Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру тіркелді ме: Министр жауап берді

0

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой оқушыларды дәстүрлі білім беру режиміне көшіруге қатысты пікір білдірді.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «коронавирус инфекциясын қайтадан жұқтыру фактілері тіркелді ме?» деген сұрақ қойылды.

«Қазіргі кезде осындай жағдайлар елімізде тіркелмеді. ПТР зерттеуді қайта жүргізу жағдайы болды, онда індетке қатысты оң нәтиже көрсетілген еді.

Осы орайда мұның бір бөлігі қайтадан көрінген вирустың бөлшектері екенін байқадық. Жалпы, індетке адамдардың қайтадан шалдығуы оқиғалары елімізде анықталмады», — деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, әлемде коронавирусты қайта жұқтырудан кейінгі алғашқы өлім Нидерландта тіркелді.

inform.kz