антигендердің гематогениталийлік кедергі мен контакт арқылы организмнің иммундық жүйесінен өтіп кетуі гуморальдық және клетка компоненттерін қамтитын аутоиммунизацияға әкеп соқтырады.

Еркек бедеулігінің диагностикасы

Еркек бедеулігінің диагностикасы анамнездің, науқастарды клиникада тексерудің және арнайы лабораториялық зерттеулердің мағлұматтарына сүйенеді.

Ең алдымен науқастың мамандығының сипаты, жұмыс жағдайлары анықталады. Адамның ұрпақ беру қабілетіне зиянды әсер ететін мамандыққа қатысты факторлардан жылудың, сәулелендірудің және кейбір химиялық заттар мен өнеркәсіптік улардың (қорғасын, сынап, фосфор, мышьяк, этиленамин, көмірсутегі және т.с.с.) теріс әсер ететінін атап кәрсету қажет.

Төмендегідей сексуалдық анамнезге де көңіл бөлу керек: жыныстық өмірдің басталуы, поллюцияның жиілігі, онанизмге, бұзылушылыққа бейімділік. Балалық шақта бастан өткен инфекциялық ауруларға (бруцеллез, эпидемиялық паротит, токсоплазмоз) назар аударған жөн.

Жыныс мүшелерінің дамуында туа біткен кемістіктердің (гипоспадия, фимоз, ен шемені — водянка, варикоцеле) бар-жоқтығын анықтау да маңызды.

Жалпы клиникалық мағлұматтар.Ұманың мүшелерін тексеруде олардың көлемі мен дамуындағы ауытқушылықтарды бағалаудың маңызы бар.

Ен мен оның қосалқысын сипап байқау да маңызды мағлұматтар береді. Еннің ұмада орналасуын, оның шамасын, қозғалғыштығын, консистенциясын, еннің бар-жоқтығын, ұманың төмен түсуін анықтайды. Әрбір еннің өлшемі анықталады (қалыпты кезде орташа шамасы4 х 3 х 2см).

Ен қосалқыларын қолмен сипау арқылы олардың шамасын, консистенциясы мен түйіндердің бар-жоқтығын анықтайды. Ұрық шығаратын өзектің жуандығы мен бетінің тегістігін, оның және варикоцеленің бар-жоқтығын (агенезия) анықтау керек.

Қуық безін қолмен сипау арқылы оның шамасын, консистенциясын, бетін, шекарасын, сезімталдығын анықтайды.

Лабораториялық диагностика әдістері эякулятты, қуық безінің секретін зерттеуді, кристалдандыру феноменін, «активті лейкоциттер» тестін жүргізуді, простата секретін бактериологиялық зерттеуді, спермадағы фруктоза мен лимон қышқылын, бос амин қышқылдарын анықтауды және иммунологиялық зерттеулерді қамтиды.

Эякулятты соңғы жыныстық қатынас жасаудан 3 күн өткен соң тексеру керек. Оны 1 сағат ішінде тексеру қажет.

Сперманың қалыпты көрсеткіштері мынадай болады: келемі -2-5 мл; рН=ы — 7,2-7,7; 1 мл-дегі сперматозоидтардың мөлшері — 60 х 10-нан астам; козғалғыштығы — активті, қарқыны 50%-тен астам, морфологиялық қалыпты формалары 60%-тен астам.

Эякулятты макроскопиялық зерттеу оның көлемін, түсін, иісін, реакциясын, сұйылу уақыты мен тұтқырлығын анықтаудан тұрады.

Эякулятты микроскопиялық зерттеуде оны толық сұйылтқан соң, әдетте 20-30 минуттан кейін қарап көреді. Құрғақ әйнектің бетіне эякулятты тамызып, таза әйнекпен жабады. Микроскопиялықзерттеу үршін жұмыстық үлкейтуі 20 х 10 болатын МБИ-3 микроскобын пайдаланады.

