Оққа ұшқан палестиналықтар өлім хәлінде жатыр
Астана. 4 желтоқсан. KAZISLAM – «Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық ұйымы жарақаттанған аурулардың көптеп түсуі Газадағы медициналық мекеме жұмысын тоқтатып тастағанын мәлімдеді. Қазір мекеменің мүмкіндіктері шектелу үстінде, деп хабарлайды Al Jazeera.
Дәрігерлер израильдік әскердің оғына ұшып, жарақаттанған мыңдаған палестиналықтың хәлі ауыр екенін, оларға қажетті медициналық көмектің жеткіліксіздігі оларды өлімге итермелейтінін атап өтті. Газа секторындағы ауруханада пациенттерге қажетті дәрі-дәрмектер мен жараны таңып, емдеуге материалдық жабдықтар жоқ.
Газа денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, наурыз айынан бері 6 мыңға тарта палестиналық наразылық акциясы кезінде жарақат алған. Олардың 1 мыңға жуығы жарақат салдарынан инфекцияға шалдығып, өлім хәлінде жатыр.