22 Наурыз Құттықтау — тілек: Ұлыстың ұлы күні

0

Наурыз мейрамы құтты болсын! 22 наурыз бата тілектер құттықтаулар 22 наурыз мейрамы, наурызға тілектер, наурызға құттықтаулар, тілектер, өлеңдер, тақпақтар

***

22 наурыз мерекесі құтты болсын! Ата, асқар таудай ақылшым, бұл күні берген ақ батаң қабыл болсын! Немере-шөберелеріңнің қызығын көріп, көпті көрген тағылымыңмен бала-шағаның бағдаршамы болып жүре бер! Төрт түлігің ақты болсын! Өрісің малға, үйің жанға толсын! Әже, тәлім-тәрбиенің көмбесі, өнегең мен тәлімің түгесілмесін!Наурыз мерекесі саған дүниенің бар жақсылығын әкелсін! Әке, Ұлыстың ұлы күні 22 наурызсаған көктем күнінің күшін әкелсін! Шаңырақтың сүйеуі, отбасының тірегі болған сүйікті әкем, саялы бәйтеректей алақаныңнан жылу кетпесін! Ана, 22 наурызда шаңырағымызға береке, ырыс кірсін! Әз Наурыз әлемді тербеткен ақ жүрегіңе қуаныш пен шаттық сыйласын! Бала-шағаңның қызығын көруге жазсын! Бауырым , тай құлындай тебісіп бірге өскен ардақты жан, 22 наурыз күні арманың орындалып, көктем саған бар жақсылығын әкелсін! Отбасының еркесі, жанарымыздың нұры, ата-ананың ақ үмітін ақтап, өмірден өз орныңды тапқайсың! Досым, ыстық-суықты бірге көрген жанымның бөлшегі, саған көктем күнінің шуағын тілеймін! Келесі 22 наурызда да бір-бірімізге ыстық тілектер айтып отыруға жазсын! Әріптесім, 22 наурыз құтты болсын! Жеке өміріңе бақыт, жұмысыңа шығармашылық шарықтау тілеймін! Көк Тәңірі нұрыңды аяма, Жер тәңірі ырысыңды аяма! Әділ жанды тағынан тайдырма, Әз халықты бағынан айырма. Басыма бас қос, Жасыма жас қос, Асыма ас қос! Аяулы халқым, қыстан аман-есен шығып, наурыз мерекесін үлкен қуанышпен тойлап жатқан жалпақ жұрт, 22 наурыз мерекесі баршаңа жаңа бақытты өмір әкелсін! Ақ таңыңыз күлімдеп ата берсін, Қариялар кемсеңдеп бата берсін. Наурыз мерекесі күлімдеп кеп, Ұлыстың ұлы күні бақ әкелсін! Жылыстап жеткен Жаңа Жылымыз — төл мерекеміз 22 наурыз арда халықтың басына бақ құсын қондырсын! Молшылық, бақыт, береке, бірлік, бейбіт өмір тілейміз!

***

Күн мен түн теңеліп, көктем күшін асырған Ұлы күннің жеріме, күнім көктей жайнаған! Орманда құс сайрады жалындаған жастықтай Жаса Наурыз мейрамы! Ақ тілек бейбітшілік аман болсын! Елім, жұртым қадірлі аман болсын! Туғандай бір анадан жамағаттар Достыққа берік, мықты адал болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсақ жол болсын! Ұлы халқым тоқ болсын! Қайғы уайымы жоқ болсын! Қуаныштары көп болсын!

***

Жер-жаһанды сері самалға өткізіп, жұрттың аузын аққа жеткізіп, нұр тамшыларын аямай төккізіп, қиындықтың бәрін келер жылға өткізіп, Самарқанның көк тасын ерітіп, алтынкүрекпен жер жүзін жібітіп, тас жүректерді мейіріммен үгітіп, жеті қат жер астына дейін балқытып, жыл құстарының әнін шалқытып, Жетісуға жасылдан көйлек кигізіп, Сарыарқаны самал желге сүйгізіп, Алатаудың төбесінен көкке тигізіп, Қаратауға құт-берекені үйгізіп, ақ бұлақтарды ақтартып, шың-құздарды шаттанып, тізбектеп тырналарды, сүйгізіп сырғаларды, шоршытып балықтарды, шапшытып арықтарды, тербелтіп наз қайыңдарды, төгілтіп жаз жайында әнді, қаздарды қаңқылдатып, найзағай жарқылдатып, айтып ертегіңді, жайып желкеніңді, жетіп келген әз-Наурыз мейрамы құтты болсын!!!
***

Кең болсын қазағымның керегесі, кетпесін Алла берген берекесі, Алаштың баласына нәсіп болған, Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!

***

Көктің тынысын тыңдап, жердіңтамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Жылан жылы ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын!

***

Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі; Наурыз — адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан аман қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын Шаруа мерекесі; Наурыз — әрбір шаңыраққа шыраққа шырақ жағылып, «Қызыр түнін» күтіп, жақсылық құт-береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын Сенім мерекесі; Наурыз – жеті дәмнен Наурызкөже жасап, адамдардың бір-біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отыратын Ынтымақ-бірлік мерекесі; Наурыз – жыл бойы өткен-кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін Көңіл мерекесі.

***

Ұлыс бақты болсын, Төрт түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін, Бәле-жала жерге енсін! Ұлы халқым тоқ болсын, Көйлектерің көк болсын! Қайғы-уайым жоқ болсын, Қуаныштарың көп болсын!

