Ауаға бірдеңе шашты: Көкшетау көгіндегі тікұшаққа басқарма мәлімдеме жасады

0

Көкшетау қаласының тұрғындары аспанда ұшып жүрген белгісіз тікұшаққа байланысты шу көтерді. Дүрліккен халыққа Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы мәлімдеме жасады.

Басқарманың хабарлауынша, бұл 9-23 қазан күндері өтетін лаңкестікпен күреске қатысты облыстық жедел штаб әскери техника мен арнайы техниканың қатысуымен өткен жоспарлы жаттығулары екен.

Басқарма басшысы елді жалған ақпарат таратып, елді шошытпауға шақырды.

Айта кететін жайт, ауаға бірдеңе шашып жатыр деген жалған ақпараттар легінің қарасы әлі де басылар емес. Бұған дейін де осы тақырыпқа байланысты ақпар шыққан болатын.

newsroom.kz