Ежелгі Қытай тарихы мен мәдениеті туралы қазақша
Қытай — көне тарихтың, мәдениеттің, философияның елі. Ежелгі Қытай өркениеті, яғни Яншао мәдениеті Хуанхэ өзенінің алқабында б.д.д. бес мың жыл бұрын қалыптасқаны туралы мәліметтер бар. Егер оның даму кезеңдерін анықтаушы негіз ретінде саяси-экономикалық қатынастарды, мемлекет түрін және мәдени кезеңдерді алсақ, онда Қытай тарихын төмендегідей сатыларға бөлу түсініктері қалыптасқан: архаикалық Қытай (ерте неолиттен мемлекеттің пайда болуына дейін); алғашқы мемлекеттердің пайда болған кезін қамтитын ежелгі Қытай (б.д.д. XVI-XI ғғ., Шан-Инь (б.д.д. ХVIII-ХII ғг.), 2. Чжоу-Батыс Чжоуы (б.д.д.ХII-VIII ғғ.), 3. Чжоу-шығыс Чжоуы-Лего («ұсақталған мемлекеттер»), 4. Чжоу-шығыс Чжоу — Чжаньго («күрескен мемлекеттер»), 5. Цинь империясы (б.д.д. 221-206 жж.), 6. Хань империясы (б.д.д. III ғ. аяғы мен II ғ.). Қытай мемлекетінің алғашқы үш кезеңінде жоғары басқарушы принципін «шан-диді» «құдіретті көк аспан» ұғымымен теңестірген.
Ежелгі қытай философиясын түсіну үшін Қытай халқының мәдениетін, Қытай мемлекетінің тарихын, Қытай қоғамының қалыптасу кезеңдерімен жақын, жіті танысу шарт. Мұңда б.д.д. бір жарым мың жыл бұрын ШанИнь патшалығы кезінде (б.д.д. ХVІІ-ХІІ ғғ.) шаруашылықты жүргізудің құлдық қауымдастық түрі қалыптасады. Соғыста тұтқындалған құлдар мал мен жер шаруашылығыңда кеңінен пайдаланылды. Б.д.д. XII ғ. Шан-Инь патшалығын Чжоу тайпалары тас-талқанын шығарып, өздерінің династиясын б.д.д. III ғ. дейін сактайды.
Қола дәуірінде Хуанхэ өзенінің алқабында б.д.д. V-IV мыңжылдықта, неолит дәуірінде Ежелгі Қытай мәдениеті нышандары қалыптасады. Кейбір мәліметтер бойынша, өркениет нышандары одан да бұрын із қалдырған. Қытайдың солтүстік, орталық аймақтарында (Хэнань, Хэбэй, Шэньси) б.д.д. VI мыңжылдыкта қоныс тепкен тайпалар тас өңдеу техникасын меңгерген, қоңыр түсті, дөрекі өңделген қолөнер бұйымдарын жасаған, ит, шошқа өсірген, тары егіп, өнім жинауды үйренген.
Яншао мэдениетін құрайтын орталық-оңтүстік өңірде б.д.д. 5000-3000 жж. арасында кұрылысы біртекті үйлер салынған, қызыл саздан жасалған тостаған, құмыра және т.б. ыдыс-аяқтар табылған. Қытайдың шығыс бөлігінде балық аулау, ит, шошка, буйвол өсіру дағдыға айналған. Олар түрлі геометриялық ою-өрнектермен, адамның бет-бейнесімен, балық, бұғылар және жазу өнерінің белгілерімен безендірілген, күріш егіп қоректенген. Мұндай тіршілік арнасы қоныс тепкендердің бірыңғай әлеуметтік жағдайда өмір сүргенін аңғартады.