***

Сізді және сіз басқарып отырған ұжымды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Елімізді өркендетуге, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған алқымды шараларды жүзеге асырудағы қажырлы қызметіңіз әр дайым табысты болып, ойға алған барлық арман, жоспарларыңыз орындалсын.

***

Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

***

Сіздерге деген шын жүректен бақыт пен құт-береке, бейбіт өмір тілектерімізді қабыл алыңыз. Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз. Барлық игілікті істер табыспен аяқталып, жемісті еңбек тек қана қуаныш әкелсін.

***

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін!

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.

Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз — көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол — өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.

Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.

Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!

***

Көне парсы тілінен қазақша аударғанда «Жаңа күн» деген мағына беретін Наурыз – жыл басы. Қыстың көбесі сөгіліп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып, жаңаратын, табиғат-әлем көгеріп, көктейтін шақ.

Қыстың қыспағынан құтылып, арқа-бас кеңейетін, мейрам-шаттыққа кенелетін осынау жайдарман шаққа жеткен әрбір жанды шығыстың жаңа жылымен құттықтаймын!

Наурыздың өзіне тән салтына бағына отырып, әрбіріміз өткен жылғы өкпемізді ұмытып, татуласайық. Үлкендердің ақ батасын алып, бір-бірімізге ізгі тілек айтайық. Наурызда айтылған барлық жақсы тілек орындалады деп жатады ғой, Наурыз барлығыңызға құт әкелсін!

***

Табиғат, жер-дүниенің жаңарып, жасанатын көктем мезгілінің ұлы мерекесі –

Наурыз құтты болсын!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Пәле – жала жерге еніп,

Қайда барса жол болсын! – деп бұрынғы ата-бабаларымыз бата жасап бет сипайды екен.

Бұдан артық қандай ақ тілеу болуы мүмкін!

Әр отбасына тыныштық, татулық, береке-бірлік, бақыт тілеймін!

***

Сіздерді келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Тек адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы –Ұлыстың ұлы күнінің баршамыз үшін жолы да, жөні де бөлек. «Туған ай – тураған етпен тең», әне-міне дегенше қар еріп, жылғалардан су ағып, табиғат жасарып, көктемнің саумал самалына ілесіп Наурыз да жетті. Амандық-саулық, ақ тілек, меймандостық, адалдық, молшылық, жалпы ұлтымызға тән тамаша салт-дәстүрімен паш етілетін Наурыз мейрамын өзіндік сән-салтанатымен, думанды тойымен, ән-жырымен қарсы алыңыздар.

Жастарыңыз ұзақ, көңілдерініз көтеріңкі, аспандарыңыз ашық болсын.

***

Күн мен түн теңелген,

Жер шуаққа кеңелген,

Наурыз келді әлемге!

Наурыз келсе, құт келгені, халайық!

Шашу шашып, ел боп қарсы алайық!

***

«Жеткен кезде Наурызымыз жапан біткен жаңғырар,

…Жер көгеріп, шөп қаулап, мерейін бір қандырар.

Күнге тосып арқасын жан-жануар албырар,

Аунап-қунап барлығы жерге түгін қалдырар.

Келе сала Наурызым жоқ нәрсені бар қылар!»

***

Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін — әз Наурызбен шын жүрегімнен құттықтаймын!

Күллі шығыс жұртына ортақ мереке — Наурыздың тарихы тым тереңде жатыр. Күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке біздің жан — дүниемізді шуаққа бөлейді, ой — ниетімізді таза арнаға бұрады. Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз, тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз. Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген де наным бар.

Қазіргі уақытта Наурыз жаңа сипатқа ие болды, ұлтына, діни сеніміне қарамастан Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Халықтар арасындағы достықты бекітуге, бауырластық қарым — қатынастардың нығаюына, әр ұлттың салт — дәстүрінің қайта жаңғыруына осы мейрам үлкен үлесін қосып отыр.

Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт — береке әкелсін. Баршаңызға амандық, саулық, дастархандарыңызға молшылық тілеймін!

***

Ұлыс күні құтты болсын,

Ақ кетпесін таңдайдан!

Ел іргесі мықты болсын,

Бақ кетпесін маңдайдан!

Аллаһу акпар!

***

Бай қылсын,

Төрт түлік сай қылсын,

Кетпес дәулет берсін,

Отауыңа сәулет берсін.

Бастарыңа бақыт қонсын,

Қастарыңа нөкер толсын.

Дұшпандарың жоқ болсын.

Көре алмаған қаскөйдің,

Іші күйіп шоқ болсын.

Ризық, нәсібің тасып,

Көңілдерің тоқ болсын.

Туған балаларың ер жетіп,

Өсіп үлкен ел болсын,

Бақталасың кем болсын.

Дәулетің шалқып, сел болсын,

Дастарқаның кең болсын!

******

Күн мен түн теңелген,

Жер шуаққа кеңелген,

Наурыз келді әлемге!

Наурыз келсе, құт келгені, халайық!

Шашу шашып, ел боп қарсы алайық!

*****

«Жеткен кезде Наурызымыз жапан біткен жаңғырар,

…Жер көгеріп, шөп қаулап, мерейін бір қандырар.

Күнге тосып арқасын жан-жануар албырар,

Аунап-қунап барлығы жерге түгін қалдырар.

Келе сала Наурызым жоқ нәрсені бар қылар!»

Оқи отырыңыз:

«Ақ жол» партиясы Асхат Аймағамбетовке «шабуылын» түсіндірді