Пандемия: Walt Disney 28 мың қызметкерін қысқартатынын мәлімдеді
Walt Disney 28 мың қызметкерін қысқартатынын мәлімдеді. Жұмыс орындарын көбіне АҚШ-тағы тақырыптық саябақтарда жұмыс істеген адамдар жоғалтты.
Disney басшылары өз шешімін ойын-сауық саябақтарына келушілердің едәуір төмендегендігімен түсіндірді және пандемияның қанша уақытқа созылатындығы белгісіз болғандықтан, Walt Disney индустриясының қаншалықты жақын арада толық қуатына қайта оралатынын болжау қиын.
Компанияның жұмыстан шығарылған қызметкерлерінің барлығы дерлік американдық саябақтарда жұмыс істегені хабарланған. Олардың барлығы дерлік коронавирустың таралуына байланысты 2020 жылдың басында жабылды.
«Біз барлық деңгейдегі саябақтардағы, ойын-сауықтағы және азық-түлік сегментіндегі жұмыс күшімізді қысқарту процесін бастау туралы өте күрделі шешім қабылдадық», — деді парктер бөлімінің бастығы Джош Д’Амаро.
Сондай-ақ, Walt Disney Шанхай, Гонконг, Токио және Парижде қысқарту туралы шешім әсер етпеген саябақтар бар.
2020 жылдың наурызынан бастап маусымына дейінгі үш айда Disney 4.7 миллиард доллар жоғалтты, өйткені саябақтар, ойын-сауық және өнімдер бөлімі 2019 жылдың осы тоқсанынан 85 %-ға төмендеді.
Джош Д’Амароның сөзінше, компанияның Калифорниядағы қиындықтары «штаттың Диснейлендтің қайта ашылуына мүмкіндік беретін шектеулерді алып тастағысы келмеуіне байланысты болды».
Дисней Калифорния билігін компанияға Диснейлендті қайта ашуға рұқсат беруге көндіру үшін жұмыс істейді. Бәрі ойдағыдай болған кезде жұмыстан шығарылған адамдар қалпына келе ме, жоқ па, ол әлі белгісіз.
Естерңізге сала кетейік, Уолт Диснейдің мультфильм суретшісінің шөбересі Эбигейл Дисней кедейлерге коронавирус пандемиясынан аман қалуға көмектесу үшін ауқатты адамдарға салықты көтеруді ұсынды.
Керімсал Жұбатқанов