Шекара офицері жолаушы көлігін қағып, екі адам көз жұмды

0
Шекара офицері жолаушы көлігін қағып, екі адам көз жұмды


Тәжікстанның Хорог қаласында шекарашы офицер жасаған жол апатынан екі адам қаза болды, оның бірі — аяғы ауыр әйел.

Тағы екі адам ауыр жараланған. Жол апаты 1 желтоқсанда кешке тіркелген. Офицердің ұсталғанын Тәжікстан құқыққорғау органдарындағы дереккөз растады. Оның айтуынша, Toyota RAV4 маркалы автокөлікті басқарған офицер маршруттағы жолаушы көлігін қаққан.

«Күдікті шекара қызметтерінің бірінде жұмыс істейді. Тергеу жүріп жатыр», — деді дереккөз.

Таулы-Бадахшан автономиялық облысы әкімдігінің бір қызметкері жол апатынан екі адам қаза тапқанын растады. Жараланған екі адам ауруханада жатыр. «ФерганаNews» агенттігінің хабарлауынша, жергілікті тұрғындар офицерді ұстап алып, жазалағысы келген, бірақ оған милиция қызметкерлері кедергі келтірген.

Дереккөз: centralasian.org