Яншао мәдениетінің батыстағы жалғасы б.д.д. 3300-2050 жж. ішкі Моңғолия аймағында мыс, қола, алтын және күміс өндірілген, олармен бұйымдарды әрлеп әшекейлеу орын алған. Нефрит бұйымдар жасау Лянчжу (б.д.д, 3300-2200 жж.) мәдениетінде жоғары деңгейге жеткен. Бұйымдарды жасау техникасы жетік, оның көркі әсем де, әсерлі болған. Нефриттен жасалған заттар нышандық сипатта, яғни ақсүйектерге арналған. Нефрит әлеуметтік мәртебе нышанын білдірген. Саяси, діни және әкімшілік иелерін ажырататын рәсім ретінде қолданылған.
Луншань мәдениеті (б.д.д. 3000-2000 жж.) Хуанхэ өзені аңғарында дамыған. Бұл кезең — неолиттен қола дәуіріне өту кезеңі. Қола дәуірінде өнімдердің саны да, сипаты да, қолданыс мазмұны да артты. Мамандар шаруашылық, ас үйлік, асханалық және жерлеу рәсімдеріне арналған іс-шараның 32 түрлерін тізіп берген. Неолит дәуірінің кешенінен ең көп табылған материалдық мәдениет үлгілері — керамикалық бұйымдар. Керамикалык бұйымдардың көп таралғаны соншалықты, олардың жасалу және әшекейлеу құпиясы әлі күнге дейін жұмбақ қалуда. Онда ұлттық әшекейлі-қолданбалы және бейнелеу өнерлерінің барлық түрлері кезігеді. Жанр бастауларына — кескіндеме (бояу қолданып керамикалық бұйымдарды әрлеу), ұсақ пластика мен мүсіндеу (жануарлар барынша шынайы бейнеленген шарап ішетін көзелер) қамтылған. Осы кезде космологиялық және діни ұғымның қалыптаса бастағанын аңғарамыз. Полеолит дәуірінде нефрит діни және саяси биліктің нышандық белгісі ретінде жоғары бағаланды. Ақ түстен қоңыр-жасыл түске түрленетін нефрит жер астына және аспан әлемдері арасын жалғастыратын зат ретінде қарастырылып, оған сиқырлы қасиет таңылады.
Металл өңдеу өнері Ежелгі Қытайда неолит дәуірінде басталады. Яншао мәдениеті кезінде, яғни б.д.д. 4700-3000 жж. металдан, мыстан, қоладан жасалған бұйымдар табылған. Қола дәуірі б.д.д. 3000 ж. күшіне енеді. Айналар, әшекей бұйымдар, қару-жарақ, өндіріс құралдары, әр түрлі үй заттары Хошаогоу мәдениетінің негізін әрі мақтанышын құрайды. Ендігі қолөнер бұйымдары балғамен соғып қалыпқа келтіру емес, қалыпқа құю әдісімен жасалады. Қалыпқа құю әдісі Шаң әулеті кезіне сәйкес келеді. Бұл кезде қола бұйымдары көп және әр түрде жасалады. Ол дегеніміз, (I) діни және саяси билік басындағы ақсүйектердің байлығын және олардың қоланы қасиетті көріп, бағалағанын аңғартады, (2) құю металының жеткілікті болғанын, жоғары температурадағы ыстықпен қамтамасыз ететін ошақтардың тұрғызылғанын, балқыған металға төзімді қалып салынғанын және олардың кең таралғанын аңғартады. Содан карапайым еңбек құралдары (біз, бұрғы, балық аулайтын қармақ, балта, қанжар, жебе ұштары т.б.), музыкалық аспаптар, құрбандық азықтар біржағы нақты мұктаждыққа арналды, сондай-ак діни-рәсімдік міндеттерді атқаруы кездейсоқ емес.
Б.д.д. II мыңжылдық аралығында, яғни көне патшалық пен империялардың құрылу кезінде шандық өнер құдіретті наным-рәсімнің құрамдас бөлігіне айналды. Шандық өнерде көктегі билік, бабалар аруағының билігі, ел басқарушылардың билігі тұтас көрінісі мен жүйелі байланысын таба бастайды. Биліктің тұтас байланысы космосқа да, қоғамға да, яғни әлемде мәңгі деген наным-сенімдер қалыптасты. Шан билігі кезіндегі әдет-ғұрыптар алып күштер ықпалынан туындайды. Шан патшалығы кезіндегі өнер куатты шоғырландыру түріне айналады.
