Түркістан облысының әкімдігі Lexus LX 570 соңғы үлгісін жалға алады. Не үшін?
Әкімдік элиталық жол талғамайтын машинаны тоғыз айға жалға алған.
Жалға алу құны төрт миллион теңгені құраған.
Бұл туралы liter.kz басылымына сілтеме жасап KzNews.kz хабарлайды.
Келісім бойынша жалдау әкімдікке 4 074 500 теңгені құрады (бұл жоспарланған сома) және ол тоғыз айға созылады: 2020 жылдың 1 сәуірінен 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін .
Техникалық сипаттамада Түркістан облысының әкімдігі элиталық жол талғамайтын көлік Түркістан облысының аумағында және Шымкент қаласында қолданылатындығын баса айтқан.
Lexus LX 570 сипаттамаларына сәйкес , ол міндетті түрде жаңа болуы керек — 2020 жылғы, түсті — қара металл, былғары интерьермен.
Бұл туралы сұраққа Түркістан облысының әкімдігі элиталық көлік туралы мәліметтер жоқ деп жауап берді.