Бортында Қазақстан жер серіктері бар «Falcon 9» зымыраны ұшырылды
Бортында қазақстандық жер серіктері бар «Falcon 9» зымыраны ұшырылды.
Америкалық миллиардер Илон Масктың «SpaceX» компаниясына тиесілі «Falcon 9» зымыраны желтоқсан айының 3-інен 4-іне қараған түні АҚШ-тың Калифорния штатындағы Ванденберг ғарыш айлағынан ұшырылған. Зымыран бортына 17 елдің 64 жер серігі тиелген. Олардың арасында қазақстандық екі спутник бар.
Қазақстандық қос спутникті қазақ-британ инженерлері құрастырған. Оның бірі жерді қашықтықтан бақылауға мүмкіндік беретін салмағы 100 келілік микроспутник. Екіншісі жердің иносферасын зерттеуге мүмкіндік беретін салмағы бес келілік наноспутник.