Екінші толқында 42 500 теңге көбеюі мүмкін — министр

1

Карантинге байланысты жұмысынан айрылу кезеңіндегі төлемді Қазақстанда ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айтты.

«Жұмыспен қамтудың жол картасын жалғастыру, инфрақұрылымдық жобалар арқылы жұмыс орындарын сақтау және құру бойынша шаралар қабылданатын болады.» «Еңбек» бағдарламасы аясында субсидияланған жұмыс орындарының көлемін ұлғайту жоспарлануда.

Қысқартылған жұмыс режиміне көшу кезінде жалақының бір бөлігін ең төменгі жалақы деңгейінде өтеу немесе субсидиялау енгізілуі мүмкін. Карантиндік кезеңдегі жұмыссыздар үшін жұмысынан айрылу кезеңінде төлемдерді көбейту бойынша ұсыныстар енгізу жоспарланып отыр », — деді министр Мәжілістегі үкімет сағатында.