Қызметтік ит өзен жағасынан жоғалған алматылық әйелдің денесін тапты

0

Жоғалған алматылық әйелдің денесін Бутаковка өзенінің жағасынан қызметтік ит тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлаған.

Әйел 2020 жылдың 9 қыркүйегінде жоғалып кеткен.

Министрліктің хабарлауынша, 23 қыркүйекте 5571 әскери бөлімінің жедел жасағы 2020 жылы 9 қыркүйекте жоғалып кеткен азамат М.-ның іздестіру іс-шараларын жүргізуге қатысты.