Шань (Инь) патшалық кезінде б.д.д. ХVІ-ХІ ғғ. материалды мәдени ескерткіштер көбінен салынады. Мұның өзі мал мен егін шаруашылығының жоғары дамығанын, олардың тұрақты өмір салтына көшкендігін аңғартады. Заттай жіктелу де, басқарушылардың (вандар), патшалардың («аспан ұлдары») мәртебелі деңгейге жетуі де осы аралықта нығаяды. Табылған ыдыстардың ең үлкені 875 кг салмақ тартқан, ал биіктігі 133 см-ге жеткен.
Оңтүстік өңірден қола, керамика жән нефрит бұйымдары қатар табылған. Мысалыға, б.д.д. ХІІІ-ХІ ғғ. жататын мәдени мұралардың ішінде 450 қола, 356 керамикалық және 150 нефриттен жасалған бұйымдар болған. Мұттың өзі металл балқыту, оюлау, шекіме жасау, тек мыспен ғана емес, енді алтын, күміспен безендіру техникасының жетілгендігін көрсетеді.
Бұл аралықта егін шаруашылығымен айналысатын қауымдастықтар тұрақты мекен-жай және еңбек түрін тапты. Жер өңдеу, егін егу мәдениет түріне айналғанда үлкен өңірді басқаратын қытайлық династиялар, алдымен Ся династиясы (б.д.д. XXII ғ.), одан күшті Шан династиясы (б.д.д. XVIII ғ.) қалыптасты. Қытайлықтар өздерінің ұлттық тарихын екі кезеңмен: ежелгі бес данышпан мемлекет басшысы болған уақытпен және Қытайда бірінші болған, этникалық бірігулер негізін қалаған Сары император (Хуан-ди) дәуірлерімен байланысты қарастырады. Ғылыми әдебиеттер Қытайдың ежелгі мемлекеттік құрылымының тарихын Шан-инь әулетімен ұштастырады. Осыдан императорлар династиясы өздерінің мемлекеттегі биліктерін күшейтті. Императорлардың кейбірі ақсүйектік тұқым мен дәстүр қуалап ғасырлар бойы билігін жалғастырды. Басқа біреулердің династиясы ондаған жылдар ғана созылды. Шаруа қозғалысын басқарған немесе елде ерлігімен өзін танытқан танымалы батылдар императорлық таққа орнықты.
Ежелгі Қытай династиялық басқарудың жетілу, түрлену кезеңдері әрқалай. Солардың атышулысы Чжоу дәуірі (б.д.д. XI — III ғғ.), Цинь империясы (б.д.д. 221-207 жж,), Тан династиясы (VІІ-Х ғғ.), Сун династиясы (Х-ХІІІ ғғ.).
Ежелгі Қытайдағы Чжоу дәуірінде экономика дамыды, сауда-саттық қарқындады, орталық әкімшілік билігін күшейтті, жерді мұраға ұрпағына қалдыру мүмкіндігі артты. Осы дәуірде кунфу-цзы философиясы, этикалық-саяси ілімі қалыптасты. Ежелгі Қытайдың рухани саласына тән жетістіктер: өзіне тән ерекшелікті білім деңгейінде және сауаттылық үрдісінде қастерлеуде; алғашқы болмыстық ретсіздікті, түсініксіз ұйқы-тұйқылықты әлемдік қарама-қарсылық күштер (Инь-Ян) арқылы реттеушілік; табиғи апаттар мен адамды одан құтқаратын батырлар туралы аңыздар кең таралған; осы кейіпкерлердің басым бөлігін ежелгі қытайлықтар жартылай адам, жартылай жануар түрінде бейнелейді; ертечжоулық уақытта адам санасында ата-баба әлемінің құдайлар әлемінен, ата-баба культінің Бас кұдай культінен біртіндеп ажырауы жүзеге аса бастайды; неолит дәуірінде ежелгі қытайлық елді мекендерде жерлеу ырымдары, күрделі наным-еенімдер, рәсім-салттар жүйесі қалыптаса бастайды; билік иелері әулеттеріне қарай әр түрлі кезендерге бөлу орын алады. Қажет деп түсінген, қажеттіліктен туындаган саналы көзқарастар дүниетаным мен адамтануды қатар өрбітеді. Аттары аңызға айналған «бес император» билігінен кейін «үш әулет» (Ся, Шан-Инь, Чжоу) билігі орнайды. Дәстүр бойынша Чжоу тарихи заманы да Батыс Чжоу (б.д.д. ХІ-УІІІ ғғ.) жэне Шыгыс Чжоу (б.д.д. VIII — III ғғ.) болып бөлінеді.