Есептеуіш камераны пайдаланып, препаратты жалпы микроскопия­лыққараудан кейін козғалғыш сперматозоидтардығпроценті есептеледі. Алдымен көзге керінетін шаршыдағы қозғалғыш, одан соң қозғалмайтын сперматозоидтар есептеледі,

1 мл-дегі сперматозоидтар есептеледі. Эякулятты лейкоциттерге арналған араластырғышта сұйылтады. I деген белгіге дейін ұрық алынады да, одан соң II деген белгіге жеткенше формалиннің 1%-тік ерітіндісінен алады. Сперматозоидтар өте баяу қозғалады.

Бес үлкен шаршыдағы сперматозоидтар есептеледі. Есептелген сперматозоидтар саны 1 мл эякуляттағы сперматозоидтардың санын көрсетеді. Алынған санды эякуляттың көлеміне көбейту арқылы бүкіл эякуляттағы сперматозоидтардың жалпы санын анықтайды.

Эякулятты лейкоциттік араластырғышта сұйылтқан соң қозғалғыш формалардың процентін анықтайды. Араластырғыштың 1 деген белгісіне дейін ұрық, одан соң II деген белгіге жеткенше жылы (37°С-ден аспайтын) физиологиялық ерітінді алынады.

Эякулятты мұқият араластырған соң есептеуіш камераны толтырады да, қозғалмайтын формаларды санайды. Қозғалмайтын формалардың санынан 1 мл-дегі сперматозоидтардың санын шығарып тастап, қозғалғыш сперматозоидтардың санын анықтайды, оны процентпен көрсетеді. Қалыпты жағдайдағы козғалғыш формалардың проценті 70-80% болады.

Сперматозоидтардың тірі және өлі формаларын санау үшін препаратты бояйды. Заттық шынының бетіне эякулятты жағып, құрғатады да, 3-5 минут ішінде метил спиртімен бекітеді. 1,5 минутқа 1%-тік метилфиолет ерітіндісін қосады. Одан соң оны дистильденген сумен жуыпқұрғатады да, препаратты объектив астында қарайды.

Қалыпты сперматозоидтар дұрыс әрі пропорционалды болады, мұның әсіресе басындағы хроматиннің формасы мен орналасуына қатысы бар.

Патологиялық формалар былайша жіктеледі: сперматозидтар басының патологиясы (басының, мойны мен құйрығынын деформациясы, қосарлануы, ісінуі, тырысуы), аралас патология және сперматозоидтар­дың»жас», «қартайған» формаларының болуы.

Қалыпты эякулятта 20-25%-тен аспайтын патологиялық формалар болуы тиіс.

Сперматогониялар, сперматоциттер және сперматидтер сперматогенездің жетілмеген клеткаларына жатады. Олар 2-4% аралығында кездеседі.

Басқа клеткалардан ірің клеткалары, кейде эритроциттер, эпителий клеткалары кездеседі, ал сперматофаттар немесе Сертоли клеткалары -өте сирек кездеседі.

Б.О.Жарбосынов әдісі бойынша спермограмма жасау көрсеткіштері: сперматозоидтардың саны 60 млн және олардың активті қозғалғыштығы кемінде 70% болғанда бұдан да көп. Олигозооспермия кезінде сперматозоидтардың саны 1 мл-де 60 млн-нан кем; I дәрежедегі олигозооспермияда активті қозғалғыштық 50% болғанда 59-40 млн; II дәрежеде — 39-20 млн, активті қозғалғыштығы 30%; III дәрежеде — 20 млн-нан кем, козғалғыштығы 10-20%.

Эякуляттағы фруктозаның мөлшерін анықтаудын зор практикалық маңызы бар. Ол ұрық көпіршіктері мен Лейдиг клеткаларының кызметі жөнінде пікір айтуға мүмкіндік береді.

Фруктоза ұрық көпіршіктерінде түзіледі және ол Лейдиг клеткаларында қалыптасатын тестостеронға байланысты болады. Қалыпты ұрық көпіршіктерінде фруктозаныңжетіспеуі Лейдиг клеткалары қызметінің бұзылғанын көрсетеді. Фруктоза андрогендік клеткалар болып табылады.

