Әкімге карантин жүрмей ме: БҚО-да ауыл әкімі ұлына дүркіретіп той жасап берді
БҚО-да ауыл әкімі ұлына мейрамханада үлкен той жасап берген.
Белгілі болғандай, үйлену тойы өткен жексенбі болған.
Куәгерлер «Мой город» редакциясына қонақтардың камераға түсірген үйлену тойының видеосын жіберді. Айтуларынша, Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің ұлының тойы өткен. Журналистер Ақжол ауылдық округінің әкімі Татжан Өтемісовке хабарласа алмаған.
Ақжайық ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ердос Үмітов Ақжол ауылдық округі әкімінің ұлы Татжан Өтемісовтің үйлену тойы туралы бүгін, 26 қазанда ғана білгендерін айтты.
«Бұл — ыңғайсыз жағдай. Татжан Өтемісов еңбек демалысына кеткен. Барлық әкімдер карантин шаралары жайлы біледі. Арнайы мониторингтік топтар бар, олар барлығын қадағалып отыр, шараларды сақтауды қамтамасыз етуде. Еңбек демалысынан шыққан соң, бұл мәселені заң жүзінде қарастыратын боламыз. Алайда 30 қазанда ауыл әкіміне сайлау өтеді, кандитаттар ішінде Татжан Өтемісов жоқ», — деді Ердос Үмітов.
stan.kz