Ерке Есмахан: Бойымда махаббат тулап тұр

0

Ерке Есмахан әкесінің қазасынан соң желіде ұзақ уақыт көрінбей кетті. Әнші күні кеше желіде жазба жариялап, оқырмандарын қуантып қойды. Көңіл-күйіне ерік берген әнші көпшілікті ойландырып тастады.

Ерке қазіргі көңіл-күйін желіде жазды. Махаббат жайлы жазған әншіні желідегі жанкүйерлері талқылай бастады. Оны ғашық болды деп болжағандар басым.

«Дәл қазір жаным ән салып, жүрегім алып ұшып, ішімде көбелек, миымда тыныштық, кеудемде қуаныш, көзімде от, бойымда махаббат тулап тұр. Суретке қарап мүлдем олай деп ойламайсың», — деп жазды Ерке Есмахан.

Желідегі оқырман әншіден сүйіктісінің кім екенін сұрап жатыр.


«Көңіліңіз түспесін, сізге сабыр берсін, Алланың жазуынан артық ешнәрсе болмайды», «Бәрі жақсы болады, уайымға салынбаңыз», «Осылай көңіл көтеріп ұрыңыз», «Ғашық болдыңыз ба?», «Сүйіктіңізді көрсетіңізші», «Бақытты болыңыз, сіз жалғыз жүруге міндетті емессіз», — деді олар.

Айта кетейік, әнші асқар тау әкесінен айырылды. Қазадан соң желіден де, көгілдір экраннан да көп көрінбей кетті. Оны сағынған тыңдармандары жақсы тілегін арнап жазды.