Фруктоза мөлшерінің орташа шамасы: қалыпты спермада — 301,9 мг %, олигозооспермия кезінде — 318 мг %, азооспермия кезінде — 220 мг %.

Эякуляттағы лимон қышқылының сандық мөлшері қуық безінің функционалдық күйінің, Лейдиг клеткалары кызметінің көрсеткіші болып табылады, яғни тестостеронның түзілетінін көрсетеді. Қалыпты жағдайдағы лимон қышқылының мөлшері 22,8±0,72 ммол/л.

Спермадағы амин қышқылдарын анықтау. Бұл заттар сперматозоидтардың клеткалық алмасуына қатысады, қосымша қозғалыс көздері бо­лады, олардың активтігін арттырады, токсиндердің зиянды әсерін кемітеді.

Сперманың химиялық құрамын анықтайтын инфрақызыл спектроско­пия

Инфрақызыл спектроскопия әдісімен дені сау адамдардың және инфертильді еркектер эякулятының органикалық және бейорганикалық бөлігі анықталған. Дені сау еркектер эякулятыныңкүлге айналдырылған үлгісінің инфрақызыл-спектрінде карбоноттарға қарағанда фосфаттарды сіңіру жолақтары басым болады. Созылмалы қабыну аурулары бар инфертильді еркектерден фосфаттардың карбонаттарға арақатынасының карбонаттардың мөлшерін 40 %-ке дейін арттыру жағына қарай өзгеретіні анықталған.

Иммунологиялық зерттеу әдістері. Еркектік клеткаларында әйел организмінде болмайтын антигендер бар, атап айтқанда, НА жүйесінің беткі антигендері кездеседі. Спермаға бедеуліктің себебі ретінде сезімталдықпен қарау мүмкіндігі кең таралған. Еннің қабыну ауруларының нәтижесінде немесе vas defferens немее эпидидимис окклюзиясы басталатын аурудың нәтижесінде спермаға қарсы ауто-антиденелердің түзілуі бедеуліктің келесі кең таралған себебі болып табылады.

Қынап пен мойын шырышының (слизь) тыныштандырушы қабілетін анықтау реакциясын антисарысудың сперматозоидтарды ты­ныштандырушы қабілетімен салыстыра отырып жүргізеді.

Қалыпты эякуляттан басына басы үлгісімен сперматозоидтардың бірін-бірі жабыстыру тенденциясы байқалады. Бұған қоса, эякулятта агглютинацияны «спермоагглютининмен» тежейтін қосымша фактор әрекет етуі мүмкін. Ұрық көпіршіктерінің секреті басына басы үлгісімен сперматозоидтарды жабыстырады, ал қуық безі мен ен қосалқысысекретінің мұндай қасиеті жоқ.

Сперматозоидтардыңкүрделі антигендік құрамы болады. Олардың басы мен құйрығына тән температурасы өзгергіш -термолабилді анти­гендер бар; басына да, құйрығына да ортақ болатын үшінші және төртінші термолабилді антиген бар.

Ұрық плазмасында 9-дан 23-ке дейін әр түрлі антигендер болады. Қан тобының антигендері, трансплантациялық антигендер және сперматозоидтарды жабатын антигендер бедеуліктің себебінде белгілі рөл атқарады. Жұбайлардың изоантигендік сәйкессіздігі, мысалы, қан топтарының генетикалық жүйелерінің антигендері (ABO, Rh=, Нr, Рр және басқалары) бойынша және НА жүйесінің ткань сәйкестігінің аллоантигендері бойынша айырмашылықтары, сірә, факторлардың әйелдің жыныс жолындағы сперматозоидтарға әсер ету жолымен бедеулікке әкеп соқтыратын болса керек.

Радиоизотоптық зерттеу әдістері. Сперматогенді эпителийдің зақымдануына диагностика жасауда тестикул-сканирлеу ен тканінің препаратты жинау сипаты мен дәрежесіне сандық және сапалық анықтама береді, бұл оны диагностиканың баска әдістерімен салыстыруға мүмкіндік жасайды.