Ежелгі Қытайдағы рухани мәдениет б.д.д. IV — III мыңжылдықта қалыптасқан өнерден, ғылымнан, философиядан және тәрбие-білім жүйесінен құралады. Ежелгі Қытай мәдениеті (I) жер бетіндегі осы дүниенің практикалық тіршілігіне, (2) қалалық өмір салттың даму қарқынына, (3) білімділік пен сауаттылыққа байланысты. Ежелгі Қытай гуманитарлық факторға, әсіресе адамның қабілетін жетілдіруге ерекше мән берген. Адамды аспан мен жердің дәнекері, дүниенің бірлестігін қалыптастыратын үштіктің- «аспан-адам-жердің» белсенді кұрамы ретінде қарастырды. Алғашқы қоғамның қалдықтары, қоғамның бірқалыпты дамымауы, саяси құрылымның алуан түрлігі негізгі ұстанымды нәтижелі жүзеге асыруға кедергі жасады. Айналымға егін және мал шаруашылығының өнімдерімен қатар, өндіріс пен құрылыс материалдары, қолөнер жетістіктері араласты.
Өндіріс пен өнімдер, сауда-саттық жұмыстары қалаларда шоғырланды, қалаларды өсірді. Қалалар арасында су транспорты, қарым-қатынастың басқа түрлері жетілді. Темір ақшалар түр-түрімен пайдаланылды. Егін шаруашылығының қарқыны да, түрлері де қарқындай тез таралды. Қалалар мен мемлекеттер арасында мәдени байланыстар, тілдер тобы, сөйлесу мәдениеті дамыды.
Әйтсе де, дүние туралы білім жүйесі реттелінген сайын, қытай халқы мифологиялық санадан біртіндеп арыла бастады, оның салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары діни-этикалық нормаларга айналды. Діни-этикалық нормалардың ерекшелігі: (I) Ежелгі Қытайда халық аспан еркінің жаршысы деп жарияланып, рухтарға қарағанда халыктың жағдайына ерекше мән берілді; (2) Табиғат пен адам жанының үндестігі, табиғатты аялау, оған деген балалық махаббат сезімі халықтық мәдени туындыларды одан әрі нәрлендірді; (3) Мәдениетті жасаушы күш жеке адам емес, қауымдастық, қоғам, мемлекет болып танылды. Егін шаруашылыгы мен сауда-саттық жұмыстары аспан жұлдыздарының қозғалысын үнемі бақылауды мұқият жүргізуді үйретті. Ай мен күннің тұтылатын уакыттарын болжай, жұлдыздар қозғалысының қайталайтынын есептеген. Ай жылын пайдаланған. Б.д.д. 613 ж. Галлея кометаның қозғалысын байқаған, ал б.д.д. V г. жұлдыздардың тізімі жасалынған.
Жаңалықтар ежелгі Кытайда жаратылыстану (дүниенің бес бастамасы туралы) түсініктерін қалыптастырды, мәдениеттің дамуына өзіндік әсерлерін тигізді. Мәдениет тарихына тереңірек үңіліп қарасақ, табиғат дүниесімен етене, байланыста болу, ерекше сезім-сеніммен қарау қытай халқының бойында қалыптасқан табиги қасиет іспетті. Бұл тұйық дәстүр мен қауымдаскан жүйе ғасырлар бойы, яғни XVII ғ. дейін өзгермей келді.
