Қазнетте Ұлттық арна мен Тазабекке қарсы наразылық күшейді

0

Facebook әлеуметтік желісінде Мұхамеджан Тазабек жүргізетін “Talim trend” бағдарламасының «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан көрсетілуіне қарсылық акциясы басталды.

Журналист Ая Өміртай бастаған наразылық жүздеген адамның қолдауына ие болды.

«Осы бағдарлама эфирден әне шығады, міне шығады деп 2018 жылдан бері айтылып келген еді. Тұрсынжан Шапайдың “Жақсы-ақ етікші болатын жігіт екен” дейтіні бар.

ол айтпақшы сананы тұмандандыратын тәпсір әңгімесін өзінің инстаграмында айтсын! Біздің арналарға экология, табиғатты сақтау, адам құқығы, ғылыми танымдық бағытындағы бағдарламалар керек!

Бірігіп талап етейік! Үнсіз қалма!» деді Ая Өміртай.