Құран жүктеулі ұялы телефонмен әжетханаға кіруге бола ма?

0

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ескі фиқһ кітаптарында «Құран жазулы жазбалармен қалтада салынған күйі немесе бір нәрсеге ораулы болған күйі әжетханаға кірудің ағаттығы жоқ. Әйтсе де, мүмкін болса, сыртқа таза бір жерге қойып, одан соң кірген абзалырақ» делінген. Ұялы телефонның ішіндегі арнайы «папкаларда» сақтаулы Құран Кәрімді де осыған салыстыруға болады. Ұялы телефон – ішіндегі Құран үшін бейне бір қалта іспетті. Ондай телефонды алып кірудің ешқандай ағаттығы жоқ. Тек, кірерде экран бетінде Құран парағының ашық қалмауына мән берілгені дұрыс.     

Абдусамат Қасым