Жөтел мен қызу, өзін нашар сезінді: Коронавирус жұқтырған Трамптың жағдайы белгілі болды
Коронавирус жұқтырған Дональд Трамптың жағдайы нашарлады, жөтел мен қызу пайда болды, деп жазады Vanity Fair.
Мақала авторының дереккөздерінің бірі Ақ үй 74 жасқа толған президенттің денсаулығына алаңдайтынын мойындады.
Дональд Трамп коронавирус пандемиясы жағдайында егде жастағы американдықтарды қолдауға арналған конференцияға қатысуы керек еді. Вице-президент Майк Пенс шараның модераторы болды. Ол президент ауруға байланысты шараға қатыспайтынын айтты.
Трамптың сайлауалды штабы президенттің қатысуымен өтетін барлық жоспарланған үгіт шаралары кейінге қалдырылды немесе виртуалды форматқа ауыстырылды деп жариялады.
Сонымен бірге, Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кайлей Макинани Ақ үй басшысы Америка халқына үндеу жасамақ ниетте екенін айтты.
Алдыңғы бейсенбі күні кешке Трамп пен оның әйелі Мелания Трампқа коронавирус диагнозы қойылғандығы белгілі болды. Мелания Трамп симптомсыз деп айтылады.
CNN хабарлауынша, Ақ үйде тағы екі адамға коронавирус диагнозы қойылған — журналист және баспасөз қызметкері. Бұл ақпаратты Ақ үй ресми түрде әлі растаған жоқ.