Аспаппен зерттеу әдістері. Артқы уретриті, везикулиті және простатиті бар науқастарға уретроскопия қолдану ұсынылады.

Қуық безінің ауруына, оның шығару өзектерінің қуыс болып көрінуіне (жалған абсцесс), ұрык көпіршіктері мен ұрық шығаратын өзектердің зақымдануына байланысты өрлемелі уретроцистография үрпінің девитациясы мен қуықтүбінің деформациясын табады.

Везикулит пен азоспермия кезіндегі генитография немесе деферентовезикулография.Ұрық шығаратын жолдар стенозының орны анықталады, бұл олардың өткізгіштігін қалпына келтіру жөніндегі операцияның сипатын анықтайды.

Бастапқы және ақырғы гипогонадизмді анықтау үшін ұрық шығаратын жолдарға микрохирургиялықоперация жасау алдында Лейдиг клеткалары мен сперматогенді эпителийдің күйін анықтау мақсатында аспермияның обтурациялық және обтурациялық емес формаларын жіктеу қажет болғанда енге операциялық биопсия жасау ұсынылады.

Еркектің бедеулігін емдеу

Еркектің бедеулігін емдеу үшін операциясыз және операциямен ем­деу әдістері қолданылады.

Бұл бағыттағы жалпы әсер ретінде салауатты өмір салтын, жақсы ұйықтауды, белоктар мен витаминдерге бай дұрыс тамактануды, сондай-ақ ауруды өршітетін зиянды факторларды (шылым шегу, алкоголь) жоюды ұсыну қажет.

Операциясыз емдеу.Әдеттен тыс созылмалы простатиті бар науқастарды операциясыз емдеу ұсынылады. Әдеттен тыс созылмалы эпидидимитті емдеу.

Операциямен емдеу. Микрохирургиялық техниканы қолдана оты­рып, ұрық шығаратын жолдарға реконструкциялық-пластикалық опе­рация жасау.

Вазовазоанастомоз хирургиялық жолмен бөлгеннен кейін ұрык шығаратын өзекті стерильдеу мақсатында қаппына келтіру үшін колданылатын ең қарапайым операция. Бұл операция сондай-ақ өзекке облите­рация жасаумен аяқталатын, этиологиясы түрліше деферентивтен кейін немесе жарақаттанудан кейін де қолданылады.

Сперматозоидтардың еннен қосалқының басына бөлінуіндегі және өзектің, қуысы сақталғандағы вазоэпидидимоанастомоз.

Анестезия жасау арқылы эпидидимодеференциалды тұзақты бөліп алады. Ұрық шығаратын өзекті қуысы жоқ тұстан, дисталды кеседі. Өзекті қуыс көрінгенге дейін біртіндеп өткір ұстарамен көлденеңінен кесіп, оған ұрық төбешігіне жеткенге дейін нейлон жіпті 15-20 см өткізеді. Кесілген қосалқыдан бөлінетін сұйықтықты микроскоппен тексереді. Жарақаттан сперматозоид табылатын жағдайда қосалқыны алдын ала ұзындығын бойлай кесілген ұрық шығаратын өзектің 5 см ұшына бейімдейді. Нейлон протезді қосалқының құйрық бөлігі арқылы сыртқа шығарады. Жарақатты қабаттап тігеді.

Ұрық шығаратын өзектің учаскесін немесе ен қосалқысын кескеннен кейін анастомоздың жиегін дәл салыстыру, ен қосалқысын қабаттап тігу, ұсақ тамырларды, нервтерді сақтау экскреторлық бедеулік кезіндегі микрохирургиялық техниканың жетістіктеріне жатады.

Қабыну облитерацияларына операциясыз терапия жасау ұрық шығаратын жолдардың тыртығының үнемі бітіп кетуіне себепші бола бермейді. Емдеу жан-жақты және патогенезді болуы тиіс.

#Еркектердің #бедеулігі