Қазақ қоғамындағы «би» ұғымы | туралы қазақша
«Биді» — ерте заманнан үстем тап арасынан шыққан әлеуметтік топтардың ұғымдық әрекетіне, енді бірде әлеуметтік-мәдени мазмұны мен бағдары басым тарихи-этникалық бағдарға балаған. Қазақ халқының тарихында «би» сөзі ежелгі түркінің «бек», қырғыздардың «манап» ұғымдарымен үндес, мәртебесімен ұқсас деген болжамды көрнекті ғалым Бартольд В.В. ұсынды. Ғалым-тарихшы Н. Мыңжан «Қазақтың қысқаша тарихы» кітабында (Алматы: Жалын,1994) «ми» деген сөзді ежелгі түркілердің көп қайталайтындығын, ал жапондықтар бұл терминді хан әулеті дәуірінде «би» деп дыбыстағанын айтады. Жапон ғалымы қытайдың «куньмо» — сөзіне жан-жақты талдау жасап, оның «хан би» дегенді білдіретіндігін айқындайды.
Би — дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық ыңғайдағы үстемдік іспетті. Қазақ қоғамының тарихында би ұғымы, негізінде, төрт мағынада — елге иелік етуші, төреші-сот, батагөй шешен, ел бітістіруші елші ретінде қолданылды. Ғалымдар (С. Зиманов, Н. Мыңжан, Қ. Салғарұлы, Ә. Байбатша, Е. Омаров және т.б,) көшпелі қазақ қоғамында жеті сатылы басқару жүйесі болғанын атап өтеді. Мысалға, ауылдарды — ауыл ағалары, ақсақалдары, руларды — ру басылары, тайпаларды (арыстарды) — билер, ұлыстарды -сұлтандар, жүздерді — кіші хандар, үш жүзді — ұлы хан басқарған. Тарихымызда биліктің бұл түрлері жаңарып отырған, Өйткені жеті атадан тараған бірнеше ауыл бір аймақты, 13 — 15 атадан қосылатын аймақтар — бір ру, рулар — тайпаны (арысты), арыстар — ұлысты, ұлыстар — жүзді, жүздер — халықты құраған. Қазақтың тарихында ру-тайпалық қатьшастар кең таралған және ел басқарудың көне түріне жатады. Сол ру-тайпаларды негізінде билер, батырлар басқарды. Ел басқарған би-батырлар көп болған және көне дәуірден өз салт-дәстүрін сақтаған. Талабы таудайлардың міні аз, жарастығы саз болды. Махамбет айтпақшы, «екі кісі тең барса, онды төре береді, ақылға жетік би адам» өмірге келеді.
Билер — әлеуметтік мәртебесі үйлес, саяси билікті жүргізу тәсілдері ұқсас, бірақ кісілік қасиеттері әрқалай үстем еткен тарихи тұлғалар немесе сол тұлғалар бейнесінің жиынтығын білдіретін ұғым. «Би» деген ұғым нені білдіреді, неге меңзейді? Қазақтар оны неге құрмет тұтқан?
Би — әлеуметтік қарым-қатынастағы ірі қасиеттер мен тыңғылықты қызметті бойына жинаған тұлға. Ол тектілерден — бай, ықпалы күшті ру басылардан, тақуа ортасынан шыққан бекзада, құрметті адам. Халық қалағанда ғана би билік жүргізе алған. Ия, билер адамгершілігі мен үлгілі әділеттілікке деген қатаңдығымен халықтың алдында ерекше беделге ие болды.
#Қазақ #қоғамындағы #би #ұғымы