Парламент депутаты онлайн жиналыста отырғанын байқамай әйелінің омырауын сүйген

0

Аргентинада видеобайланыс арқылы өткен парламент отырысы депутаттың іс-әрекетінен кейін тоқтатылды, — деп хабарлайды ИноТВ.

Депутат Хуан Эмилио Амери отырыс кезінде жанында отырған әйелдің омырауын сүйе бастаған. Оның кеудесі бірнеше уақыт жалаңаш тұрған. Мұны барлық заң шығарушылар үлкен экраннан көрді. Тиісінше кадрлар да әлеуметтік желілерде тез тарап кетті.

Осыдан кейін 47 жастағы депутат отырыстан шеттетілді. Ол сол кезде онлайн болғанын білмегенін айтып, ақталды.

Хуан Эмилио бұл оқиғаға өкінетінін және «өте ұялатынын» айтты. Америдің айтуынша, ол өз аймағында, әдеттегідей, Интернет өшкеніне сенімді болған. Ол сондай-ақ серігінің он күн бұрын кеудесіне имплант салғанын айтты.

Осыған байланысты депутаттар палатасының төрағасы отырысты тоқтатты. Оның айтуынша, коронавирус пандемиясында бейнеконференциялар кезінде депутаттар ұйықтап жатқан немесе әріптестерінің көзіне қараудан қашқан кездер болған, алайда қазіргі жағдай «шынымен де шектен шыққандық».

Tengrinews.kz