Этникалық қазақ Путиннің кеңесшісі болды

0

Дағыстанның бұрынғы басшысы Владимир Васильев Ресей президенті Владимир Путиннің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.

«Васильев Владимир Абдуалиевич Ресей Федерациясы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалсын», — делінген дүйсенбідегі Путиннің жарлығында.

Васильев Дағыстанды 2017 жылдың қазанынан бастап басқарды, оған дейін, 2012 жылдан бастап Ресей Мемлекеттік Думасының вице-спикері болды, ол 2003 жылдан бері депутат болды. Тіпті одан бұрын ол Ресей Федерациясы Ішкі істер министрінің орынбасары, Ресей Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Этникалық қазақ — әкесі Али Асанбаев, шешесі — Надежда Васильева (орыс). Владимир Васильев туылған кезде Алик Абдуалиевич Асанбаев деп аталды.