Наным-сенім, ғылым, алғашқы философия, философия және тәрбие рухани мәдениеттің көне бір тармақтары. Алғаш тотемистік және анимистік наным-сенімдер басым болды. Аруаққа, Аспанға (Тянь) табыну рәсімдері түрлі мифтерде кеңінен уағыздалды. Табиғаттың бес элементі (ағаш, жер, су, от, металл), қарама-қарсы қос күштер — Инь-Янға байланысты ілім біртіндеп үстемдік етті. «Шуцзин» — «Тарту кітаптары» (б.д.д. ХІV-ІІІ ғғ.), «Изин» — «Өзгерістер кітабы», «Шицзин» — «Әндер кітабы» (б.д.д. ХVІ-VII ғғ.) таралды.
Яншао, Луншань типтес керамикалық ыдыстар, ағаш сәулетінің негізін жасау қалыптасты. Рәсім-салтқа ықшамдалған қола ыдыстар, каружарақтар, сүйек пен нефритті ойып әшекейлеу б.д.д. ХVІ-ХІ ғғ. керамиканы жасаумен қатар өрбіді. Бертін келе суару жүйесі жетілді, бронзалық ыдыстар мен айналар жасалынды. Б.д.д. V-ІІІ гғ. кезінде тәтті тағамдар, жібек маталар таралды. Б.д.д III ғ. Ұлы Қытай қамалы, Лоян, Чэнду сияқты қалалар салынды. Хань дәуірінде сәулетшілер туралы «Чжоули» трактаты жазылды.
Түрлі мәліметтер жазу өнеріне қатысты. Қытайда жазба өнері қағаздан бұрын пайда болғаны мәлім. Қытайдың жазба дәстүрі шартты төрт фактордан — заттық түрді белгіге айналдырар қиялдан, қиялды абстрактылы геометриялық стилге ендірген шығармашылықтан, белгі мен қиялды бір ретке келтірген тәртіптен, ойыннан құралады, Содан жазба алдымен сурет көрінісі тұрғысынан, кейіннен иероглиф ретінде қалыптасты. Қытай жазбашасы жоғарыдан төменге, оңнан солға, парақтың соңынан алғашкысына жалғасатын ашық жүйе. Адамның мәдениетімен қатар иероглиф саны мен олардың өзара байланысы үнемі толып, жетіліп отырды.
Ежелгі Қытайдағы жазу үлгілері б.д.д. ХІV-ХІ ғғ. қалыптасып, жетілген деген болжамдар бар. Алғаш үй жануарларының сауырына, тасбақа сауытына маңызды істерге катысты шешімдер, билікке қатысты маңызды мәселелер, соғыс жорықтарының сәтті немесе сәтсіз жақтары, егін өнімі туралы құдайларға қойылатын сұрақтар, бал ашу үрдісінде пайда болған мәтіндер жазылған. Жазбаша өнері ақыл-парасат еңбегін дене еңбегінен бөле жіктеді, жазбашамен арнайы шұғылданатын шежірешілерді, хаттамашыларды (ши) қалыптастырды. Жазбаша емгерлікті (у) жетілдірді.
Білімнің калыптасуына, ойлануды жетілдіруге математиканың, астрономияның, жазбаша шығармалардың атқарған рөлі ерекше. Ыдыс-аяқ, қолтаңбалы өрнек саласында арифметикалық және геометриялық нақтылық, сандық есептеушілік қалыптасады, шыңдалады. Бір хаттамада Хуан-ди патшалығы кезінде алғашқы математика туралы жазба еңбек пайда болған делінген, ал енді бір мәліметтерде Чжоу дәуірінде математика туралы оқулық өмірге келген деген болжам бар. Көркемдік-мифологиялық бейне, көркемдік өнер және стиль ерекшелігі қытайдың көне текстерінде сакталынған.
#Ежелгі #Қытай #тарихы #мен #мәдениеті